Файл: ТаырыбыМектеп жасына дейінгі балаларды зияткерлік абілеттерін логикалы ойындар арылы алыптастыру Трбиеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тақырыбы:« Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік

қабілеттерін логикалық ойындар арқылы қалыптастыру»


Тәрбиеші: Алпысова.М.У


«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».
Нәзипа Құлжанова

Логика дегеніміз не?Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік.Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр.Логика дегеніміз тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын– бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту жұмыстары барысында түрлі логикалық тапсырмалар, ойындарды қолдану арқылы баланың қызығушылығын арттыру. 
Міндеті: Баланың қызығушылығын арттыруда логикалық ойындардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға, педагогтарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына қатыстыру. 

Нәтижесінде: 

  • Балалардың сөздік қорлары кеңейеді.

  • Шығармашылығы қалыптасады.

  • Өз беттерінше ізденіп, қызығушылығы пайда болады.

  • Оқуға ынтасы артады.

  • Топтасып жұмыстар жасайды.

  • Достықтары нығайады.

  • Бірін-бірі тыңдайды.

  • Логикалық ойлау қабілеттері артады.

  • Танымдық қабілеттері жетіледі.

  • Адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиеленеді.