Файл: Трбие саатыны таырыбы азастаным жрегім, Тркістаным тірегім Сабаты масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстаным - жүрегім, Түркістаным - тірегім»
Сабақтың мақсаты:
Ежелгі қазақ хандығыны астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді оқушыларға дәріптеу, оларды Отан сүюге, ұлттық салт- дәстүр, әдет-ғұрпымызды берік сақтауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстанның картасы, Тайқазан, Түркістан, Қ.А.Йассауи кесенесінің суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, т.б.
Мұғалім сөзі:
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға тәрбиелеу.
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Ата-бабамыздың қолымен келген қасиетті тәуелсіздікті берік етер, іргесін сөкпей, алдыңғы отыз елдің қатарына жетелер XXI ғасырдың көшбасшылары, құрметті қонақтар, егемендігіміздің 27 жылдығы құтты болсын.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер көп. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі тәуелсіздіктің нәтижесі.
1 - жүргізуші.
Отан... Атамекен...Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.
2 – жүргізуші:
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан асыр даму көшінің өн бойында жер үшін,елі үшін сан дүрбелеңдер көп болған.Осындай дүрбелеңдерден кейін ыдыраған империяның орнына 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды.Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
1 – жүргізуші:
Қазақстанның табиғаты таң ғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдары, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдері ақ жол толқындары, асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізі, күні от шашқан шөлейіті, арналы өзен, ну орманды көруге болады.
2-жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер,
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
– дей отырып 8 сынып оқушыларының «Қазақстан жүрегім, Түркістаным тірегім» атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
1-жүргізші:
Түркістан-көне қала ғана емес, ірі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекеттігін құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарда тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістанның әрбір көшесі тарихи бертерге толы.
Ал енді сөз кезегін оқушыларға берейі
IV-X ғ Түркістан орнында Шағбар деген үлкен қала болған. IX-X ғ ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді. Сол кезден бастап Яссы, ал XV ғ –дан бастап Түркістан деп аталады. “Түркістан деген сөз – түріктер мекені, елі” деген сөз. Өйткені сол заман бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Сол кезден бастап қала түркі халықтардың діни орталығы болып келд
XVI ғ бастап Түркістан қаласы мен төңірегінде қазақ хандығының бөлігіне берілді . Қала көп уақыт қазақ хандығының орталығы болды. Жаугершілік заманында сыртқы жаулардан қорғану мақсатында қаланы айналдыра қорған салынған. Қорған мен қақпаның беріктігі сондай, кейде сырттан келген шапқыншылар бұза алмаған.
Ежелгі Түркістан қаласы қазақ топырағындағы сол кездегі саяси мәселелерді, дау-дамайларды шешу орталығы болған. Бұл қаланың түбінде мәр төбеде үш жүздің өкілі ылғи бас қосып, уәжге келіп отырған. Жер дауы , жесір дауы осы арада шешіліп, әңгіме өзек болға
Исі түркі халықтарының екінші меккесі атанған Түркістан аумалы-төкпелі заманда елге нық сенім беріп, діни және рухани беріктікті сақтап қалуға көмектескен рухани тазарту орталы болған.Оны қазақ жерінің әр жерінің тұкпірінен мінәжат етіп келген халық ауыр қасіретпен қиындықтан қорғайтын пана деп білге
Қазақстанның халық жазушысы Ш.Мұртаза «Киелі Түркістан» деген мақаласында былай деген: “Әр елдің, егер ол өз тарихын ,өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын бір мекені болды.”Мысалы, ол өзбектерде Самарханд, Бұхара, орыстарда Суздаль,Владимир,Иранда-Машхат.Ал біз үшін қазақтар үшін сондай рухани алып –Түркістан. Бүкіл қазақ халқы мойындайтын піріміз-Түркістан.
Қасиетті Түркістанға барғанда теңгесі жоқ Ахмет Иассауидің сөулетті ғимараты ерекше көзге түседі.Мұны Х1V ғасырдың алдында әйгілі Ақсақ Темір салдырған.Оның ені 46,5 ұзындығы 62,5 биіктігі 40 метрге жуық.Әр түрлі мақсатқа пайдаланатын 35 бөлмеден тұрады.Ортада қазандық деп аталатын бөлме бар.Осы бөлмеде салмағы 2тонна келетін ішіне 60шелек су сиятын үлкен «Тайқазан » орнатылған.Тайқазан 1399 жылы Түркістан шаһарынан 25 шақырым жерде Қарнақта 7 асыл металдан жасалған.
1935 жылы Санкт-Петербургте Иран өнері жөніндегі 3 халықаралық конгресс өтті.Конгреске байланысты Қазақстан үкіметінің рұқсатымен тайқазан Санкт-Петербургке жіберілді.Тайқазан әрмитажда ұзақ жыл тұрды.1939 жылы Тайқазан Түркістанға қайта әкелінді.Тайқазан-молшылықтың белгісі.
Қожа Ахмет Иассауи ХХ ғасырда өмір сүрген.Қазақ халқының көне мәдени тарихын айрықша орын бар.Бұхар қаласын діни білім алған кейін Түркістанға келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараған софылық діни мистикалық идеялардың насихаттаушы болды.
Ахмет Иассауидың бүгінгі ұрпақ жеткен шығармасы «Диуани Хикмет».Онда қазақ халқының ежелгі мәдениеті,әдебиеті,тарихы,этнографиясы,экономикасы жазылған.
Есімі ежелден ел жүрегінде сақталған,асыл сөздері зерделерде жататын инабаттылық пен имандылыққа шақырған адамгершілік биік мұраттарын уағыздаған ұлы ғұлама ,киелі әулие Құл-Қожа Ахмет Иассауидің халқымыздың рухани өмірінднгі өнегелі орны өзгеше жоғары . «Мадинада –Мұхаммед,Түркістанда –Қожа Ахмет».
«Мына бізге жәрдем ет,» деген аталы сөз, мәртебелі теңеу орынды айтылған.
1- жүргізуші:
Түркістанның «Екінші мекке» атануыда осы әруақты атамыздың бәтуалы бабамыздың бүкіл Түркі дүниесін нұрландыған шапағат шам шырағы екенін айқындайды.
Уа,көне көз Түркістан
Иассауиден бата алған
Ғажайып қай түр нұсқаң
«Кіші мекке» атанған
2- жүргізуші:
Қасиетті Түркістан жеріне барған қазақ халқы Арыстанбабтың қабіріне орнатылған кесенегеде бармай кетпейді. Арыстанбаб-ғалымдық діндердің бірі исламды түркі әлеміне танытушы,таратушы Мұхаммед Пайғамбардың ісін жалғастырущы дінге сыйынған зиратшылар «Арсытан бабқа түне,Қожа Ахметеке тіле!»-дейді:
Түркістанда түмен баб
Сіздермен медет тілеймін
Сайрамдағы санныз баб
Отырардағы отыз баб
Ең үлкені Арыстанбаб
Сіздермен медет тілеймін
Қазақтың жақсылары мен жайсаңдары сонау 1400-жылдардан бері дүниеден оза қалған жағдайда өздерін осы Түркістанға әкеліп жерлеуді аманат етіп отырған.
Қазірге дейін анықталған мәліметтерге қарағанда, қазақ халқының Түркістанда жерленген хандары мен билерінің, атақты батырларының саны 130-дан асыпты. Олардың 21-і хандар, яғни әртүрлі кезеңдерде ел басқарған асылдарымыз.
1-жүргізуші:
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялады.
2- жүргізуші: әдеби монтаж
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Шер батса — кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқанын ардагері - қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерің!
Қырағы Тянь-Шань мен Памир, Алтай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Кене мен Абылайдың жолын қумай,
Жапанда жайылудың мәні қалай?!
Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі - сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!
Даламның шынарындай
Санамның шырағындай
Бабамның тұмарындай
Алаштың тұрарындай
Бегімнің үранындай
Көгімнің қыранындай
Даңқымен сағындырған
Тегі үшін жұлқысқан
Көгі үшін қырқысқан
Төтеп берген бәріне
Төзімдісің Түркістан
Көз тіксе жарты ғалам
Асырған даңқын заман
Қожа Ахмет Йассауи
Жұлдыздай жарқыраған
Қазақтың ұлан жері
Ардақтап тұрар елі
Сан ғасырлар тәу етіп
Келіп жатты қанша жұрт
Армандарын тау етіп
Қайтып жатты тамсанып
Мақтанышы халықтың
Тұнығысың ойдың да
Бір парағы тарихтың
Жатыр сенің қойныңда
1-жүргізуші:
Түркістан ежелгі заманда да , қазірде үлкен саяси орталық. Бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес. Осындай бой көтерген зәулім кесене- Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бұл кезде ЮНЕСКО –ның «Қызыл кітабына» енгізілген. 2-жүргізуші:
Қасиетті қала кезінде шашыраған халқымыздың басын біріктіріп, елдігіміздің нышанын айдай әлемге паш етті. Мұнда қазақ хақының нар түлғалы түлғалары Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Малай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер жиі-жиі болып, елдің мәселесін қозғаған.
Жеңісгул:
Мәңгілік нұры жақын
Рухыңды ұғып халық
Көтерді көк туыңды
Бір сапқа тұрып анық
Сәт сайын сана халқым
Кемедей көрінесің
Айдында дара қалқып
Арайласа үрдістан
Жазирадай нұр құшқан
Түрлене бер, Түркістан !
Гүлдене бер, Түркістан !
1-жүргізуші: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры», Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
2-жүргізуші: Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
1-жүргізуші: - Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
2-жүргізуші: - Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.
Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
- Мы патриоты нашей старны
- We are patriots of our countries
1-жүргізуші:
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
2-жүргізуші:
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.