Файл: Бйрек жне зр шыару жолдары ауруларында мейіргерлік рдісті йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ІІ.Негізгі бөлім

Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

Гломерулонефрит.

Пиелонефрит

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүйрек ағзадағы маңызды органның бірі. Оның негізгі қызметі ағзадағы қанды сүзу арқылы тазарту болып табылады. Алайда оның жұмысының бұзылуы уремия деп аталатын ағзаның улануына ұшыратады.Сонымен қатар, асқынулар кезінде бүйректің жедел және созылмалы аурулары кездеседі.

Нечипоренко әдісімен зәрді жинау

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқ нұсқау жүргізу

2.Қолды гигиеналық деңгейде тазарту.Қолғапты кию

3.Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуу.(стандартты түрде қарау)

4.Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға 1,2 есебінде бөліп шфғаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

5.Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинау

6.Жолдаманы толтыру.Бөлім,палата номерін,науқастың аты-жөнін,зерттеу мақсатын,зәрді алғаннан күнін,мейірбикенің қолын көрсетуі

7.Жиналған зәрді лабораторияға апару

8.Қолғапты шешу,контейнерге салу.Қолды жуып,кептіруНечипоренко тәсілі-бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қаралып және цилиндр мөлшерлері әдістермен анықталады.Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді:бегісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін,науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.

Зимницкий байқауы

Зимницкиий байқауы – бүйрек қызметінің байқауы,мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы анықтауға негізделген.Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіледі:

- зерттеу жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады.

- бір тәулікте 1,5 л дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді

зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

2.Таңерт ең сағат 6-да науқас қуығындағы зәпді унитазға боастуы тиіс

3.Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинайды

4.24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

5.Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарады.


№1 порция 06:00-дан -09:00 дейін

№2 порция 09:00-дан -12:00 дейін

№3 порция 12:00-ден -15:00 дейін

№4 порция 15:00-ден-18:00 дейін

№5 порция 18:00-ден -21:00 дейін

№6 порция 21:00-ден -12:00 дейін

№7 порция 00:00-ден -03:00 дейін

№8 порция 03:00-ден-06:00 дейін

Жедел гломерулонефрит-көбіне бүйрек шумақтарын ,кейін өзекшелер және интерстициалды ұлпаларды ,бүйрек тамырларын зақымдауымен сипатталатын жедел қабыну процесімен сипатталатын ауру.Ауру көбіне жас кезінде ер адамда жиі кездеседі. Жедел гломерулонефрит – өз бетімен дамитын біріншілік ауру,бірақ кейде дәнекер ұшаларының диффузды ауруларында кездеседі.Негізгі симптомдары:алғашқы инфекцияның организмге енуінен бастап жедел гломерулонефриттің алғашқы симптомдары пайда болғанға дейін 7-10 тәулік өткен.Кейде бұл кезең 30 тәулікке дейін созылады.

Жедел гломерулонефрит

Себептері.Жедел гломерулонефрит өз бетімен дамитын ауру ретінд инфекциялық процесс бірінші орын алады.Сол инфекциялар ішінде бета-гемолитикалықстрептококк А тобы жиі кездеседі.Сонымен қатар басқа бактериялардың әсерлері зор пневмококк,стафилококк және вирустар(аденовирустар,қызылша вирусы,гепатит В, энтеровирустар)Жедел гломерулонефрит сывороткалы ауруларда пайда болуы мүмкін.Дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсерлеі мен басқа да инфекциялық емес факторлардың әсерінен организм реактивтілігінің өзгеруіне байланысты нефрит пайда болуы мүмкін.

Қоздырғыш факторлар:дененің салқындауы,ауа дымқылдылығының жоғары болуы,операциялар,жарақаттанулар,физикалық күштер аурудың пайда болуына әсерін тигізетін факторлар

Жедел гломерулонефрит ауруымен ауыратын науқастарды жоспарлау.

Жоспарлары

Мотивациясы

Қатаң төсек тәртібі,бел тұсын жылы ұстау

Бүйрек қан айналымын жақсарту,диурезді көбейту үшін

Тәулік диурезін бақылау

Жағдайын бақылау үшін

Сұйықтықты,тұзды шектеу диетасымен қамтамасыз ету,витаминдері көп тағамдар, жетісіне бір күн жеңілдік күні

Диурезді көбейту,организм сақтану қабілетін жоғарылату үшін

Тері мен көрінетін кілегейлі қабық тардың күтін қамтамасыз ету

Тері тесілуін алдын алу үшін

Физиологиялық қажеттіліктерін бақылау

Іш қатуды алдын алу

Салмағын 3 жетіде 1 рет өлшеу

Жасырын ісіктерді анықтау үшін

Науқастың сырт келбетін,жағдайын,пульсін,артериалды қан қысымын күніне 2 рет өлшеу,демалыс жиілігін бақылау

Асқынуларын анықтап, алдын алу үшін

Қажетті көмек беру

Диета сақтау , тәулік диурезін бақылау, пульсті есептеу,дәрілерді әрдайым қабылдау қажеттігі туралы әңггіме жүргізу


Науқастың жағдаының нашарламауын ,асқынуларын алдын алу үшін

Дәрігер нұсқауларын уақытында орындау

Ем нәтижесіне жету үшін

Қосымша тексерулерге дайындау

Тексерулерді дұрыс өткізу үшін

Бел тұсын жылы ұстау

Ем нәтижесіне жету үшін

Созылмалы гломерулонефрит- екі бүйректің созылмалы иммунды қабынуы. Біріншілік бүйрек шумақтарының үдемелі ыдырауымен әрмен қарай бүйректің басқа да структураларының зақымдануымен тез дамитын нефросклероз және бүйректің екіншілік бүрілуімен сипатталатын ауру.Созылмалы гломерулонефрит бүйрек шамасыздығының негізгі себебі болып табылады.

Себептері:10-20 науқастарда жедел гломерулонефритпен ауырғаннанкейін пайда болады,ал 80-90 науқастарда жәймен дамыған зәрдегі өзгерістерді байқаусызда табу(латентті нефрит)Жиі 40 жасқа дейінгі ер адамдар ауырады.

Созылмалы гломерулонефрит

Клиникалық формалары. Созылмалы гломерулонефриттің бірнеше клиникалық формалары бар:

1.Латентті форма- жиі кездесетін формасыболып табылады.Көбіне зәрде өзгерістермен сипатталады,аздаған протеинурия,гематурия,лейкоцитурия,кейде АҚҚ кішкене көтерілуі байқалады.

2.Гематуриялық форма-сирек кездесетін формасы.Әрдайым гематурия,кейде макрогематурия эпизодтары байқалады.Аздаған протеинурия,ісік болмайды,АҚҚ қалыпты.

3.Гипертониялық формасы бас ауыруымен,бас айналу,көз көруінің төмендеуі,жүрек орнының ауыруы,ентікпе,жүрек шекарасының сол жаққа кеңеюімен сипатталады.

4.Нефротикалық формасы жалпы әлсіздік ,тамаққа тәбеті төмендеуі,жалпы ісіктер,диурез төмендеуімен сипатталады.

5.Аралас формасы гипертониялық синдром мен нефротикалық синдроммен қосылып дамиды.Бұл формасына ісіктер,олигоурия,айқын протеинурия,гипертензия тән,ал ағымы айқын болады.

6.Тез дамитын қатерлі гломерулонефрит жүйелі ауруларда жиі кездеседі.Бүйрек тез нашарлап,терапиялық ем нәтижесі нашар болады.

Жедел пиелонефрит - бүйректің аралық тіні мен табақша-түбекше жүйесінің басым зақымдауымен сипатталатын спецификалық емес инфекциялы қабыну процесі. Көбіне 45 жасқа дейінгі әйел адамдар ер адамдарға қарағанда 2-5 рет жиі ауырады.

Жедел пиелонефрит классификациясы:

I.Клиникалық ағымына байланысты

*біріншілік

*екіншілік

II.Зақымдалуына байланысты

*бір жақты

*екі жақты

III.Қабыну мінезіне байланысты

*серозд

*іріңді

Біріншілік пиелонефрит-бүйрек пен зәр шығару жолдарының бұзылуы әкеліп соқтырады.

Екіншілік пиелонефритке -зәр шығуына қиындық туғызатын бүйрек пен зәр шығару жолдарының органикалық өзгерістері әкеліп соқтырады.


Жедел пиелонефрит

Негізгі себептері инфекция болып табылады. Ішек таяқшалары жиі , ал стафилококк, клебсиелла , энтерококк, стрептококк сирек кездеседі.Пиелонефрит дамуына әсерін тигізетін факторлар:

-микроорганизмнің жалпы жағдайының бұзылуы және иммунобиологиялық реактивтігінің әлсіреуі;

-организмнің күрт нашарлауына байланысты инфекцияға қарсы күрестің төмендеуі-ауып урогениталды қабыну ауруларымен ауруы;

-гиповитаминоз, қан айналымының нашарлауы; бауыр аурулары.Негізгі белгілері. Ауру жалпы және орнықты белгілермен сипатталады.

Пиелонефритке симптомдар тиадасы тән: тоңып-дірілдеу, әрмен қарай дене температурасы-ның көтерілуі, дизуриялық ;белдің ауыруы.

Пиелонефрит дамуына әсерін тигізетін факторлар:

-салқын әсері,уродинамика төмендеуі

-микроорганизмнің жалпы жағдайының бұзылуы және иммунобиологиялық реактивтігінің әлсіреуі;

-организмнің күрт нашарлауына байланысты инфекцияға қарсы күрестің төмендеуі-ауып урогениталды қабыну ауруларымен ауруы;

-зәр шығару жолдарында тас жиналуы

-гиповитаминоз, қан айналымының нашарлауы; бауыр аурулары.

-қант диабеті,урологиялық манипуляциялар

Созылмалы пиелонефрит- бүйректің табақша -түбекше жүйесінің, каналшықтардың, әрмен қарай бүйрек шумақтарының зақымдануымен сипатталатын инфекциялық емес қабыну процесі. Созылмалы пиелонефрит жиі кездесуі адам жасына, жынысына, дамуына, әсерін тигізетін факторларға байланысты.

Себептері. Негізгі себептері инфекция болып табылады. Жиі кездеседі: ішек таяқшалары, сирек- стафилококк, клебсиелла, энтерококк, стрептококк.

Негізгі симптомдары:

-жалпы симптомдар

-жеке симптомдар

Жалпы симптомдар: тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік, ұйқысы келу, бас ауыруы, ауызында жағымсыз дәмнің пайда болуы, тамаққа тәбетінің төмендеуі, іш кебуі, эпигастрия

Жеке симптомдары: бел тұсының ауыруы, зәр шығуының бұзылуы, Пастернацкий сиптомы оңды, артериалды қан қысымының көтерілуі, зәр құрамының бұзылуы

Асқынулары: Нефросклероз(көбіне созылмалы пиелонефриттің латентті кезеңінде болады), пионефроз(көбінесе созылмалы пиелонефриттің активті кезеңінде болады)

Жоспарлары

Мотивациясы

Қатаң төсек тәртібі

Бүйрек өан айналымын жақсарту, диурезді көбейту үшін

Ащы, тұзды, кептріліген тағамдардан бас тарту, диеталық тамақтану

Түбекше табақша жүйесіе тітіркендірмеу үшін

Тәулігіне сұйықтықты көп ішу 2-2,5 литрге дейін , физиологиялық қажеттілігімен қамтамасыз


ету

Қабыну процесіне қарсы нақты диурезді қалыптастыру

Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтарды күтуін қамтамасыз ету

Тері тесілуінің алдын алу үшін

Созылмалы пиелонефрит ауруымен ауыратын науқастарды жоспарлау

Қорытынды

Пиелонефрит ауруы кезінде тәулігіне 2-2,5 л дейін сұйықтық қабылдау шарт. Антибактериалды терапия кем дегенде 2 апта бойы 7-10 күндік курстармен, эмпирикалық (патогенді сепкенге дейін) және мақсатты (микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтағаннан кейін) түрде жүргізіледі.Ал лломерулонефритті емдеу мыналарды қамтиды: 1. Ауруханаға жатқызу.

2. Дәрі-дәрмекпен емдеу.

3. Диета.