Файл: ыса мерзімді саба жоспары Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні:

Сайлаубаева Гулжан Женисовна, №90 гимназия Нұр-Сұлтан қаласы

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті 11-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

І тоқсан

Тарау немесе бөлім атауы:

1-бөлім: Кеңістік пен уақыт

Сабақтың тақырыбы:

Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар

Оқу мақсаттары:

11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді, әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығына өз пікірін білдіреді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшелігін айқындап, дәледі жауап береді.


Бағалау критериі:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсете алады;

әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, қымбатты 11-сынып оқушылары!

Қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.

Бүгінгі сабақта:

Сіздердің білетіндеріңіз:

•көркем шығармадағы кейпкерлерді анықтау арқылы өмір шындығын анықтайсыздар;

  • шығарманың мазмұнын түсініп, композициялық құрылысына талдау жасайсыздар;

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын бақылайды.


Презентация

https://adebiportal.kz/kz/retailing/view/325

3-5 минут

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді







8 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма

Сілтемеде берілген ақпаратты мұқият түсініп оқыңыздар.

«FILA кестесі» арқылы кейіпкердің образдық тұлғасын ашу үшін төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар.

Ғ/Дерек/- шығармадағы кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/-кейіпкер туралы өзінің ой-пікірі;

L/Сұрақ/-кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар;

А/Іс-әрекет/-автордың кейіпкерді суреттеудегі мінездеуін табады.

Дұрыс жауап.

Дерек. Романдағы басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді.

Пікір. «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман. Роман сол кезеңдегі ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш – жігерін аямаған екі адамның ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады.

Сұрақ. Шығарманың басты кейіпкерлері кімдер?

Ол кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

Іс-әрекет.

-Мен шындықты өмір бойы іздедім. Бірақ таппадым, - деп күрсінді шал. – Анда – санда жылт етіп жанып, емексітіп алады да, алдап кетеді. Солай қарағым... Күнің басқаға қарап тұрса солай бола береді.

- Заман жақсарады - аға. Атар таңнан үміт күтеміз. Көп ұзамай Брежнев көкем кетер,- деді Аяған бәсең дауыспен. Айтарын айтып алып, өзінен өзі құыстанып, жан-жағына қарады. Алдияр мырс күлді.

-Ол кеткенімен, басқасы келер. Одан не өзгереді? Е-е, қарағым, Кенекем осыны баяғыда білген. Білмесе, өзі барып жанып тұрған отқа түсер ме еді,- деп Алдияр көкірегі қарс айырылғандай.

Дескриптор:

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашатын деректерді жинақтай алады;

кейіпкер туралы өз ой-пікірін білдіреді;

кейіпкердің образын ашатын сұрақтар құрастыра алады;

шығармадан автордың кейіпкерді суреттеудегі мінездеуін таба алады.



Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындағандығын тексереді.
Оқушыларға бағыт-бағдар береді.




5 минут





2-тапсырма. «Шығарма кестесі» арқылы талдау.

Шығарманың атауы

Авторы

Тақырыбы

Идеясы

Кейіпкерлері

Оқиға болған жер

Оқиғаның шешімі

Дұрыс жауап.

Шығарманың атауы: «Өмірзая» романы.

Авторы: Б. Мұқай.

Тақырыбы: ұлттық сананы ояту.

Идеясы: ұлттық сана тұрғысынан ел болашағын ойлаған азаматтардың тағдырын суреттеу арқылы сол дәуірдің шындығын ашу.

Кейіпкерлері: Алдияр Ақпанұлы, Аяған Қуатов, Сыздық, Мұса, Жақия, Мақсұт, Алмас.

Оқиға болған жер: Алматы қаласы

Оқиғаның шешімі: шындықты бетке айтып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға ұмтылған жандарға саяси жағдайдың тосқауыл болуы.

Дескриптор:

Шығармалар кестесінің әр бөлімін дұрыс толтыра алады.







1 минут

Бекіту

«Зымыран сұрақтар» әдісі.

Романда қай кезең суреттеледі?

Кенесары туралы еңбек жазған кейіпкерді атаңдар?