Файл: Блім 3в химиялы элементтерді периодты кестесі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін

ДОІЖО: Г.Ж.Жалмукашева


Бөлім:

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

Педагогтің аты-жөні:

С. Жалмукашева

Күні:

06.02

Сыныбы:

7

Қатысушылар саны

22

Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің жіктелуі

(21-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.1 -И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

- көптеген ғалымдардың элементтерді жіктеу әрекетін түсіну

-элементтерді жіктеу принципін ауызша және жазбаша түсіндіру, сұрақтар қою

- химиялық элементтердің қасиеттерін оқу барысында элементтерді жіктеудің артықшылығын түсіну

Сабақтың барысы:

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айқындау.

Оқушылардың назарын шоғырландыру

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын айқындау


Оқушылардың «жаңын арада даму аймағын» , сабақ аяғында күтілетін нәтижені анықтау. Ол үшін оқушылар Доберейнер және басқа ғалымдардың жұмыстарымен танысады (АКТ құралдары). Химиялық элементтерді жіктеудің негізгі принциптерін анықтап, бір-бірімен талқылайды.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Периодтық кестеге негізделген пайдалы PowerPoint:

http://www.webelements.com/

Ноутбуктер

Қосымша 1 (таратпа материалдар)

ХЭ салынған 12 карточка





Жаңа сабаққа кіріспе


Мұғалім «көрінбейтін қол» принципі бойынша сыныпты 3 топқа бөледі.


Оқушылар Доберейнер, Ньюлендс пен Менделеев арасында олардың әрқайсысы ұсынған элементтерді жіктеу әдістерінің артықшылықтары туралы рольдік диалогтар көрсетеді. Оқушылар міндетті түрде өз ойларын дәлелдеп отыру керек.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың ортасы

15 мин.

Химиялық элементтерді жіктеу кезінде қандай әдістерді қолдану керек?


3-4 оқушыдан тұратын топтарға карточкалар таратылады. Карточкаларда химиялық элементтің атауы және олар туралы ақпарат (химиялық символ, негізгі қасиеттері ашылу уақыты) жазылған. Оқушыларды осы элементтерді блгілі принциптерге сәйкес жіктеуге ұсыну.

Қалыптастырушы бағалау

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.







Топтық жұмыс

6 мин


Мүмкін болған жағдайда оқуышлар өз жұмыстарын немесе сыныптастарының жұмыстарын белгілі критериялар бойынша бағалай алады.


Атомдық массасы 1000 болатын элементтің болуы мүмкін бе?

Қазіргі таңда қанша химиялық элемент белгілі?

Осы ғасырда қанша ХЭ зерттеледі?
Na (натрий, sodium) белсенділігі жоғары күміс ақ түсті металл. Салыстырмалы атомдық массасы 23

Химиялық элементтің сипаттамасы (топтық жұмыс үшін)


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.







Жеке жұмыс

5 мин

Өздеріңді Доберейнер орнында елестетіп осы триаданың келесі элементінің атомдық массасын табыңдар:

Ca (40)

Sr (88)

Ba (137)

?

Жауаптарыңды сәйкес жауаппен дәлелдеңдер:

Ньюлендс принципіне негізделе отырып натрийден бастап 8 элементті атаңдар:

Не себепті Менделеев кестесінің алғашқы нұсқасында көп бос торкөздер болды? Бұл нені білдірді?











Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.