Файл: Пні автоматты басару теориясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»


пәні: АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ


зерханалық жұмыс №1 Негізгі типтік динамикалық буындар және олардың сипаттамаларын MATLAB Simulink бағдарламасында зерттеу

Тобы: ЭЭк-21-6

Орындаған: Игілік Данияр Саламатұлы

Тексерген: Даримбаева Назира

Алматы 2022

Жұмыстың мақсаты: автоматты реттеу жүйесінің (АРЖ) буындарына моделдеу әдісін қолдана отырып, MATLAB Simulink бағдарламасы арқылы автоматты реттеу жүйесінің типтік динамикалық буындарының сұлбасын құру мен өтпелі сипаттамаларымен, жұмыс режимдерімен танысу.

Тербелмелі буын



Апериодты буын



Күшейткіш буын



Интегралдаушы буын



Интегралды дифференциал буын



Нақты дифференциалдаушы буын



Бақылау сұрақтары

  1. АРЖ жұмыс істеу принципі.

Қандай да бір қажетті заң бойынша өзгеретін реттелетін параметрлер немесе әр түрлі аймақтарда реттелетін параметрлердің тұрақты мәнінде автоматты түрде ұстап тұруға арналған құрылғы автоматты реттеуіштер деп аталады. Реттеу аймағының автоматты реттеуішпен байланысын автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) деп айтады. Реттелетін аймақ пен автоматты реттеу автоматты реттеу (АР) жүйесінің элементтері болып табылады.

  1. Құрылымдық сұлба анықтамасы

Құрылымдық сұлба дегеніміз басқару жүйесінің математикалық моделінің сызбалық бейнесі. Құрылымдық сұлбаның элементтері буындар болып табылады. Буындардың арасындағы өзара байланысты байланыс  сызығымен бейнелейді, олар сигналдың беріліс бағытын көрсетеді. Сызық үстінен сигналдың шартты белгісі қойылады. Сызықтардың тармақталуы болатын байланыс сызығының нүктесі түйін деп аталады.


  1. Буынның беріліс функциялары

Егер буынның беріліс функциялары қарапайым элементар көбейткіш немесе элементар бөлгіштер түріне ие болса, онда типтік немесе элементар буындар деп атайды. Типтік буындарды қарапайым бірінші және екінші ретті дифференциал теңдеулермен ажыратуға болады: а) қарапайымы: инерциясыз, интегралдаушы, дифференциалдаушы буындар; б) бірінші ретті буындар: инерциялы, инерциялы- диффененциалдаушы, форсирлеуші, инерциялы - форсирлеуші; в) екінші ретті тербелмелі буын.

  1. Буынның уакыттық және жиіліктік функциялары.

 Гидродинамикалық беріліс - айналдырушы иінді күш сұйықтың қозғалыс мөлшерінің өзгееруі арқылы берілетін қалакты деңгелектерден тұратын сатысыз беріліс.

Гидрокөлемді беріліс - көлемді сорап, көлемді гидроқозғағыш және құбырлардан құрастырылған гидроберіліс.

Гипоидты беріліс - осьтері бір-бірімен түйспейтін тісті конустық беріліс.

Басты беріліс - жетекші дөңғалаққа қажет мәнге дейін бұрыштық жылдамдықты азайтуға және айналдырушы иінді күшті ұлғайтуға арналған көліктік құралдың күштік берілісіндегі беріліс.

  1. Буынның уақыттық және жиіліктік сипаттамалары.

Автоматикалық басқарудың жүйесі бөлек өзара жалғанған буындар мен
каскадтардан тұрады. Осындай буындардың әрбірінде аты бар, белгілі бір
қызметтік міндеттері болады.
Буындар сызықты және сызықты емес, инерционды және инерционсыз,
аналогтық және дискретті болып бөлінеді. Автоматикалық басқарудың
радиоэлектронды жүйелерінде радиотехникалық құрылғыларға сәйкес буындар жиыны қолданылады, олар: жоғары жиілікті және тұрақты токты күшейіткіштері автогенераторлар, модуляторлар және демодуляторлар, фильтрлер, сонымен қатар төмен жиілікті, қосқыштар және дабыл ажыратқыштар, жиілік ауыстырғыштар және түрлендіргіштер, жиіліктік, фазалық және бұрыштық дискриминаторлар, дабылдың жиілігін, фазасы және амплитудасын басқаратын құрылғылар, дабыл тоқтатқыш желілер, параметрлерді өлшейтін барлық сезбек: релейлі , импульсті, сандық.
Қорытынды:

Бұл зертханалық жұмыста автоматты реттеу жүйесінің (АРЖ) буындарына моделдеу әдісін қолдандым. Жәнеде MATLAB Simulink бағдарламасы арқылы автоматты реттеу жүйесінің типтік динамикалық буындарының сұлбасын құрдым, және өтпелі сипаттамаларымен, жұмыс режимдерімен таныстым.