ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АВТОРЛЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:Тұлғаның мотивациялық сферасы
Орындаған:Рустем Алтынай
Алматы 2023
Жобаның объектісі :Мотивациялық сферасы зерттелетін тұлға
Жобаның пәні:Тұлғаның мотивациялық сферасы
Жалпы мақсаты:
-Тұлға мен адамның мотивтері мен мотивациясын теориялық зерттеу;
-Тұлға мотивациялық сферасының құрылымын,қызмет етуін және дамуын жан-жақты зерттеу;
Міндеттері:
-Мотивациялық сфера ұғымын түсіндіру,мағынасын ашу;
-Мотивацияның адам өміріндегі,оның ішінде тұлға дамуындағы рөлі және оның маңыздылығын анықтау;
-Тұлға мотивациясының тұрақтылығы,ситуациялылығы,функциялық дербестігін ауқымды қарастыру;
-Мотивация теориясының құрылымын және процестерін анықтау;
Зерттеу болжамы:
Мотивацияның адам өмірінде алатын орны және оның тигізетін ықпалы
Мотивацияның пайда болуына ішкі және сыртқы жағдайлар әсер етеді.Кейде сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады.Бірақ мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан пайда болады.
Негізгі ұғымдар:
Жеке тұлға,мотивациялық сфера,мотивация ұғымы,мотив,даму,қозғаушы күштер,мақсат,қажеттілік,интеллект.