Файл: 7. 3В атты денелерді, сйытар мен газдарды ысымы нзм хбб шымкент аласы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7.3В Қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың қысымы | НЗМ ХББ Шымкент қаласы | Пән: физика | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Зертханалық жұмыс. Архимед заңын тексеру | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.4 сұйықтар мен газдардағы итеруші күштің табиғатын түсіндіру; 7.3.1.5 есептерді шығару кезінде Архимед заңын пайдалану: | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтау; Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру; Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру; | |||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылардың көпшілігі орындай алады: -қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады; -қысым ұғымын түсінеді; -Кері итеруші күш ұғымын түсінеді; -Архимед заңын түсінеді Кейбір оқушылар: Архимед заңын түсіне отырып есептер шығара алады | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Архимед заңы –закон Архимеда-Archimedes’ principle Судың тығыздығы – плотность воды - density of water Кері итеруші күш – Выталкивающая сила - buoyant force Дененің көлемі – Обхем тела - volume of the body | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық Құрмет Функционалды сауаттылық Оқушыларды оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыруға, бір бірінің ойын тыңдауға және оларға түсінік беруге үйрету арқылы олардың бір біріне деген құрметтері мен ынтымақтастығы артады. Есептер шығару барысындафункционалды сауаттылықтары қалыптасады. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиеленеді. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физикалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау арқылы география пәнімен тығыз байланыстырылады. Техникамен күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіру арқылы байланысады. Электронды кітап арқылы немесе интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан мини-видеолар тамашалау барысында информатика пәнімен байланысады. Тақырыпқа байланысты есептер шығару және өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіру арқылы математика пәнімен тығыз байланысады. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар АКТ қолдану дағдыларын дамытады. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қысым, Паскаль заңы, күш, тығыздық | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жопарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин Зертханалық жұмыс 30 мин 6 мин | Ұйымдастыру кезеңі: І Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау. Миға шабуыл
Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға жетон беріледі. Судағы денеге әсер ететін кері итеруші күш Архимед күшін және кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтау үшін оқушылар пазл арқылы үш топқа бөлінеді. (Видеоролик көрсетіледі) Бөлінген топтарға үш түрлі тапсырма беріледі. Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май) І топ 1-тапсырма: Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу Жұмыстың барысы: 1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау 2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g Vд=V2-V1 V1-судың бастапқы көлемі V2- дене салынғаннан кейінгі көлемі 3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар. Р-? 4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-? 5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер. 6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар 7. Кестеге алынған мәліметтерді жазу Жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, шыққан қорытындыны тұжырымдай білуге үйретемін.
Оқушылар зертханалық жұмысты жасап болған соң өздері қорытынды жасаулары тиіс. Қорытынды:
ІІ топ 2-тапсырма Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массасы 100 гр болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс. Жұмыстың барысы:
ІІІ топ 3-тапсырма Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі дене, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар; Жұмыстың барысы:
Әр топ өздері тәжірибені қорытындылап, ортаға шығып нәтижесін түсіндіреді. Барлық топты тыңдап болған соң оқушылар Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді, қандай шамаға тәуелді емес екенін өздері қорытынды жасайды. Дұрыс қорытынды жасағандарды оқушылар өздері бағалайды; (жетоннан беріледі) Есептер шығару (Жеке жұмыс)
;
Бағалау жетондар арқылы | Презентация Физика 7 сынып. Л.Э.Генденштейн, А.Б. Кайдалов Кирик есептер жинағы http://bilimland.kz/ru/#lesson=10695 Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8 http://5terka.com/node/1728 | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут Үй тапсырмасы | Сабақ соңында алынған жетондар санын есептеп оқушыларды бағалау. рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой: жасыл-жақсы ұқтым сары - кейбір сұрақтарым бар қызыл -ұқпадым Уй тапсырмасы: Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру 26 - жаттығу | | ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Архимед күшінің формуласын біледі Көпшілік оқушылар: қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады; -қысым ұғымын түсінеді; -Кері итеруші күш ұғымын түсінеді; -Архимед заңын түсінеді Кейбір оқушылар: Архимед күшінің формуласын пайдалана отырып есептер шығара біледі. | - «Миға шабуыл» стратегиясын пайдаланып сұрақ-жауап арқылы жетонмен бағалау; - Өзара бағалау; - Жек жұмысты бағалау; | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Демонстрациялық тәжірибелер көрсету барысында приборлармен мұқият болу. Себебі, таразымен жұмыс жасау барысында кір тастарын құлатып алу қаупі бар. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | . | |||||||||||||||||||
|