Файл: Физика пнінен 4тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары 10 класс 1тапсырма.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

10 класс

1-тапсырма

Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны 0,8 Вб-ге бірқалыпты өзгергенде, онда 1,4 В ЭҚК индукцияланады. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом.

(a) Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз. [2б]

(b) Өткізгіште пайда болатын индукциялық ток мәнін есептеңіз. [ 2 б]

2-тапсырма

Поляр шұғыласына сипаттама беріңіз. [2б]

3-тапсырма

а) Магнит өрісінің күш сызықтарын анықтайтын қандай ереже?

в) Суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.



[3 б]

4-тапсырма

Электр қозғалтқыштың катушкасы 300 орамнан тұрады, ток күшінің мәні 2,0 А. Катушка қабырғалары 20 см болып келген шаршы, магнит өрісінің индукциясы 0,02 Тл.

а)Катушка қабырғаларына әрекет етуші максимал күшті анықтаңыз.

[1б]

в)Айналдырушы күш моменті максимал болуы үшін, катушка қалай орналасуы керек?

Түсіндіріңіз. [2 б]

с)Қозғалтқышты «қуаттырақ» ету, яғни айналдыру моментін арттырудың әдісін ұсыныңыз. [2б]

5- тапсырма

Трансформатордың бір орамасы ойыншық пойыз жиынтығына, ал екінші орамасы 240 В айнымалы ток көзіне суретте көрсетілгендей қосылған.



а)Cуретте берілген ақпарат бойынша трансформатордың жоғарылатқыш әлде төмендеткіш екенін анықтаңыз.

(b) Ойыншық пойызға түсірілген кернеуді есептеңіз.

с)Ток көзіндегі кернеу төмендейді. Ойыншық пойызға түсірілетін кернеуі қалай өзгереді?

д)Ойыншық пойызды кернеуі 120 В болатын ток көзіне қосуға әрекет жасалды. Ойыншық пойыз жұмысында байқалатын айырмашылықтың бірін ұсынып, түсіндіріңіз. [5 б]

6-тапсырма

Магнит индукциясы 4 мс ішінде 0,2 Тл-дан 0,4Тл-ға дейін өзгергенде 10 В индукция ЭҚК-і қозу үшін, көлденең қимасының ауданы 30 см2 катушкадағы орам саны қанша болу керек екенін есептеңіз.

[3б]

7-тапсырма

Шағын катушкаға гальванометр жалғанған (сурет). Магнит төмен қарай құлап, катушкаға енгенде гальванометр тілшесі:

    1. Ү здіксіз оңға ауытқиды

    2. Үздіксіз солға ауытқиды

    3. Лезде оңға ауытқиды

    4. Лезде солға ауытқиды


[1б]

8-тапсырма

Пластиналар арасында біртекті электр өрісі мен біртекті магнит өрісі бар. Электр өрісінің кернеулігі 2,8∙104 В/м. Бөлшектің жылдамдығы ????=4,7∙105 м/с. Магнит индукция векторын анықтаңыз. [1б]

9-тапсырма

Трансформатор төмендеуі 10 В болғанда 15 А ток береді. Алғашқы кернеуі 320 В қа тең. Онда бірінші жүктеменің ПӘК і 60% болса, трансформатордың бастапқы ток күші мен кіріс-шығыс қуаты неге тең?

[3б]

10-тапсырма

. Суретте электр қозғалтқыш жұмысын басқару үшін электромагниттік реле қолданылғаны көрсетілген.



Төменде құрылғының жұмыс кезеңдерін сипаттайтын сөйлемдер берілген.

А. Реленің өзекшесі магниттеледі.

В. Жылжымалы арматура мен контактілер тұйықталады

С. Өзекше жылжымалы арматураның жоғарғы бөлігін тартады.

Д. Кілт тұйықталады және катушка арқылы ток ағады.

Е. Қозғалтқыш арқылы ток жүріп, оны жұмысқа қосады [3б]

Жалпы балл: 30