ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қосымша 1
№1 – оттегінің бөлінуі | №2 – көмірқышқыл газының бөлінуі |
| |
| |
№3 – су буларының бөлінуі | №4 – майдың бөлінуі |
Қосымша 2
Мәтін «Жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығаратын мүшелері мен бөліп шығару өнімдері»
Безді түктер. Эпидермистің жасушаларынан пайда болады. Олар эфир майларын, шайырды, және т.б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ түрінде, сүйық және қатты күйінде өсімдік денесінен сыртқа шығарып отырады (55-сурет). Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақта өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады. Орналасуына қарай сыртқы және ішкі, құрылысына қарай жай және күрделі, бөлінетін заттарына қарай тұзды, майлы, шайырлы, шырышты безді түктер деп жіктеледі.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің мүшелерінің сыртына көмірсулардың (тәтті сұйық зат – некткар немесе шірнелік) ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнелік негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозандануын қамтамасыз ететін насекомдарды өздеріне еліктіреді. Шірнелік жасушаларының цитоплазмасы қою және оларда зат алмасу белсенді жүреді. Шығу тегі алып жатқан орнына қарай – флоральді және экстрофлоральді деп бөлінеді. Флоральді гүлдерге тән, ал экстрафлоральді вегетативті мүшелерге тән.
Гидатодтар. Бұл сулы устьицалар, эпитема жасушалары, жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы-талшық шоғы. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығарады.
Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуттация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су жиналған кезде (шық) байқалады. Гуттация арқылы өсімдік өзінің денесіндегі артық судан және тұздан арылады.
Ас қорыту бездері. Ас қорыту бездеріне бунақденелілермен қоректенетін (шықшылдық, дүңгіршек және т.б.) өсімдіктердің сыртқа бөліп шығарушы ұлпалары жатады. Бездер бөліп шығаратын сұйықтық құрамында бунақденелілерді қорыта алатын ферменттер, қышқылдар болады.
Жануарлардың бөліп шығару өнімдері
Эволюция даму жолында жануарлардың ағзадан қалдықтарды шығару тетіктері мен шығу жолдары жетілді. Ағза құрылмының күрделінуі, қоршаған орта өзгеруі салдарынан тері мен бүйрекке қоса басқада шығару жолдары пайда болды. Жануарларда шығару процесстері зат алмасудың жылдамдануымен және анағұрлым күрделі өмірлік процесстерімен байланысты. Бөліп шығару –бұл ағзадан қалдық заттарды, яғни тағаммен бірге түскен суды, улы заттарды шығару. Бөліп шығару системасы - ол ағзалардың жиынтығы, қоршаған ортаға қалдық суларды, зат алмасу процесі кезіндегі жиналған қалдық заттарды сыртқа шығару. Бөліп шығару ас қорыту, тыныс алу, тері және зәр шығару жүйесі арқылы жүзеге асады. Бөліп шығару процесстері зат алмасу процесінің негізгі бөлігі. Ағзаның бір қалыпты ұстауына метаболизмнің дұрыс жүруі маңызды. Ағзадан керексіз улы заттарды шығару оның ішкі ортаны ұстауға көмектеседі. Жануарларда әр түрлі систематикалық топтарда бөліп шығару процесстері әр қалай жүреді. Жануарлардағы негізгі бөліп шығару мүшелері- тері, өкпе, бауыр, бүйрек.
Тері. Су, несепнәр, тұздар тері капиляры мен тері бездері арқылы сыртқа шығарылады. Тыныс шығару кезінде тері беті буланып суды буға айналдырады. Ол өз кезегінде терморегуляцияға көмектеседі.
Өкпе. Көмірқышқыл газы мен су буы өкпелік альвеола арқылы сыртқа шығарылады. Сүтқоректілердің өкпесі көмірқышқыл газын бөлетін жалғыз мүше. Су буы да өкпе арқылы сыртқа шығарылып отырады.
Барлық зат алмасу кезіндегі заттар ағзаға қажетті болмауы мүмкін. Су ағзаға тез түсіп, солай тез шығарылады. Көптеген сұйық өнімдер омыртқасыз жануарлардың беткі қабаты арқылы шығарылып отырады.
Бөліп шығару өнімдері: аммиак – суда оңай улылыған жоғалататын азоттық өнім түрі. Біржасушалылар, ішекқуыстылар, шаянтәрізділер, тұщы су балықтарынан бөлінеді.
Несепнәр – токсиндігі жағынан аммиактан кейінгі орында тұрады (көптеген омыртқалы жануарлар, теңіз балықтары, бауырымен жорғалаушылар)
Несеп қышқыл – құстар мен жәндіктерден бөлінеді.
Қосымша 3
| мүшелер | өнімдер |
өсімдіктерде | Безді түктер | эфир майлары, шайыр |
Шірнеліктер | некткар немесе шірнелік | |
Гидатодтар | су | |
Ас қорыту бездері | Ферменттер, қышқылдар | |
жануарларда | Тері | |
Өкпе | | |
Бүйрек | |
Қосымша 4
Бөліп шығарылатын өнімдер мен мүшелер арасындағы сәйкестікті анықта.
Бөліп шығарылатын өнімдер | Бөліп шығаратын мүшелер |
Азоттық өнімдер | Безді түктер |
Көмірқышқыл газы мен су буы | Шірнеліктер |
Су, несепнәр, тұздар | Гидатодтар |
Эфир майлары, шайыр | Ас қорыту бездері |
Некткар немесе шірнелік | Тері |
Су | Өкпе |
Ферменттер, қышқылдар | Бүйрек |
Қосымша 5
Кері байланыс «Бағдаршам»
Жасыл - нені білдім, нені үйрендім
Сары - нені толық түсінбедім
Қызыл - немен жұмысты жалғастыру қажет