Файл: Маали поэзия тлпары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Мұқағали – поэзия тұлпары»
Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?

Тату-тәтті бармысыңдар , армысыңдар , Адамдар! – деп Мұқағалидың салемдесу салтымен амандасамыз. Қош келіпсіздер, өлең сүйер , өнер сүйер қауым, кешіміздің қонақтары және жас өрендер! Бүгінгі «Дара жол» бағдарламасына қош келдіңіздер! Бүгін сіздер мен біздер «Мұқағали – поэзия тұлпары»айдарымен жарыққа шығып отырған танымдық кешімізде

« әркімнің өз дара жолы» бар екенін, жақсының аты өлсе де хаты өлмейтініне тағы бір мәрте көз жеткізе отырып, қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен мұзбалақ ақын, Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өрелі өлеңдері жайлы ой өрбітіп, ақынның жалынды өлеңдерінің өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және еліне , ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу мақсатында бас қосып отырмыз.

Бағдарламаны бастамас бұрын кешіміздің бөлңмдерімен таныстырып өтейін:

1. «Есіңе мені алғайсың...»

2. «Бұл ғасырдан емеспін»

3. «Қазақ поэзиясының Хантәңірі»

Ән: « Есіңе мені алғайсың...»

Бағдарламамыздың «Есіңе мені алғайсың...» әдемі әуенмен басталуы тектен-тек емес екенін аңғарып отырған шығарсыздар.Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы есімізге алып, сағына сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз.

Әлем –дархан ,саялаңдар,

Бәріңе де орын бар,

Қорған емес ,салтананатты

Сәнді сарай соғыңдар.

- Ей, адамдар, сендер тату , сендер тату болыңдар! –деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталды.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Олай болса, сөз тізгінін өлең сүйер, жақсыны бойға сіңіріп, ойға түйер жас өрендерге берсек.

Әдеби монтаж.

« Арыз жазып кетейін»

«Болады деп арманда»

«Мен –таулықпын»

«Мен үйсінмін»

«Бабаларым,рақмет сендерге»

ІІ бөлім « Бұл ғасырдан емеспін»

«Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да» деп жазды Мұқағали Мақатаев өзінің күнделігінде. Бүгңнгң таңда бұқаралық ақпарат құралдарында да материалдар жарияланып, телеарналар мен радиоларда арнайы бағдарламалар беріледі. Яғни, ХХІ ғасырда Мұқағалидың жұлдызы жоғары жанып тұр деп айтсақ болады.


Ақынның өз дәуірінің емес, болашақтың туысымын деп толғауы неліктен деп ойлайсыздар?

Себебі кез келген қаламгерді өз заманынан бөліп тастау мүмкін емес. Мұқағали өмір сүрген кезеңде қазақ басынан қандай жағдайлар өтті. Мұқағали неге сүйініп, неге күйінді? / ой бөлісу, пікір алмасу/

Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

1-көрініс «Бұл ғасырдан емесппін»

Бұл телехикая ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ұсынылады.Ақиық ақынның 1973 жылдан 1976 жылға дейінгі өмір кезеңіне арналған. Осы уақыт аралығындағы ақын өмірінің ең күрделі және қызықты сәттері мен фактілері ашылады.Режиссері: Азамат Сатыбалды, Дархан Саркенов.

Сұхбат. /видео сұрақ/
1.Мұқағали Мақатаев поэзиясының кең таралуының мәні және оның өміршеңдігіне баға беріңіз.(Кеуіл Серік)
2.Ғасырда бір туатын дарабоз ақын өлеңдері бүгінгі болашақ ұрпақтың жүрегіне үкі етіп,оның рухани қазынасын ұлт игілігіне айналдыру қаншалықты маңызды?

(Сәуле Әкімгерейқызы )
2-көрініс «Бұл ғасырдан емеспін» /отабсы жайлы естеліктер,видео, өз сөзі/
3.Өлең-өнер,өлең-дерт,оны туа біткен дарын,шын талант иесі демекші,жүрек пен сезімнің отына ораған ақынның шығармашылығынан сыр шертсеңіз.(Кенжегүл Бахытқызы)
4.Жазира Қарасайқызы,қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан Мұқағали ақындай асыл жырларыңызды біз секілді жас ұрпаққа тарту етсеңіз.

(Жазира Қарасайқызы)
ІІІ бөлім «Қазақ поэзиясының Хантәңірі»

Әдеби монтаж

«Поэзия менімен егіз бе едің?» , «Ей өлең» ,«Өлең керек», «Аққулар,қош болыңдыр»

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осымен жыр музасы Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Оның маржан жырлары халқымен бірге жасап мәңгілік өшпейді, қазір жазылғандай,сиясы кеппек емес...


Рефлексия