Файл: Дниежзі халыны миграциясы Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дүниежүзі халқының миграциясы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімі:

Сынып: 9

Оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:


9.4.1.2 дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар жасай алады:

-Терминдерді ажырата алады;

-Көші-қонға жалпы сипаттама бере алады;

Оқушылардың көбісі жасай алады:

-Көші-қон түрлерін бір-бірінен ажырата алады;

-Көші-қонға әсер ететін факторларды сипаттай алады;

Кейбір оқушылар жасай алады:

-Жекелеген елдердің көші-қон бағыттарына талдау жасай алады;

-Нақты мысалдар келтіре алады.


Бағалау критерийлері:

1.Халықтың көші-қонына(миграцияға) қатысты терминдерді ажырата алады.

2.Халықтың көші-қонына әсер еткен факторларды талқылайды.

3.Картаны пайдалана отырып сыртқы көші-қонның және халықаралық көші-қонның басты бағыттарын анықтайды, кескін картада көрсете алады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қажетті бастапқы білім деңгейі 6-8 сыныптарда берілетін география пәнінің тақырыптарын, әсіресе халықтар географиясы туралы білімді қамтиды. Бұл бөлім шеңберінде дамитын дағдылар оқушылардың картамен жұмыс жасау, атласпен жұмыс жасау, зерттеу жұмыстары және мәлімет өңдеу қабілеттері негізінде құрылады.

Пәнге қатысты терминология

Миграция, эмиграция, иммиграция,еңбек миграциясы, депортация

Сабақ барысы

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары



Сәлемдесу. Іскерлік атмосфера орнату. Сәттілік тілеу.
Терминдермен жұмыс:оқушыларға терминдер мен термин анықтамалары жазылған қағаз таратылады. Сол әр терминге сай анықтамаларын сәйкестендіруі қажет.

1.Миграция,2.Ішкі көші-қон,3.Сыртқы көші қон,4.Иммиграция,5.Эмиграция,6.Уақытша көші-қон,7.Маусымдық көші-қон, 8.Депортация,9.Реэмиграция немесе репатриация,10.Маятникті көші-қон

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, талданады.
(G) Оқушыларға халықтың көші-қоны, оның сипаты,түрлері жайында мәлімет беріледі. Презентацияда халықтың көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі беріледі. Сол схема бойынша оқушылар топпен талдау жүргізіп,өз ойларын мысал келтіре отырып айтады.
(G) Оқушыларға халықаралық көші-қонның картасы беріледі.

Содан соң videographic migration https://www.youtube.com/watch?v=hcoOENLfpUI (1,5 минуттық) бейнеролигі көрсетіледі. Сол бойынша Аустралия,Батыс Еуропа, АҚШ, Парсы шығанағы елдері миграция ошақтары болып табылады.Неліктен? Көші-қон картасына қарап әлем бойынша иммиграция мен эмиграцияның көрсеткіштеріне сипаттама беріледі. Оқушылар осы карта мен схеманы талдау арқылы көші-қонның негізгі себептерін анықтап, айтады.Адамдарды өз елдерінен кетуге мәжбүрлейтін (итермелеу, push factors) және басқа елге көшіп баруды ынталандыратын (тарту, pull factors) факторлары туралы және олардың халық қозғалысының көлемі мен бағытына әсер ететіндігін айта отырып,көші-қон мәжбүрлі жолмен де жүзеге асатындығын да анықтайды.
(l) Оқушыларға Қазақстандағы көші-қон туралы мағлұмат беріледі. Солар арқылы оқушылар көші-қонның негізгі бағыттары мен себептерін анықтауы қажет. Көші-қон процесстерінде туындайтын қиындықтарды айта білу керек.

Әр топқа арнайы жеке жағдаяттық сұрақтар беріледі.

I топ

1. Сіз АҚШ-қа тұрақты қоныстануға кетуді шештіңіз. Сізді қарсы алған американдықтар кім деп атайды?Сіздің сыныптастарыңыз ше?

2. Мұнай компаниясы Қазақстанның әр қалаларынан жаңа мұнай кенін игеру үшін жұмысшылар тартады. Ол олардың жол ақысын төлеп, жаңа жерде баспана береді. Қандай көші- қон туралы сөз болып отыр?

ІІ топ

1. Егер мектеп бітіргеннен кейін сіз Ұлыбританияға оқуға барсаңыз, онда қандай көші-қон түрін жүзеге асырасыз?

2. Талғар қаласының тұрғыны күнде оңтүстік астанаға жұмысқа қатынайды. Оны көші-қон деп атауға бола ма?

ІІІ топ

1.Біздің еліміздің тұрғыны Германияға тұрақты тұруға кетіп қалып, бір жылдан кейін қайта Қазақстанға оралды. Көші-қондық көзқарас бойынша ол кім?

2.Қазақ отбасы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келді Біздің елімізде мұндай эммигрантты қалай атайды?
(P)(f) Жасаған жұмыстарын жұппен талқылау.
Рефлексия. Өзара сұрақтар қою арқылы тақырыпты қорытындылау


Презентация, суреттер, 10-сынып оқулығының материалдары.
Жекелеген елдер бойынша мәліметтер алынды:

http://www.migrationinformation.org
Халықаралық көші-қон күні туралы бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=x6hP16NCy6A

ЕАЭО елдеріндегі еңбек мигранттары туралы ролик

https://www.youtube.com/watch?v=o9GUBPFBSg8

Германияда мигранттарға арналған алғашқы онлайн-университеттің ашылуы туралы бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=BRLfct5vIaU


Қосымша ақпарат

Қосымша: Мәтін және картамен жұмыс.

Мәтіндер.

1. Алғашқы оралмандар Қазақстанға 50 - ші жылдардың ортасында Қытайдан келді. Олар жаппай қоныс аудару 1991 жылы, Монғолиядан 12 мың адам келген кезде басталды. 2003 жылы елге 39, 4 мың қазақ иммиграцияға келсе, елден эмиграцияға кеткендер саны 4, 4 мың адамды құрады. Тапсырма:

1. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанға қанша оралмандар көшіп келді? Оларға мемлекет тарапынан қандай көмектер беріледі?
2. Картадан оралмандардың басым бөлігі келетін елдерді көрсет.
2. Қазақстанға жұмыс істеу үшін адамдар көбірек келуде. Кейбіреулері көші – қон ережелерін бұзады: елге жасырын жолмен келіп, рұқсатсыз жұмысқа орналасады, көші - қондық органдарға тіркелмейді.

Тапсырма:

1. Ол қандай орган? Оның атқаратын қызметтері қандай? Ол жерде кімдер жұмыс жасайды?

2. Картадан жұмыс іздеп келетіндердің басым бөлігі Қазақстанның қай аймақтарына баратынын көрсет.

3. Астана қаласы «Елорда» статусын алғаннан кейін қалаға көшіп келушілер саны өсе түсті. Статистикалық орталыққа нақты мәлімет берілмегендіктен, Астана қаласында 2001 жылы «Мен Астана тұрғынымын» атты акциясы өткізілді. Ол барлық «есепке тұрмаған» қоныс аударушыларды тіркеуден өткізуге мүмкіндік берді. Қала халқы сол тұста 330 мың деп саналып келсе, тіркеуден кейін қала халқының саны 500 мыңға жетті.

Тапсырма:

1. Қазіргі кезде Астана қаласының халқының саны қанша?

2. Картадан Астана қаласына қоныс аударғандардың қай аймақтардан келгендерін көрсет.