Файл: Просмотр содержимого документа "Ана мен бала" ата аналар сайысы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
та мен бала" атты ата-аналармен өткізілген сайыс
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Просмотр содержимого документа
«"Ана мен бала" ата -аналар сайысы»
Тақырыбы: «Ана мен бала»
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, 3 Д қалам, А3 қағадар, пломастер.
Ұйымдастыру кезеңі.
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар!
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, балабақша , қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.
Тәрбиеші: Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Шәріпбектер отбасы ортамызда.
Анасымен баласы
2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғыпқарсы алайық енді оны
Меңдібаеватар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткенотбасы бұл
Анасымен қызы
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар. Сайыс ережелерімен шарттарымен таныс болыңыздар.
Тәрбеиеші: Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
1 кезең.Таныстыру. 5 минут
2 кезең. Қызықты сұрақтар 5 минут
3 кезең. Өз өнері 5 минут
4. кезең: Үй тапсырмасы көрме жұмысы 5 минут
5 кезең: «Мен суретшімін.» 15 минут
Бүгінгі сайысты бағалайтын әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
1.Балабақша меңгерушісі Л.И.Оразаева
2. Балабақша әдіскері Г.М.Байжанова
3.Балабақша тәрбиешісі: Ә. Төлепова
1кезең: «Таныстыру»
2.кезең. «Қызықты сұрақтар»
II. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Тәрбиеші: Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында - демекші
3 кезең — «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнерін көрсету бөліміне береміз.
Бұл сайыстың шарты бойынша ата-аналар өз өнерлерін ортаға салады.
4 кезең. Үй тапсырмасы. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойына орай көрме жұмыстарын таныстыру. Уақыты: 5 минут.
5 кезең — «Қылқалам шебері» «Мен суретшімі » атты тапсырма сайысы. Бұл сайыста бала мен ата – ана бірігіп қатысады. Берілетін уақыт 10 минут
1. Анасы баласының айтқан бейнесін ақ парақ бетіне көздерін жұмып отырып салады.
2.Қараңғыда сурет салу тақтайшасы бойынша анасымен баласы отбасы тақырыбында сурет салады.
3. Д қаламын пайдалана отырып, еркін тақырыпта сурет салады.
Жарайсыздар ата-аналар. Бүгінгі сайыс өз қорытындысына келіп жетті.
Әділ-қазы алқалары өз шешімдерін шығарам дегенше ортаға «Біз бақытты баламыз» әнімен әнші қыздарымызды шақырамыз.
Сайыстың қорытынды шешімі.
Ата-аналарды мадақтау.