Файл: Баяндама айырымдылы ізгі іс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Баяндама: Қайырымдылық - ізгі іс

Қазақ халықтарының өмірін, тұрмыс – салтын зерттеушілердің бірі А.И. Левшин былай дейді: «... басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көру – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенін оқушыларға түсіндіруіміз қажет».

Адамгершілік мәселесінің педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп әл – Фараби айтқандай, педагогоикалар ғылымы зерттейтін негізгі категорияларының бірі – тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын ала адамның рухани өмірінің көптен негіздерін сақтайды тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзін қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетін сақтата отырып, олардың адамгершілік құндылықтрын ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. «Ұлттық тәрбиенің негізі – адамгершілік, еңбек тәрбиесі» - дейді М.Жұмабаев. Адамгершілік тәрбиесіне сәби шақтан баулу керек. Адамның өзін – өзі тәрбиелеумен бойында қалыптастыра алатын ізгі қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Ес білген сәттен бастап біз өз ата – анамызға, бауырларымызға жанашарлық танытып жатамыз. Қайырымдылық дегеніміз – айналасындағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Одан қайтарым күтілмейді, ақысы сұралмайды. Қайырымдылықтың белгісі ең алдымен ата – анаға жанашарлықтан көрінеді. Қайырымдылық ізгілікке негізделген әрекет қой. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке орын жоқ. Қайырымды адамның бойында тәккапарлық, менменсу, дөрекілік кездеспейді. Ол қолындағы барын басқамен бөлісуге дайын. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін аспандатады. Қайырымды бала қашанда ата – ананың мақтанышы екені сөзсіз.

Мына өсиетке тоқталып кетейік. «Атасы мен немересі»

Қария қартайды. Аяқтарын баса алмайды, көздері көрмейді, нашар естиді, тістеріде қалмаған. Және ол өздігінен дұрыс тамақ жей алмай, тамақтар шашып алып отыратын болады. Сонда баласы мен келіні қарияны өздерімен бірге дастарханға отырғызбай, бөлек басқа жерге отырғызады. Бір күні кесемен тамақ апарып береді. Қария ыдысты жылжытаман деп, байқаусызда сындырып алады.

Келіні үйдің бәрін бүлдірді, ыдыстың бәрін сыныдырып болды деп жаман сөздермен ұрыса бастайды. Ашуланған келіні енді тамақты ағаштан жасалған ыдыспен беретінін айтты. Қария терең күрсінді де, ештеңе деп айтпайды.


Бір күні ерлі зайыптылар үйде отырады, қараса балалары еденде тақтайшалармен ойнап, бір нарсе құрстырып жатады. Әкесі баласынан:


  • Сен не жасап отырсын, балам?

Сонда баласы:

«Мен, әке, ағаштан ыдыс жасап жатырмын. Ертен анам екеңіз қартайғанда, сіздерді осы ыдыспен тамақ беремін деп» , - айтқан екен. Осы өсиетте айтылған жағдайға қарап «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал тал өседі» , - деп тегін айтылмағанын байқауға болады.

Жарық дүние есігін ашқан жас сәбидің бәрі бірдей. Біртіндеп әркім өз ортасына бейімделіп, мінез бен түсінік қалыптастырады. Кейде балам әлі жас, ес кіргенде ескертермін деп жүріп, көптеген ата – ана кеш қалып қойғанын кейін бірақ біледі.

Бір әке данышпанға келіп баласын неше жастан бастап тәрбиелеу керек екенін сұрайды. Данышпан кісі баласының неше жаста екенін білгісі келген сұрағына әке: «алты айлық» депті. Сонда данышпан миығынан күліп: «Олай болса, алты ай кешігіпсің» деген екен. Ендеше тәрбие құрсақтан басталатынын халық даналығы ертеден – ақ айтып кеткен. Олай болса, баянамамызды қорытындылай келе, халқымызда «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет, яғни жас шыбық кезінен көмектесу керек, ол үлкейіп, ағаш болып өсіп кеткен соң, оны түзету қиын», - деген нақыл сөзі бар. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, үлкенге деген мейірім секілді адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіруіміз керек.

Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі
Баяндама
«Қайырымдылық – ізгі іс»

Оқыған: Какимова Ж.С.

2011 – 2012 оқу жылы