Файл: аза тілі 6 сынып кні Сабаты таырыбы Есімдік Сабаты масаты Білімдік.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ тілі 6- сынып күні_______

Сабақтың тақырыбы: «Есімдік»

Сабақтың мақсаты

Білімдік: Есімдік туралы түсінік, жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік, парасат тәрбиесін беру

Мағыналық: Тұлғалық жағын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар т.б

Сабақтың барысы: Түсіндіру әдісі қолданылады.

І. Жаңа сабақ тақырыбы «Есімдік» интерактивті тақтада көрсетіледі.

Жаңа сабақты түсіндіруде сұрақ-жауап әдісі қолданылады.

Қойылатын сұрақтар:

  • Сөз таптары дегеніміз не ?

  • Оның неше түрі бар ?

  • Осы уақытқа дейін біз неше сөз табын өттік ?

  • Сөз табының ерекшеліктері неде ?

ІІ. Зат есім, сын есім, сан есім тақырыптарында оқығандығын қорытамыз. Осы үш сөз табын алмастырып айтады, солардың орнына жүретін сөздерді келтіріп сөйлем құрайды. «Есімдік» тақырыбын дәптерлеріне жазады.

Есімдіктер – есім сөздердің (зат есім және сын есім, сан есімнің ) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.

ІІІ. Есімдік туралы, оның мағыналық түрлерін көрсететін таблица интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Жіктеу

Сілтеу


Есімдікк
Сұрау

Өздік

Жалпылау

Белгісіздік

Болымсыздық
Оқушыларға есімдік туралыт үсінік беремін. Есімдіктерлің көне заманда пайда болған сөздердің қатарына жататынын айтамын. Тілімізде ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер бар. Олар: мен, сен, ол, біз, қай ?, кім ?, не ?, бұл, сол, осы т.б. Бұлар: ме-н, с-ен, қ-ай, кі-м деп бөлшектеп айтылатынын түсіндіремін. Қазір бөлшектеп, талдап жатуды қажет етпейтіні айтылады. Тіліміздің жетіліп, баюына байланысты кейінгі заманда (соңғы кезде) туралы қалыптасқан есімдіктер де көп. Олар: бір, бар, біреу, бүкіл, күллі, түгел, мынау, анау, сонау, бірдеңе, бірнеше, әлдеқайда т.б. Мағыналары өзгере келе есімдік болғаны ескертіледі. Интерактивті тақтада мыналар көрсетіледі:


  1. Жамбыл – ХХ ғасырдың Гомері. Ол жүз жасаған

  2. Сәкен, Ілияс, Бейімбет - қазақ халқының мақтаныштары. Олар қуғын-сүргін құрбандары болды.

  3. Бірнеше оқушы олимпадаға қатысты. (Бірнеше – сан есім)

Жіктеу есімдігі- белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі.

Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз,(біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

І жақ- айтушы, сөйлеуші жақ.

ІІ жақ-тыңдаушы жақ.

Бұлар адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұрақтарға жауап береді.

ІІІ жақ- бөгде жақ. Ол адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді.

Сондықтан кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.

Сыныпта:193-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін табыңдар (ауызша).

194-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар , қай» септікте тұрғанын көрсетіңдер.

Оқушылар мыналарды талдайды. Есімдіктерді табады. Есімдіктің мағыналарына қарай түрленуі тақтадан көрсетіледі. Оқушылар тақтамен жұмыс жасайды. Мысалдар жазып, есімдіктердің орнына тұрған сөздерді тұлғасына қарай айыру тапсыралады.

  1. Мұқағалидың мұрасы - өлмес мұра. (оның)

  2. Қызықты кітапты сен оқы (осы)

  3. Он шақты оқушы концертке қатысты (бірнеше)


Оқушылар кеспе қағаздармен жұмыс жасады.

Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізіледі. Сюжетті суреттер көрсетіледі (оқушылар шағын шығармаларды оқып, талдады).

Сабақты пысықтап, бекіту үшін оқушыларға бірнеше мысалдар беріледі, өздері есімдердің орнына есімдктерді қойып айтып береді.

Оқушылармен жұмыс: Кітапта берілген жаттығуларды оқып, есімдігін табады.

Үйге тапсырма: 195-жаттығу. Көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызыңдар.Олардың қай жақта, қай септікте тұрғанын айтыңдар.

Сабақты бекіту.

Сабақ қорытылады. Оқушылар білімі бағаланады.

Өткен тақырыпты еске түсіру

« Біліміңді байқап көр»
1.Есімдік туралы осыған дейін не білдік?
1 . Есімдік дегеніміз не?
Мағынасына қарай түрлері

Жұмбақ сұрақтар» Бұл қай есімдіктер?»

Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі?

Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды?

Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды?


Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды,
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қармайды


Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей
1.114- жаттығу. Мәтіннен есімдіктерді табу
Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз

….. айтып тұрған қасиеттер …. баладан табылмасына … кепіл?….. ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен. …..- Күршім өзені. ………- Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер. …елің- алтын бесік.
Есімдіктер:  осы, сіз, бұлар, өз, мына, мынау, кім
Қарамен берілген есімдіктер қай жалғауда тұр? Ол сөздер сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр?

 Ол бәрінен де кіші, одан барлықтары үлкен.

Мен  ешкімнің малын түгендеп жүргенім жоқ.

Әнеугі келген бала- осы.

 

ІІ деңгей
Әркім, әрбір, әлдеқайдан деген сөздерге сөйлем құра.

Құрамында есімдіктері бар мақал- мәтел және ақын- жазушылардың шығармаларынан үзінді келтір.

 
ІІІ деңгей
Маған, онымен, одан, оны, мен, сіз есімдіктерін қатыстыра отырып, « Менің сүйікті ұстазым » деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.
 


Семантикалық карта

 
Мысалдар  

жіктеу сілтеу сұрау өздік белгісіздік болымсыздық жалпылау

барлық

кейбіреу
олар
мыналар
өздері
ешқашан
біздің
қайда
әлдеқашан
біреуге
дәнеңе
әне
қалай
тегіс
әрқашан
 


рТест тапсырмалары беру

1.Жіктеу есімдігін табыңыз:

А) Бұлар В) қайдан С) ешкім Д) олар Е) кейбіреу
2.Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз:

А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауымыз
С) Соның, анаған
Д) өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәрінің
3.Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз:

А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
4.Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?

А) Зат есім орнына қолданылса
В) сын есім, сан есім орнына қолданылса
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе
Д) Сөйлем соңында келсе
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса
5.Дұрыс септелген есімдікті табыңыз:
А) менге  В) сенмен   С) сода   Д) бұдан  Е) сеннің
6.Болымсыздық есімдігін тап

А) дәнеме
В) бірдеме
С) сода
Д) әлдекім
Е) біреу