Файл: Дтжо жне сынып жетекшіні айлы циклограммасы Тамыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ДТЖО және сынып жетекшінің

айлық циклограммасы:

Тамыз

  1. Тамыз кеңесін дайындау.

  2. Класс жетекшілерімен жұмыс: класс жетекшілерін белгілеу, олардың жаңа оқу жылына дайындығы.

  3. Білім күнін өткізу іс-шараларын дайындау.

  4. Жаңадан қабылданған оқушылар мінез-құлқының диагностикасын жасау.

Қыркүйек.

  1. Білім күні мерекесін өткізу.

  2. Денсаулық күнін өткізу.

  3. Класс жетекшілерінің жылдық жұмыс жоспарын талдау және бекіту.

  4. Оқушылар қызығушылығы негізіндегі клуб, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

  5. Отбасы күнін өткізу.

  6. Мектеп кеңесі, ата-аналар кеңесі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын ұйымдастру.

  7. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасы

Қазан.

  1. Мұғалімдер күні мерекесін өткізу.

  2. Алтын күз мерекесін өткізу.

  3. Қарттар күнін өткізу.

  4. Класс жетекшілерімен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар:

  • оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар;

  • отбасы тәрбиесін зерделеуге көмек беру.

  1. Күзгі каникул жоспарын жасау.

  2. Класс жетекшілер құжаттарының жүргізілуін зерделеу.

Қараша.

  1. Күзгі каникулді өткізу.

  2. Ата-аналармен жұмыстар.

  3. Класс жетекшісі мен психолог, әлеуметтік педагогтің «тәуекел» тобындағы балалар және ішкі істер бөлімінің есебіне алынған оқушылармен атқарған үйлестіру, түзету жұмыстарының жүргізілуі және нәтижелілігі.

  4. Сынып оқушыларының сабақтарға қатысуын қадағалау.

Желтоқсан.

  1. Тұңғыш президент күнін өткізу.

  2. 1-ші жартыжылдық қорытындысын шығару

  3. Жаңа жыл мерекесіне дайындық

  4. Тәуелсіздік мерекесін өткізу.

  5. Қысқы каникулді өткіуге дайындық жұмыстары

Қаңтар.

  1. Қысқы каникулді өткізу

  2. Педагогикалық кеңес жұмысына дайындық

  3. Оқушылар тәрбиелілік деңгейнінің диагностикасы. Талдау.

Ақпан.

  1. Оқушлар тәрбиелілік деңгейнінің диагностикасының қорытындысы бойынша класс жетекшілерінің әдістемелік кеңесі отырысы.

  2. Оқушының әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастырудағы кл.жетекші мен қосымша білім беру педагогінің бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижелілігі

Наурыз.

  1. 1-наурыз алғыс айту күніне орай флешмоб өткізу.

  2. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесін өткізу.

  3. Наурыз –жыл басы мерекесін дайындау және өткізу.

  4. Көктемгі каникулді ұйымдастыру.

  5. Балалардың қоғамдық ұйымының жалпы мектепішілік жиыны


Сәуір.

  1. Қала, ауыл, мектеп аймағын абаттандыру жұмысына қатысу.

  2. Жылдық жұмысқа таладау жасауға дайындық жұмыстары (материалдар жинақтау және оны талдау)

  3. «Жыл оқушысы - 2019» конкурсын өткізу.

  4. «Үздік сынып - 2019» конкурсын өткізу.

Мамыр.

  1. 1 – мамыр «Бірлігіміз жарасқан - достық» мерекесін өткізу.

  2. 7 – мамыр «Қарулы күштер» күнін өткізу.

  3. 9 – мамыр «Ұлы жеңіс» күнін өткізу.

  4. 18 – мамыр «Мұражай» күнін өткізу.

  5. «Соңғы қоңырау» күнін өткізу.

  6. Сынып бойынша жылдық тәрбие жұмысының талдауы

  7. Мектеп бойынша жылдық тәрбие жұмысының талдауы.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының тәрбие жұмысы бойынша кешенді-мақсаттық

Бағдарламасы

2018-2019 оқу жылы
Бағдарлама мақсаты: жеке тұлғаның жас ерекшеліктері мен мәдени дамуы деңгейін ескере отырып, әлеуметтік өмірге араласуын қамтамасыз ету.


Бөлімдер

Функционалдық міндеттер

Жүргізу формасы

Тамыз

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар:

Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы:

  1. Тәрбие жұмысын жоспарлау ісі;

  2. Класс оқушыларының жеке құжаттарын рәсімдеу

  3. Әдістемелік бірлестік жұмысы жоспарының жобасы

Пән мұғалімдерімен әдістеме-нұсқаулық жұмыстар:

Педагогикалық кеңес:

1.Оқыту тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде: сабақтың тәрбиелік мәнін ашу әдістемесі

Қосымша білім беру педагогтарымен жұмыс:

Психологиялық-педагогикалық кеңес беру

Қосымша білім беру педагогтарымен жұмыс:

Психологиялық жұмыстар жасау (адаптация 1, 5, 9,11 сынып оқушылары)

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Жалпы мектептік шығармашылық жұмыстар:

«Білім күні» мерекесін ұйымдастырып, өткізу

Оқушылармен жеке жұмыстар:

Психологиялық-педагогикалық кеңес беру

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.

Ата-аналармен байланысты қамтамасыз ету:

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көп балалы отбасы балаларының жағдайын зерттеу;

Ата-аналар лекторийінің жұмысы;

Бірлескен іс-әрекеттерге бастама жасау және ұсыныс беру.


Қыркүйек

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар:

«Кластағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбына теориялық-практикалық семинар

Класс оқушыларының психологиялық-педагогикалық мінездемелерін зерттеу негізінде мектептің тәрбиелік проблемасын анықтау

Пәндік әдістемелік бірлестіктермен үйлестіру жұмыстары

Әдістемелік бірлестік жұмыстарын жоспарлаудағы тәрбиелік аспект

«Денсаулық мерекесін» өткізу жоспары

Әлеуметтік педагогпен жұмыс

Класс жетекшілерімен бірлесе отырып, класстың, кейіннен, мектеп оқушыларының әлеуметтік паспортын дайындау

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары туралы материалдар жинақтау

Қосымша білім беру педагогімен жұмыс:

Бағдарламалар мен жұмыс жоспарын бекіту

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Ұжымдық шығармашылық жұмыстары

«Білім күні» мерекесін өткізу;

«Денсаулық» күнін өткізу.

Бірінші кластықтарды оқушылар қатарына қабылдау рәсімі;

Оқушылар қызығушылығы клубтарның презентациясы

Денсаулық күні мерекесін ұйымдастырып, өткізу

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы

Оқушылвр кеңесінің сайлауын өткізу;

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастыру

Мектеп айналасын абаттандыру айлығын ұйымдастырып өткізу

Оқушылармен жеке жұмыстар:

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасы

Жаңа қабылданған оқушыларға психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізу

Класс жетекшілерінің әдейі қолдау мен назарды қажет ететін оқушылармен атқарған жұмысының зерделенуі

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.

Ата-анамен жұмыс:

«Отбасы» күнін өткізу

1-сынып ата-аналарына жиналыс өткізу

Ата-аналар жиналысы

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасының қорытындысымен таныстыру

Ата-аналар комитетінің мүшелерін бекіту, комитет жұмысының жоспарын дайындау


Қазан

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар:

Оқушылар қиындықтары бойынша психолого-педагогикалық консилиум

Кластың тәрбие жұмысындағы жеке тұлға тәрбиесінің пәрменделігі мен өзектілігі

Класс жетекші мен психолог арасындағы өзара бірлескен іс-әрекеттер жобасын талдау

Пән мұғалімдерімен әдістеме-нұсқаулық жұмыстар:

Планерка: 1.Мұғалімдер мерекесін өткізу;

2. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасының қорытындысымен таныстыру және түзету, үйлестіру жұмыстарының жоспарын талдау.


Қосымша білім беру педагогімен жұмыс:

Тәрбиесі «қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстар әдісі бойынша кеңес

Әлеуметтік педагогпен жұмыс

Мектепішілік есепке алынған балалар, олармен атқарылған тәрбиелік шаралар нәтижелілігі.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс (емдеу, материалдық көмек көрсету, отбасымен арасындағы кикілжіңдерді шешу жағдайы т.б.)

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Ұжымдық шығармашылық жұмыстары

Мұғалімдер мерекесін ұйымдастырып, өткізу дайындығы;

Жол жүру қауіпсіздігі онкүндігін өткізу;

Рухани-адамгершілік тәрбиесін іске асыру жолдар мен әдістері: қарттар күнін өткізу, жалғыз басты қарттарға қол көмегін ұйымдастыру шаралары.

Ұжымдық шығармашылық жұмыстары

«Қарттар» мерекесін өткізу;

«Алтын күз» конкурсын өткізу;

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы активін оқыту жұмыстары;

Күзгі каникулды өткізу жоспарын даярлау


Оқушылармен жеке жұмыстар:

Диагностика негізінде жүргізілетін жеке жұмыстар;

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.

Ата-анамен жұмыс:

«Ашық есік» күнін өткізу

Ата-аналарға арналған педагогика-психологиялық ағарту жұмыстары

Мектептен тыс мекемелермен байланыс

Мақсаты: мектеп оқушылары мен қоғамдық институттар арасында байланыс орнату

Мектептен тыс мекемелермен байланыс


Мектептен тыс білім беру ұйымдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-әрекеттер.

Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру жұмыстары

Қараша

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар:

«Қиын» оқушылармен жұмыс әдістемесі тақырыбына дөңгелек үстел отырысы;

Жеке тұлға тәрбиелеу мәселесі.


Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының презентациясы

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Ұжымдық шығармашылық жұмыстар

Күзгі каникул аясында:

  1. Спорт мерекесін өткізу;




Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.

Ата-анамен қарым-қатынас

Ата-аналарға педагогика, психологиялық тұрғыдан кеңес беру

Желтоқсан

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар:

Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі отырысы:

  1. 1-ші тоқсан қорытындысы

  2. Тәрбие жұмысының 2-ші тоқсанға жұмысын үйлестіру

  3. Тәжірибе алмасу: тәрибелік шаралаға қатысу

  4. Біліктілікті арттыру курстарына қатысу нәтижелері: курс аралық тапсырмалар мен оларды орындау шаралары туралы

Қосымша білім беру педагогтарымен

Оқушылардың қосымша білім беру ұйымдарымен байланысы мен білім сапасы

Психолог жұмысының қорытындысы

1-ші жарты жылдық есебі: оқушылармен жүргізілген түзету, үйлестіру жұмыстарының нәтижесі

Мектеп дәрігерімен жұмыс

1-ші жарты жылдық есебі: оқушылар денсаулығын нығайту шаралары мен оның нәтижелілігі

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Ұжымдық шығармашылық жұмыстар

1-желтоқсан Тұңғыш президент күнін ұйымдастыру;

16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесін өткізу;

Жаңа жылдық мерекелерді атап өту шараларын белгілеу;

Қысқы каникул шараларын ұйымдастыру, белгілеу;

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.


Ата-аналармен байланыс

Жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыуға ата-аналар комитетінің қатынасы (бастауыш класс балалары мен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлықтар даярлау)

Қаңтар

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Класс жетекшілері және психолог, әлеуметтік педагог, мектеп дәрігері арасындағы бірлесе атқарылатын жұмыстар.

  1. 1-ші жартыжылдық қорытндысының талдауы негізінде оқушылар тәрбиелік деңгейін көтеру мақсатындағы бірлескен іс-шаралар жоспарын белгілеу.

  2. «Тәуекел» тобындағы балалармен жүргізілетін үйлестіру жұмыстары

  3. «Д» есебіне алынған балалардың денсаулығын нығайту жұмыстары жасау;

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Ұжымдық жұмыстар

Оқушылардың қысқы каникулын мақсаткерлі де тиімді ұйымдастыру және атқару.

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.

Оқушылар денсаулығын нығайту мәселелері

Мектеп дәрігерімен бірлесе отырып, «Д» есебіне алынған балалар денсаулығын тексеру, қажетті дәрумендермен қамтамасыз ету

Ақпан

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Класс жетекшілерінің әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы

Жас жетекшілер мектебінің жұмысын зерделеу.


Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс

  1. Мектеп бітірушілердің ҰБТ тапсырмаларын орындау дайындығы

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.


Оқушылар білімі сапасын көтеру жодары

Білім аясында кемшіндігі бар оқушылар ата-аналарымен психолог және класс жетекшісінің

Бірлесе атқаратын үйлестіру жұмыстары.

Наурыз

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие

«Жеке тұлға дамуының басты қозғаушы күші» тақырыбына оқыту семинары

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Ұжымдық қарым-қатынасты дамыту

1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай флешмоб ұйымдастыру;

8-наурыз «Халықаралық әйелдер» мерекесін өткізу;

22-наурыз «Наурыз – жыл басы» тақырыбындағы ұжымдық мерекелік шаралар ұйцмдастыру арқылы жеке тұлға детбестігін ұжымдық мақсаттқа бағыттау

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.

Ата-аналарға психолог кеңесі

«Қиын» жағдайға душар болдған балалардың ата-аналарына психолог кеңесі

Сәуір

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Біліктілік санатын арттыру мақсатындағы жұмыстар

Класс жетекшісімен жекелеген жұмыстар өткізу;

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыр

Көктемгі каникулді өткізу

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.


Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары

«Тәртіп сақшылары» тобының жұмысн жандандыру шаралары

Мамыр

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Оқу жылының аяқталуына байланысты ұйымдастырушылық жұмыстары

Қорытынды педагогикалық кеңеске дайындық шаралары (есеп беру)

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Оқушылардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету

1-мамыр «Бірлігіміз жарасқан» ұлттар мерекесін өткізу;

7-мамыр «Қарулы күштер» күнін өткізу;

9-мамыр «Ұлы Жеңіс» күнін өткізу;

18 – мамыр «Мұражай» күнін өткізу;

25-мамыр «Соңғы қоңырау» күнін өткізу;

Әр оқушының жазғы демалысты қалай өткізуі туралы болжамдарын жинастыру, денсаулығында кемшіндігі бар балалардың сауықтырылуы шараларын іздестіру және ұйымдастыру

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары

Ата-аналар көмегімен балалардың қала сыртындағы демалыс лагерлеріне жолдамалар алуын қамтамасыз ету,

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар үшін жазғы сауықтыру және демалыс шараларын ұйымдастыру.

Маусым

Кадрмен жұмыс

Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату

Соңғы қорытынды педагогикалық кеңес

Жылдық жұмыс қорытындысы;

Талдау жасау;

Оқушылармен жұмыс:

Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру

Балалар қорғау күніне арналған шаралар ұйымдастыру

1-ші маусым- балалар қорғаудың халықаралық мерекесін өткізу

Ата-аналармен жұмыс:

Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру.




Балалардың жазғы каникул уақыты бойынша түсініктеме алу ата-аналарынан;



Хаттама № ____

Өткізілу күні:

Педкеңес төрағасы__________________________________________________

Педкеңес хатшысы__________________________________________________

Педкеңес мүшелерінің жалпы саны______________

Қатысқандары ___________

Қатыспағандар:

аты-жөні: ___________________________________________________

Қатыспау себебі: ____________________________________________________

____________________________________________________________________
Күн тәртінде қаралған мәселелер:

1. __________________________________________________________________

2. __________________________________________________________________

3. __________________________________________________________________
Күн тәртібіндегі 1-ші сұрақ бойынша тыңдалды:___________________________

____________________________________________________________________
2-ші сұрақ бойынша тыңдалды: _________________________________________

____________________________________________________________________
3-ші сұрақ бойынша тыңдалды: ________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жарыс сөзде сөз алғандар: _____________________________________________

____________________________________________________________________
Сұрақтар: __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жауаптар: ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

1-ші сұрақ бойынша педкеңес шешім етті: _______________________________

____________________________________________________________________
Дәл осылай 2-ші, 3-ші сұрақтар хатталады.
Педкеңес төрағасы:

Педкеңес хатшысы:


Тәрбиелік іс-шараны талдау әдістемесі

Тәрбиелік шараның талдауы

Тәрбиелік шараның аталуы_____________________________________________________

Өткізілген уақыты_____________________________________________________________

Бағалануы

Балы

(1-5)

Тәрбиелік шараны өткізуші педагогтың тақырып бойынша құзіреттілігі, эрудициясы




Іс-шараны өткізуге мүдделік деңгейі




Оқушылармен қарым-қатынасындағы демократиялық деңгейі




Тәрбиеленушілерді қолдауы мен оларға көмек көрсету дәрежесі




Педагогтің сыртқы келбеті, сөйлеу мәдениеті, мимикасы




Тәрбиеленушілердің белсенділігі




Оқушылардыңөзбетімен жұмыс жасауға қабілеттілігі




Оқушылар тәртібімен жауапкершілік деңгейі




Жұмыс материалының балаларға түсініктілігі




Мақсаткерлігі




Уақытты ұтымды пайдалану деңгейі




Сабақ көрнекілігі: эстетикалық, танымдық, т.б.




Барлық оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениетіжәне стилі




Тәрбиелік мәні:

Эмоционалдық әсері

Білімді дамыту, нығайту әсері

Танымдық әсері




Қорытынды және ұсыныстар:




Жиынтығы:






Өткізілген ата-аналар жиналысының талдауы

Өткізген класс жетекші аты-жөні:___________________________________

Тақырыбы: __________________________________________________________

Өткізген уақыты: _____________________________________________


Бағалануы

Балы

(1-5)

Тәрбиелік шараны өткізуші педагогтың тақырып бойынша құзіреттілігі, эрудициясы




Іс-шараны өткізуге мүдделік деңгейі




Оқушылармен қарым-қатынасындағы демократиялық деңгейі




Педагогтің сыртқы келбеті, сөйлеу мәдениеті, мимикасы




Жиналысқа қатысушы ата-аналар белсенділігі




Жиналысты өткізуге деген ата-аналар ынтасы




Тақырып мазмұныныңтүсініктілігі




Мақсаткерлігі




Уақытты ұтымды пайдалану деңгейі




Педагогтің ата-аналармен өзара қарым-қатынас мәдениеті және стилі




Педагогтің ата-аналармен өзара түсінушілік деңгейі




Қорытынды және ұсыныстар:




Жиынтығы:





Сабақтан тыс шаралар (клубтар, үйірме, студия, секция) талдауы

Іс-шаралар

Педагогикалық ерекшекліктері

Сабақтар бағдарламасы




Құрал-жабдықтары



Мектепішілік шараларға қатысуы




Басқа үйірме, клуб, студия жұмыстарымен қарымқатынасы



Мектепаралық іс-шараларға қатысуы



Оқушылардың талданып отырған сабақтан тыс шара туралы пікірлері





Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі туралы

Ереже

I. Жалпы ережелер

1.1. Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі – тәрбие үдерісін мектепішілік басқаруды әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жағынан үйлестіруді қамтамасыз етуші оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі.

1.2 Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, Ақтөбе облысы білім беру ұйымдарындағы 2011-2014 жылдарға арналған Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, білім беру ұйымының жарғысымен айқындалған мектептің даму стратегиясын басшылыққа алады.

1.3 Әдістемелік бірлестік (бұдан әрі ӘБ) қызметінің ұзақтығы шектелмейді, сандық құрамы білім беру ұйымындағы педагогтік ұжымның өзгеруіне байланысты.

1.4 ӘБ өз қызметін мектептің ғылыми-педагогикалық Кеңесімен әрекеттесе отырып атқарады және педагогикалық Кеңесіне есеп беруге міндетті.

1.5 Класс жетекшілерінің ӘБ өз жұмысын төмендегі принциптер негізінде құрады:

  • ғылымилық тұрғысында, ұстаздар ізденістері мен шығармашылық еңбектері терең әдістемелік негізде болуы қажет;

  • гуманизм тұрғысында, білім беру негізі – адам, педагог, оның біліктілігі мен бейімділігінің дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету;

  • жүйелілік тұрғысында, мәселені шешуді қамтамасыз ететін жоспарлаудың барлық сатысын қамту: диагностика, мәселені зерттеу және талдау, мәселені шешудің әдістемелік инструментарийін дайындау және тәжірибеге енгізу, үйлестіру, қорытындысын анықтау;

1. Класс жетекшілерінің ӘБ мақсаты мен міндеттері

2.1 Класс жетекшілерінің ӘБ – тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету, оның пәрменділігін зерттеу және бастауыш, орта буын, жоғарғы класс жетекшілерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында құрылатын бірлестік.

Класс жетекшілерінің ӘБ міндеттері:

  • тәрбиенің педагогикалық және психологиялық негіздеріне сүйене отырып, класс жетекшілерінің теориялық, ғылыми-әдістемелік, практикалық білім деңгейін көтеру;

  • тәрбие жұмысының пәрменділігін көтеруге және жетілдіруге бағытталып мектепте, класта жүргізілетін тәрбие жұмысын жетектеуші әдістемелік бағдарламалар ұйымдастыру;

  • оқушы тәрбиесіндегі бірізділік пен біртұтастық принципін қамтамасыз ету және орындау;