Файл: Презентациялар орта таырыбы Сумірді айнар кзі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

4-бөлім. Презентациялар (ортақ тақырыбы: «Су-өмірдің қайнар көзі»)

Педагогтің аты-жөні:

Конысбекова Гульмира Бактыбековна

Күні:

08.02.2023ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 8 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Презентация құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.1.2.2 Компьютер программаларында файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

3.1.2.1 Компьютерлік программаларда меню командасын құру;

Сабақтың мақсаты:

Мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым таныстырылымдар жасау программасымен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Миға шабуыл...» әдісі







1-7 мин.

Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуге жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға

шабуыл»

әдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,

суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Белгілі тақырыпта жинақтаған ақпаратты көпшілікке қалай ұсынуға болады?

  • «Презентация» дегеніміз не? Презентацияны не үшін жасайды?

  • Презентация жасауға арналған қандай программаларды білесің?

  • 1-ші және 2-суретке қарап әңгіме құрастыр.

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.



Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)



ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Тізбектей оқу» әдісі

Топта оқушылар оқулықта берілген жаңа білім айдарындағы мәтінді кезектесіп, бірінен соң бірі тізбектей оқиды. Әрбір оқушы өзінің оқыған мәтіні бойынша топта өзара талқылау жасайды. Бір-біріне және мұғалімге сұрақтар қойып, өздерінің білімін толықтырады.









Жеке жұмыс: «Практикалық тапсырма »

әдісі

1-тапсырма

Қолдан.

1.Power Point программасын іске қосамыз

2.Главная-Создать слайд-Пустой слайд командасын орындау

3.Вставка-Wort Art командалары арқылы «Су тіршілік көзі» тақырыбын жазамыз

4.Вставка –Картинки командалары арқылы су тақырыбындағы сурет қоямыз.

5. Жасалған слайдты Файл-Сохранить как командалары арқылы сақтау

Дескриптор

  • Программаны іске қосады

  • Жаңа слайд кірістіреді

  • Wort Art арқылы мәтін кірістіреді .

  • Картинки сурет қояды.

  • Слайдты сақтайды.



Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жеке жұмыс

2-тапсырма

6-суретке назар аударыңдар. Суретке арнап PowerPoint-та

2 слайдтық презентация жобасын ұсыныңдар. Презентацияның 1- слайдына суретке берген атауларың мен суреттегі кейіпкерлердің есімін жазыңдар. 2ші слайдта жазғы демалысты сипаттайтын екі сурет кірістіріп, сақтаңдар.

Дескриптор

  • Берілген суретке арнап PowerPoint-та

2 слайдтық

презентация жобасын ұсынады.

  • Презентацияның 1слайдына суретке берген атаулары мен суреттегі кейіпкерлердің есімдерін жазады.

  • 2-ші слайдта жазғы демалысты сипаттайтын екі сурет кірістіріп, сақтайды.



Қалыптастырушы бағалау

Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Топтық жұмыс: «Постер қорғау»

әдісі

1-тапсырма

Төмендегі заттардың бірін таңдаңдар. Заттың жарнамасын дайындаңдар (постер құрау).

Жарнамаларыңды сыныптастарыңның алдында қорғаңдар.

Дескриптор

  • Берілген заттардың бірін таңдайды.

  • Заттың жарнамасын дайындайды.

  • Жарнамаларын сыныптастарының алдында қорғайды.



Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Топтық жұмыс: «Постер қорғау»

әдісі

1-тапсырма

Төмендегі заттардың бірін таңдаңдар. Заттың жарнамасын дайындаңдар (постер құрау).

Жарнамаларыңды сыныптастарыңның алдында қорғаңдар.



Жеке жұмыс: «Венн диаграммасы» әдісі

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға

берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

3-тапсырма

  1. «Ыстық» пернелер не үшін қажет?

  2. Word пен

PowerPoint программаларын Венн диаграммасы бойынша салыстыр.

Дескриптор:

  • Берілген сұраққа жауап береді.

  • Word және

PowerPoint программаларын Венн диаграммасы бойынша салыстырады.

  • Екеуінің айырмашылығы мен ұқсастығын жазады.



Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай өзін-

өзі «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс: «Ара ұясы» техникасы

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы