Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Манометрлер. Сорылар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Манометрлер. Сорғылар


Бөлімі:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Жарылқапова Ж.С

Күні:

10.02

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Манометрлер. Сорғылар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

-Манометр құралын не үшін

қолданылатынын анықтай алады,түрлерін біледі,оларды күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді.

-Барометр мен манометр құралын салыстыра отырып,айырмашылығын түсінеді.Манометрмен қысым айырымын өлшей алады,бөлік құнын анықтай


Бағалау критерийлері


-Манометр мен сорғылардың түрлеріне анықтама бере алады.

-Манометр мен сорғылардың түрлері мен ерекшеліктерін ажырата алады.

-Манометр мен сорғылардың жұмыс істеу заңдылықтарын айқын тұжырымдайды,практика жүзінде аспаптармен өлшеулерді толық жүргізе алады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу оқушылармен,түгелдеу

Сәлеметсіңдер ме,балалар!Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин атамыз «Кел,балалар,оқылық,оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық»деді емес пе,ендеше бүгінгі сабақта барлығымыз ынталы,белсенді,ықыласты,зейінді,зерделі болайық.

Үй тапсырмасы «Формула кестесі» әдісі

Оқушылар тақтадағы берілген кестені толтырады.формулалардың өлшем бірліктері мен дұрыс атауын жазады.


Кесте бойынша жеке жұмыс жасайды


Формула жаттайды,өлшем бірліктер біледі

Үй тапсырмасын қайталайды жалпы балл 2 балл


АКТ

ДК экран

Слайд

Сөздер жазылған стикерлер
Қарындаш,

қаламсап,

сызғыш

Сабақтың ортасы

20 минут


Проблемалық әдіс «Ойлан, жұптас, бөліс».Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?(барометр)

Балалар,атмосфералық қысымнан жоғары не төмен болатын процесстер табиғатта немесе техникада байқалады ма?

Ал ол қысымдарды қалай өлшеуге болады?

«Джигсо» әдісі бойынша берілген мәтінді оқушылар танысып, бір-біріне талдап, түсіндіреді.

Осы әдіс бойынша мына тақырыптарда постер қорғау

  • «Манометрлер»

  • «Сорғылар»



СӘТТІЛІК ФОРТУНАСЫ арқылы оқушылар дөңгелектегі дайындалған сұраұтарға жауап береді.


Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады,жауап береді,пікірлеседі,жинақ-

тайды,тұжырымдайды.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша постерін жазып қорғайды

Оқушылар аспаптарды қолданып, әр түрлі құрылғыларда қысым өлшейді.


Дескриптор:

-Манометр , сорғылардың қандай қызмет атқаратынын біледі, олардың құрылғысын, негізгі бөлшектердің атауларын біледі.

-Манометр, сорғылар, танометр туралы ақпаратты жеткілікті дәрежеде өңдейді.

-Қысым өлшейтін аспаптарды, яғни манометр, танометрді орынды қолдана алады.

Жалпы балл-3

Дескриптор:

-Аспаптардың анықтамасын білу,бөлік құнын анықтайды. -Аспаптардың түрлері мен ерекшелітерін ажырата алады.

-Аспаптардың құрылғысын және бөлшектердің атауын біледі.

-Аспаптардың жұмысы қандай заңға негізделгенін біледі.

Жалпы балл-5

Презентация материалдары.


Графпроектор,

слайдтар 9,10,плакаттар,

манометр,

сорғы


Сабақтың соңы.
10 минут
Рефлекция


Бағалау


Үй тапсырмасы

«Екі жұлдыз,бір тілек» Оқушылар біліміне кері байланыс арқылы қорытынды жасалынады.

Сіз бүгін нені білдіңіз?

Сіз үшін не құнды болды?

Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

§28 Манометрлер.Сорғылар

Эксперименттік тапсырма

Сабақтан алған әсерін стикерге жазады



Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл


Стикер,

Фломастер