Файл: Таырыбы ан жйесі. Гомеостаз. анны юы. ан топтары.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: Қан жүйесі. Гомеостаз. Қанның ұюы. Қан топтары.

Қан құрамы

Плазма құрамы

Эритроциттердің қызметі

Гемоглобиннің түрлері:

Гемоглобиннің газдармен қосылысы

Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК) – эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесі немесе эритроциттегі гемоглобиннің саны.

Гемолиз – бұл эритроциттер қабығының жарылып, Hb-нің плазмаға шығуы. Қан мөлдір, «лак тәрізді» болады.

Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ).

Эритроциттердің тұну механизмі

Қанның қызметінің бірі қорғаныс қызметі болып табылады. Қанның қорғаныс қызметін - лейкоциттер атқарады, - осы қызметіне қанның ұюы – гемостаз жатады.

Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4,1-9,0х109/л.

Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың жалпы санынан пайыздық мөлшері лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады

Лейкоциттердің қызметтері

Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл)

Плазмалық факторлар

Қанның ұю кезеңдері:

Тамырлық-тромбоциттік гемостаз

Коагуляциялық гемостаз

Табиғи антикоагулянттар

Қан топтары туралы ілім

Қанның резустығы

Тақырыбы: Қан жүйесі. Гомеостаз. Қанның ұюы. Қан топтары.


Дәріс жоспары:
1. Қан организмнің ішкі ортасы ретінде. Гомеостаз.
2. Қан құрамы, плазма құрамы.
3. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері.
4. Эритроциттер. Гемоглобин. ЭТЖ. Гемолиз.
5. Лейкоциттер, саны, түрлері, маңызы..
6. Тромбоциттер.
7. Гемостаз туралы түсінік.
8. Қан топтары. Резус фактор.
9. Қан құю негіздері.

Қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Ішкі ортаның құрамы және қасиеттері тұрақты болады. Ішкі ортаның тұрақтылығын гомеостаз (У. Кэннон), ал оны қамтамасыз ететін механизмдерді гомеокинез дейді.
Гомеостазға: изоиония, изоосмия, изогидрия (рН), изоволемия, изотермия т.б. жатады.

Қан құрамы


Қан – тіршілік етуге өте қажетті сұйықтық. Қанның жалпы мөлшері жалпы дене салмағының 6-8%-ын құрайды
немесе адамда 4-6 л қан болады.


Эритроциттер
Ерлер (4,0-5,1)*1012/л
Әйелдер (3,7-4,7)*1012/л


Тромбоциттер
(180-320)*109/л


Лейкоциттер
(4-9)*109/л


Гематокриттік көрсеткіш – плазма мен формалық элементтердің көлемдік ара қатынасы.
Ерлерде – 0,40 – 0,48 л/л
Әйелдерде – 0,36 – 0,42 л/л


Плазма 52-58%


Формалық элементтер 42-48%


Ерлер (4,0-5,1)*1012/л
Әйелдер (3,7-4,7)*1012/л


(4-9)*109/л


(180-320)*109/л


Қанның құрамы

Плазма құрамы


Азотты заттар


Азотсыз заттар


Белоктар – 60-80 г/л
Альбумин – 35-45 г/л
Глобулин – 20-35 г/л
Фибриноген – 3-5 г/л
Қалдық азот - 14,3-28,6
ммоль/л
Мочевина – 3,0-8,0
ммоль/л


Билирубин – 8-20 ммоль/л
Липидтер – 4,0-8,0
ммоль/л
Холестерин (жалпы) –
3,0-7,0 ммоль/л
Глюкоза – 3,3-5,6 ммоль/л


Су 90-92%


Құрғақ қалдық 8-10%


Органикалық заттар 7-9%


Бейорганикалық заттар 1%


Na+ - 130-150 ммоль/л
K+ - 3,0-8,0 ммоль/л
Cа+ + - 2,5-2,75 ммоль/л
Cl - - 95-110 ммоль/л
Mg+ + - 1 ммоль/л-ге дейін


Қанның негізгі қызметтері
Тасымалдау
Тыныс алуға қатысу
Қоректендіру
Экскрециялық
Қорғаныштық
Гуморалдық реттеуге қатысу
Рефлекстік реттеу
Креаторлық байланыстарды қамтамасыз ету
Гомеостаз тұрақтылығын қамтамасыз ету
Дене температурасын сақтау


Қанның физикалық-химиялық қасиеттері

1. Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты.
2. Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты.
3. Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.
4. Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064
плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032 формалық элементтердің
меншікті салмағы – 1,089-1,098
Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық)


5. Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).
Осмостық қысымы – 290-310 мосм/л
Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты.
Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л
Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.
Қан реакциясы (рН) вена қанында – 7,36 артерия қанында – 7,42
Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті.


      Түсі.


Қанның буферлік жүйелері
Қанның буферлік жүйелері - қышқыл-сілтілі тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, эритроциттер мен қан плазмасында болатын арнайы күрделі әрекеттік жүйелер.


1. Гемоглобин жүйесі – - 75%
2. Карбонаттық – плазмада, эритроциттерде
3. Фосфаттық –
4. Белоктық. – плазмадағы ең күшті буферлік жүйе. Белоктың молекуласындағы қышқыл мен сілті топтарына амфотерлік реакция беретініне байланысты


Ацидоз – қан реакциясының қышқыл жаққа ауытқуы Алкалоз – қан реакциясының сілті жаққа ауытқуы


Эритроциттің құрылысы: ядросыз, екі жағы ойыс диск тәріздес, дөңгелек жасуша
диаметрі 7,4-7,6 мкм.


Эритроциттердің химиялық құрамы


Су 60%


Гемоглобин 36%


Басқа заттар 4%


Құрғақ қалдық 40%

Эритроциттердің саны (адам қанының әр литрінде): ерлерде – (4,0-5,1)*1012, әйелдерде – (3,7-4,7)*1012. Эритроцитоз – эритроциттер санының көбеюі. Эритроцитопения – эритроциттер санының азаюы
Эритроцитопения


Эритроцитоз


Физиологиялық
Абсолюттік -
гипоксия
Салыстырмалы - қара жұмыс жасап, терлегенде


Патологиялық
Абсолюттік – өкпе, жүрек аурулары
Салыстырмалы –
іш өткенде


Физиологиялық
Абсолюттік –
болмайды
Салыстырмалы –
көп сұйықтық ішкенде


Патологиялық
Абсолюттік –
анемия
Салыстырмалы –
Қансырағанда, қан жоғалтқанда

Эритроциттердің қызметі


Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері).
Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.
Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х.Қ. Сәтпаева).
Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.
Қанның ұюына қатысады.
Қан тобын анықтайды.

Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында 2 валентті темір атомы болады. Гемоглобиннің бір молекуласы О2-нің 4 молекуласымен байланысады.

Гемоглобиннің түрлері:


HbP – примитивті гемоглобин эмбрионның жатырда дамуының
9 аптасына дейін;
HbF – феталдық гемоглобин ұрықта және жаңа туған нәрестелерде;
HbA - A гемоглобин ересек адамдарда.

Гемоглобиннің газдармен қосылысы


Физиологиялық:
HbO2 - оксигемоглобин
HbCO2 - карбогемоглобин
HHb - тотықсызданған гемоглобин


Патологиялық:
HbCO - карбоксигемоглобин
HbOH - метгемоглобин
HbS - сульфгемоглобин


Hb қалыпты мөлшері: ерлер – 130-160 г/л әйелдер – 120-140 г/л ең жоғары мөлшері 166,7 г/л

Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК) – эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесі немесе эритроциттегі гемоглобиннің саны.


Қалыпты жағдайда ҚТК – 0,86-1,05 тең болады.

Гемолиз – бұл эритроциттер қабығының жарылып, Hb-нің плазмаға шығуы. Қан мөлдір, «лак тәрізді» болады.


Гемолиздің түрлері:
Биологиялық.
Химиялық.
Механикалық.
Термиялық.
Электрлік.
Физиологиялық.
Осмостық.


Эритроциттердің осмостық резистенттілігі:
минималдық – 0,46-0,48% NaCl
максималдық – 0,32-0,34 % NaCl

Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ).


ерлерде – 1-10 мм/сағ.
әйелдерде – 2-15 мм/ сағ.
Қабыну үрдістері кезінде ЭТЖ артады, жүктілік кезінде 45-50 мм/сағ. дейін жетеді.


Эритроциттердің тұну механизмі


ЭТЖ плазмадағы белоктардың мөлшеріне байланысты. Эритроциттер мембранасының сыртқы бетінде сиан қышқылы көбірек болғандықтан теріс зарядталған. Сондықтан олар бір-біріне жақындамай, көпке дейін тұнбайды. Плазма белоктары әлсіз теріс зарядталған. Плазмада тұрпайы дисперсиялық әлсіз теріс зарядталған белок мөлшері көбейіп кетсе, олар эритроциттер бетіне адсорбцияланып, теріс зарядтылығын азайтады да, эритроциттердің жабысқақтығы күшейіп, бір-біріне жабысуына жағдай туындайды. Эритроциттер бір-біріне жабысып, теңгелер тізбегін құрап, тұнады.

Қанның қызметінің бірі қорғаныс қызметі болып табылады. Қанның қорғаныс қызметін - лейкоциттер атқарады, - осы қызметіне қанның ұюы – гемостаз жатады.

Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4,1-9,0х109/л.


Лейкоциттер санының артуы лейкоцитоз, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
Лейкоцитоз, лейкоцитопения


Физиологиялық


Патологиялық


Абсолюттік


Салыстырмалы


Абсолюттік


Салыстырмалы

Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың жалпы санынан пайыздық мөлшері лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады


Гранулоциттер


Агранулоциттер


базофил


эозинофил


Нейтрофилдер


моноцит


лимфоцит


Жас


Таяқша ядролы


Сегментті ядролы


0-1%


1-5%


0-1%


1-6%


47-70%


3-10%


20-40%


Лейкограмманың жылжуы: оңға, солға

Лейкоциттердің қызметтері


1. Фагоциттік.
2. Антитоксиндік қызмет. Эозинофильдер табиғаты белоктық токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, аллергия кезінде көбейіп кететін гистаминді бұзатын гистаминаза ферментін жасап шығарады (аллергиялық реакциялар).
3. Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофильдер капиллярлар саңылауын кеңейтетін гистамин және табиғи антикоагулянт - гепаринді жасап шығарады.
4. Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады.


5. Лимфоциттер иммундық жүйенің орталық звеносы болып табылады.

Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олардың түрлері: Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер, Т-амплифайер.
В-лимфоциттер гуморалдық иммунитет қалыптастырады, антиденелер түзеді ( және -глобулиндер).
6. Лейкоциттер қанның ұюына қатысады.
7. Моноциттер өлген жасушаларды фагоциттеп, ұлпа регенерациясына қатысады.
8. Нейтрофилдер интерферон жасап шығарады.

Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл)


Қызметтері:
Ангиотрофикалық (қан тамырларды қоректендіру);
Адгезивті агрегациялық (Жабысып үйінді құру);
Ангиотензивтік (серотонин бөліп, қан тамырларды тарылту);
Креаторлық (қанның, қантамырлардың табиғи құрылысын сақтауға);
Қанның ұюына қатысу (тромбоциттік факторлар, ұйытуға қарсы заттар, адреналин, лизоцим, АТФ, АДФ)

Қанның ұюы (гемостаз) – қан сұйық күйден қоймалжың күйге, одан ұйынды – тромбқа айналатын биологиялық және биохимиялық күрделі үрдіс. Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады. Қанның ұюына 15 плазмалық және 11 тромбоциттік факторлар қатысады. 1 – протромбиннің тромбинге айналуын тездететін плазмалық проакцелерин факторы 2 – фибриногеннің фибринге айналуы тездететін фактор 3 – тромбоцит мембранасында болатын, жарылған кезде босап шығып, қан ұюының 1-ші кезеңіне қатысатын тромбоциттік тромбопластин факторы. 4 – гепаринмен әрекеттесіп,оған қарсы тұратын, қан ұюын тездететін фактор. 5 – фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-біріне жабыстырып,үйінді жасалуына әсер ететін фактор 6 – ұйыған қанды тығыздайтын, актин мен миозин белоктарына ұқсас тромбостенин (ретрактозим) факторы. 7 – фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін тездететін антифибринолизин факторы 8 – қан тамырларын тарылтатын серотонин түзу факторы 9 – фибриннің сақталуын қамтамасыз ететін фактор. 10 – қан тамырларын тарылтатын фактор. 11 – тромбоксин тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құратын агрегация факторы. Ең белсенділері ф3, ф6.
Тромбоциттік факторлар

Плазмалық факторлар


I – Фибриноген
II – Протромбин
III – Ұлпалық фактор
IV – Са2+
V, VI – Глобулин – проакцелерин, акцелерин
VII – Проконвертин
VIII – Антигемофилдік глобулин А
IX – Кристмас факторы - антигемофилдік глобулин В


X – Стюарт-Проуэр факторы
XI – Тромбопластиннің плазмадағы негізі
XII