Файл: Сабаты таырыбы Электр тогыны жмысы мен уаты, ДжоульЛенц заына есептер шыару.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
« Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А. Байтұрсынов
Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңына есептер шығару.
Мақсаты: Оқушылардың өз бетінше есеп шығару және шығару жолын жазу дағдысын қалыптастыруды жалғастыру және құралдармен жұмыс істей алу.
Дереккөздер,құрал- жабдықтар: оқулық, АКТ, презентация, жұмыс дәптері,ғалымдардың суреттері, зертханалық құралдар(ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, шам, өткізгіш сымдар), даналық ағашы, бағалау парақтары,деңгейлік есептер,схемалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабаққа кіріктірілген модульдер мен оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер. Оқытуда АКТ-ны пайдалану. Сыни тұрғыда ойлау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. | 1.Диалог 2.Топтық және жұптық жұмыс 3.Жеке жұмыс 4.ЖИГСО әдісі 4.Кері байланыс |
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Сұрақтарға жауап беру,формулаларды жазу, өзбеттерінше есептер шығару,құралдармен жұмыс істей алу.
Сергіту сәті «Амандасу»
Сұрақ -жауап әдісі (Үй тапсырмасын сұрау)
1 сұрақ- 2 ұпай
Деңгейлік есептер
-
А- деңгейі (3 ұпай)
Тізбектегі кернеу 15 В кезінде, 10 минутта 3А ток күші қандай жұмыс жасайды
-
В- деңгейі (5 ұпай)
Бір электр шамы 127 В кернеу жүйесіне қосылған. Ал екінші шам 220 В кернеу жүйесіне қосылған. Екеуінен де 1 Кл заряд ағып өткенде шамдардың қайсысында көп жұмыс істеледі
-
С- деңгейі (7 ұпай)
Көтергіш кранның электр двигателі 380 В кернеумен жұмыс істейді. Оның орамындағы ток күші 20 А. Егер массасы 1 т жүкті кран 50 с ішінде 19 м биіктікке көтеретін болса, қондырғының ПӘК-і қандай болады.
Топ басшыларының есептері
1 топ Электр плитасының қылы жанып кетті. Оны қайта жалғағаннан кейін біраз қысқарған. Белгілі бір уақыттағы плитадан бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді? 4 ұпай
2 топ Қалта фонарына арналған шам астында 3,5 В , 0,28А ден жазылған. Жұмыс режиміндегі кедергі мен тұтынылатын қуатты табу керек. Қыздыру шамы баллонында 220 В, 60 Вт деп жазылған. Жұмыс режиміне сәйкес ток күші мен кедергіні табыңдар. 5 ұпай
3топ Кедергісі 3 Ом және 6 Ом екі резистор тізбекке параллель қосылған. Бірінші резистордан өтетін ток 2 А. 10 с уақыт ішінде екі резистордан қандай жылу мөлшері бөлінеді. 5 ұпай
Зертханалық жұмысты көрсету
Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу
I, А | U, В | t, с | P, Вт | A, Дж |
| | | | |
P=IU A=IUtQ=I2Rt
Тест 1. Кедергілері 2 Ом, 3 Ом және 6 Ом резисторларды параллель қосқанда қандай кедергі туындайды (Ом)? 1-жауап (1 балл) А.36 В. 3,27 С.11 Д.5,5 2.Кедергілері 3 Ом және 6 Ом екі резисторды бір-біріне қосып алуға болатын кедергілер 2-жауап (2 балл) А. 3 В.9 С.18 Д.2 Е. 4,5 3. Кедергі 20 Ом ток күші 5А қыл сымда 10 секундта бөлінетін жылу мөлшері 3-жауап (3 балл) А.5кДж В.5000Дж С.200Дж Д. 0,05* Дж
Бағалау парағы
№ | Аты-жөні | Үй тапсыр масын сұрау (1балл-1 сұрақ) | Физикалық формулалар (2балл-1 формула) | Зертханалық жұмыс (1балл-5балл) | Есеп (5балл-10 балл) | Тест | Жалпы ұпай саны |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |
4 | | | | | | | |
5 | | | | | | | |
Үйге тапсырма Тарауды қайталау §9.7 - § 9.8
Рефлексия