Файл: 2ші практикалы саба Таырыбы Паренхималы ауызды дистрофиялар. Таырып бойынша сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-ші ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Паренхималық ақуызды дистрофиялар.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. "Дистрофия" түсінігінің анықтамасы, процестің негізі;

  2. Дистрофияның жіктелуі және жалпы морфологиялық механизмдері;

  3. Паренхималықдиспротеиноздар (гиалинді-тамшылы, гидропиялық, қасаңды) - себептері, морфологиялық өзгерістер, асқынулары мен нәтижелері.



Микропрепараттарды қарау және бейнелеу.

1. Бүйрек өзекшелеріндегі эпителийдің гидропиялық дистрофиясы (гематоксилин-эозинмен боялған). Микроскоптың кіші үлкейткішінде өзекшелердің проксималды және дисталды бөлімдерін тауып, өзекшелердің қуысына назар аудару. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышында эпителий жасушаларының өлшеміне, олардың цитоплазмасы мен вакуольдеріне назар аудару. Себептерін анықтау. Асқынулары мен нәтижелерін анықтау.



2. Бауырдың гиалинді-тамшылы дистрофиясы (гематоксилин-эозинмен бояу). Гепатоциттер цитоплазмасындағы ірі гиалинтарізді ақуыз тамшыларына, ядроның жағдайына назар аудару. Себептерін анықтау. Асқынулары мен нәтижелерін анықтау.


Дайындыққа арналған негізгі материал:

  1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.

  2. Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.


https://drive.google.com/file/d/11sE9KrEsFguFDzuzD4KkrT7CvkFLLbD9/view

2-ші ОБӨЖ
Тақырыбы: Паренхималық майлы дистрофиялар.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Миокардтың майлы дистрофиясы - себептері, ағзадағы макроскопиялық өзгерістер (образды аталу); гистологиялық белгілер (гематоксилин-эозин, Судан бояуы), асқынулары мен нәтижелері.

  2. Бауырдың майлы дистрофиясы – себептері, ағзадағы макроскопиялық өзгерістер (образды аталу); гистологиялық белгілер (гематоксилин-эозин, Судан бояуы), асқынулары мен нәтижелері.



Макропрепараттарды бейнелеу.

  1. Жүректің майлы дистрофиясы («жолбарыс жүрегі»). Сипаттау керек: ағзаның өлшемі, консистенциясы, жүрек қуыстарының қалпы, эндокардтың қалпы. Себептерін анықтау. Асқынулары мен нәтижелерін анықтау.








  1. Бауырдың майлы дистрофиясы («қаз бауыры»). Сипаттау керек: өлшемі, консистенциясы, бауырдың беткейдегі және кескіндегі түрі. Себептерін анықтау. Асқынулары мен нәтижелерін анықтау.



Микропрепараттарды қарау және бейнелеу.

1. Бауырдың майлы дистрофиясы (Г-Э бояуы). Гепатоциттердің цитоплазмасы мен вакуольдеріне назар аударып, бөлікше ішндегі майдың орналасқан жерін анықтау (орталық, шеткері немесе диффузды).



Дайындыққа арналған материал:

  1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.

  2. Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.


https://drive.google.com/file/d/1-iNaLfUFZLHDGuGAnIy9VvHaoHRMGndJ/view