Файл: 1тапсырма. ызу жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-ТАПСЫРМА. Қызу жұмыс


Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның
ішіндегі температура 40ºC-ге жетті. Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Сұрақ 1: қызу жұмыс

Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма? Иә / Жоқ
Барлық заттардың температурасы бірдей болды Иә / Жоқ
Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады Иә / Жоқ
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады Иә / Жоқ


Сұрақ 2: Қызу жұмыс

Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған. Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал?
A. 70ºC және 10ºC
B. 90ºC және 5ºC
C. 70ºC және 25ºC
D. 20ºC және 20ºC

2-ТАПСЫРМА: Жұлдыздар жарығы


Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды. Алдыңғы жылы Шолпан ауылға барғанда, қалада көрінбеген
көптеген жұлдыздарды көрді.

Сұрақ 1: Жұлдыздар жарығы

Неліктен ауылды жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды көруге болады?
A. Қалада ай жарығырақ, сондықтан ол көптеген жұлдыздардың жарығын жауып тастайды
B. Ауылды жерлерде қалаға қарағанда көбірек щаң-тозаң бөлшектері бар, сондықтан ол жарықты қамтып көрсетеді
C. Қала жарығының молдығынан көптеген жұлдыздарды көру қиынға соғады
D. Көлік және үйлерден жылу бөлінуіне себепті қаладағы ауа әлдеқайда жылылырақ

Сұрақ 2: Жұлдыздар жарығы

Шолпан жарық емес жұлдыздарды бақылау үшін линзасы бар телескопты қолданады.
Неліктен линзасы бар телескоптар жарық емес жұлдыздарды бақылауға мүмкіндік береді?
A . Линза үлкенірек болған сайын, ол көбірек жарық жинайды
B . Линза үлкенірек болған сайын, ол улкенірек ұлғайтады
C. Үлкен линзалар молырақ аспан кеңістігін көруге мүмкіндік береді
D . Үлкен линзалар жұлдыздардағы күңгірт түстерін көруге мүмкіндік береді

3-ТАПСЫРМА: Каталиторлық конвертер


Айрықша замандас көлік маркалары пайдаланылған газды адам мен қоршаған орта үшін зияны аз болуы үшін каталиторлық конвертерлермен жабдықталған.. 90%-ға жуық зиянды пайдаланылған газдар одан әлдеқайда зияны кем газға айналады. Төменде конвертерге түсетін және одан

шығатын бірнеше газдың түрлері келтірілген.

Конвертерге түсетін газ Конвертерден шығатын газ

Азот Н2 Азот Н2

Диоксид көміртегі Со2 Диоксид көміртегі СО2
Су (бу күйінде)Н2О Су (бу күйінде)Н2О
Монооксид көміртегі СО Монооксид көміртегі (10%)
Оксид, азот NO, NO2 Диоксид көміртегі СО2 (90%)

Азот оксиды NO, NO2 ( 10 % ) N2 ( 90 % )

Сұрақ 1: Каталиторлық конвертер

Берілген суреттегі ақпаратты қолданып, конвертердегі пайдаланылған газдың зиянын қалай азайтатынына мысал келтіріңіз.
............................................................................................................................-------------------.
...........................................................................................................................--------------------..
...................................................................................................................------------------------------.

Сұрақ 2: Каталиторлық конвертер

Газдар каталиторлық конвертердің ішінде өзгерістерге ұшырайды. «Атомдар» және «молекулалар» сөздерін қолданып, болып жатқан үдерістерді түсіндіріңіз.
...........................................................................................................................------------------------..
...........................................................................................................................-----------------------..
...................................................................................................................--------------------------------.

Сұрақ 3: Каталиторлық конвертер
Каталиторлық конвертерден бөлінетін газдарды талдаңыз. Каталиторлық конвертермен жұмыс жасайтын инженерлер мен ғалымдар зиянсыз пайдаланылған газдарды алу үшін кандай
мәселенің шешімін табу керек?
.........................................................................................................................-----------------------------------.
..........................................................................................................................----------------------------------
.........................................................................................................................-----------------------------------.


4-ТАПСЫРМА: Мұнара сынығы
Топқа 30 парақтан тұратын екі бума қағаз бен жабысқақ лента
берілді. Сіздердің міндеттеріңіз: орташа салмақты затты көтеріп тұратын, жеке
тұрған мұнара жасау болып табылады. Заттың салмағына шыдайтын ең биік жеке
тұрған мұнараны салу үшін сізге екі мүмкіндік беріледі (əрқайсысына 30 парақтан
тұратын бір бума қағаз). Бұл проблеманы сəтті шешу үшін мұқият жоспарлау,
шығармашылықпен ойлау жəне ұжым болып жұмылу аса маңызды болып табылады.


1. Проблеманы шешу үшін өз топтарыңда қандай шара қолдандылды?

2. Проблеманы шешу үшін қандай дағды қажет болды (мыс., не сұрап отырғанын
түсіну үшін қажетті түсініп оқу дағдысы)?


3. Проблеманы шешу кезінде топ қандай қиындықтарға тап болды?
Шешімі:

1) Жалпы түсінік орнату жəне сақтау

2) Проблеманы шешу үшін қажетті шараларды қабылдау
3) Топ құру жəне сақтау

5-ТАПСЫРМА: Кемпірқосақ

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.

Сұрақ 1: Кемпірқосақ

Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп сынады Иә / Жоқ

Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін Иә / Жоқ

Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін жарықтың таралу жылдамдығынан артық

Иә / Жоқ

Сұрақ 2:Кемпірқосақ

Ақ жарықтың құрама бөліктерге жіктелгендегі жолақтарды 1666 ж ағылшын физигі Исаак Ньютон тәжірибе жүзінде анықтап, спектрлер деп атады. Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.

Қандай жағдайда біз қара денені көре аламыз?

A. Егер дене оған түскен барлық жарықты жұтатын болса

B. Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті жұтатын болса

C. Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті шағылдыратын болса

D. Егер дене ақ жарықтың барлық құрама бөліктерінен біркелкі шағылатын болса

6-ТАПСЫРМА : Термометр

Термометр - дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді қазіргі түріне 1723 жылы Фаренгейт келтірді және оны қалай істейтінін суреттеп берді. Басында ол да өз трубкаларын спиртпен толтырды, сосын барып сынапқа көшті. Өзінің шкаласында нөл деп ол қар мен нашатыр немесе ас тұзымен араласқандағы температураны алды. Ал судың қатуының бастауы деп 32° градусты, ал сау адамның денесінің температурасы ретінде ол 96° алды. Сосын ол судың қайнау температурасын анықтады, ол 212° тең болды. Мұздың еруі мен судың қайнау температурасын 1742 жылы Цельсий нақтылап көрсетті, бірақ басында ол 0°-ты қайнау, ал 100°-ты қату температурасы ретінде көрсетті.


Сұрақ 1: Термометр

Термометрдің жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген?

A. Температураның артуына байланысты сұйықтың қысымының артуына негізделген

B .Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген

C. Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың массасының өзгеруіне негізделген

D .Температураның өзгеруіне байланысты сұйықтың қысымының өзгеруіне негізделген

Сұрақ 2: Термометр

Суретте күн сәулесі түсіп тұрған 3 бірдей спиртті термометр кескінделген. Қай термометрдің көрсеткіші бірінші болып өзгереді?

1- термометр 2- термометр 3- термометр

(қызыл түсті спирт) , (күлгін түсті спирт), (түссіз спирт)

A. 1- термометрдің B. 2- термометрдің

C. 3- термометрдің D. Үшеуінде бірдей

Сұрақ 3: Термометр

Термометрлердің түрлеріне байланысты төмендегі берілген пікірлер дұрыс па?

Төменде келтірілген мүмкін пайымдаулардың әр қатарынан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз

Төмендегі пайымдаулар дұрыс па? Иә / Жоқ

Сынап және спирт термометрлерінің көрсетуі тек бір тірек нүктеге ғана сәйкес келеді

Иә / Жоқ

Сынапты термометрмен мұқият болу керек, себебі сынап буы – үлы Иә / Жоқ

Арктиканы зерттеушілер спиртті термометрлерді таңдап алады Иә / Жоқ

Сұрақ 4: Термометр

Неліктен температураны арттырғанда газ бен сұйықтың көлемі ұлғаяды?

A. Молекулалар саны артады

B. Олардың молекулалары көбейеді

C. Олардың молекулалары сирек соқтығысады

D .Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады