ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№177 орта мектеп
Презентация слайдының макеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
4 «г» сыныбы
Пән мұғалімі: Молдабекова А.Ш
22.02.2022ж
Қысқа мерзімді жоспары | ||
Бөлім | 4-бөлім. Презентациялар. (ортақ тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау») | |
Педагогтың аты-жөні | Молдабекова А | |
Күні | 22.02.2022ж | |
Сынып: 4г | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: | Презентация слайдының макеті | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.3.1 слайдқа макет таңдау | |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Слайдтың макет стилдерін және макет таңдау тәсілін білу; Слайдтағы шаблондарды қолдана алу; Көптеген оқушылар үшін: Дизайн мәзірін қолданып, слайд беттерін безендіру; Слайд бағыттарын ауыстыра алу; Кейбір оқушылар үшін: Мысал ретінде макеттердің қолдану маңыздылығын түсіндіру; |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру: - Сәлемдесу - Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын сұрау: Инклюзивті оқушы. Тапсырма: Пазлдарды жинау арқылы, құрастырылған суреттен бөлім тақырыбын, ортақ тақырыпты анықтау. «Дұрыс жауабын таңда!» | Сәлемдеседі. Берілген жауаптардан дұрыс жауапты таңдайды | Сабақ барысында «дұрыс» «бұрыс» белгішесін таңдап, барлық оқушы бір сандықшаға жинайды. | Электронды оқулық | ||||||
Сабақтың ортасы 15 мин 5 мин 10 мин | Квест бөлмесіне саяхат. Жасырын сөзді табу арқылы сабақ тақырыбын ашу. Инклюзивті оқушы. Тапсырма: Квест бөлмесінде телевизорды іске қосуға көмектесуін сұраймын. . Жаңа сабақ. Презентация слайдының макеті. Мұғалім түсіндірмесі. Презентацияға слайд қосу үшін Басты (Главная)—Слайд құру (Создать слайд) командасын орындаймыз. Слайд құру барысында өзімізге ұнаған макетті таңдай аламыз: титулдық немесе әртүрлі нысандары бар слайд т.б. Жолақтың дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін пайдаланылады. Егер таңдаған слайдтың түсі ұнамаса Дизайн-Түстер-Тақырыптың жаңа түстерін құру командасын орындап, пайда болған сұхбат терезесіне өзімізге ұнаған түсті қойып, сақтай аламыз. Презентация құрғанда безендіру шаблондарын қолдану үшін мына командалар орындалады: Файл –Құру—Презентация құру терезесінде Безендіру шаблондарын алып ОК батырмасын басамыз. Ұжымдық жұмыс. «Коллаж дайында». Жұптық жұмыс. Логикалық ойлау қабілеті, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында сәйкестендіру кестесін толырады. Инклюзивті оқушы. Тапсырма: Жұбының жетектеуімен тапсырманы орындайды.
Жеке жұмыс. Презентацияда «Ауламызда тазалық сақтайық!» атты тазалық күніне шақыру қағазын жаса. Фон, дизайн, фигураларды пайдаланып безендір, өңде. WordArt мәтін жазу мүмкіндігін пайдалан. Инклюзивті оқушы. Тапсырма: Плакат бетіне берілген қағаздармен Шақыру қағазын дайындайды. | Тапсырмаларды орындайды Барлық оқушылар бірігіп макет таңдап, слайд жасайды. Жұбымен бірігіп, сәйкестендіру тапсырмасын орындайды Шақыру қағазын дайындайды. | Орындаған жұмысын келесі жұпқа айналдырып беріледі. Дұрыс жауабын экраннан көрсету арқылы, өз-өздерін тексереді. | https://www.Learnis.ru/649452/ Оқулық Компьютер, проектор экранынан көрінеді Таратпа қағаздар Компьютермен жұмыс. Жұмыс барысы TeamViewer программасы арқылы проектор экранынан көрсетіледі | ||||||
Сабақтың соңы 7 мин | Кері байланыс. «Бүгінгі сабағымыз сізге ұнады ма? Өз ой пікіріңізді білдіріңіз». Онлайн тақта арқылы оқушылардың пікірін білу.Инклюзивті оқушы. Тапсырма: «дұрыс» «бұрыс» белгісі арқылы өзінің ойын білдіреді. Бағалау. Сандықшадағы жиналған «дұрыс» «бұрыс» белгішелерін жалпы санап, сыныпты бағалаймын. | Берілген сілтеме арқылы кіріп өз ой-пікірлерін, сабақтан алған әсерлерін жазады. | Жиналған «дұрыс» белгішелерді оқушылардың кеудесіне тағамын. | https://padlet.com/moldabekovaazhar82/m6cjb6tns3hiqyq6 | ||||||
Үй тапсырма-сы 2 мин | Үйге тапсырма: Суреттерге қарап, қанша тақырып бойынша презентация жасауға болатын анықтау. Оларды топқа бөліп, атау беру. | | | Оқулық |