Файл: за мерзімді жоспар блімі Траты электр тогы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.16 – металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Электр кедергісінің температураға тәуелділігін түсіндіру;

  • Асқын өткізгіштік ұғымымен таныстыру.

Бағалау критерийлері

  1. Электр кедергісінің температураға тәуелділігін түсіндіре алады;

  2. Асқын өткізгіштік ұғымымен түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар білуі тиіс: Оқушылар электр кедергісінің, асқын өткізгіш ұғымдарының физикалық мағынасын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр кедергісі, температура, асқын өткізгіштік.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қызғанда темір сымның кедергісі .................. .

Спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың ....................... көрсетеді..

Асқын өткізгіш деп ............................................................. .

Құндылықтарды дарыту


Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар


Сұйықтардың электр тогының өткізгіштігін түсіндіргенде химия пәнімен байланыс

Бастапқы білім


Электр кедергісі, еншікті кедергі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Тест тапсырмасын беруге болады.

Заттың агрегаттық күйлері

1.Металдардағы электр тогы дегеніміз ...

  1. Өткізгіштегі нейтрондардың қозғалысы

  2. Өткішгіштегі электрондардың реттелген қозғалысы

  3. Өткізгіштегі протондардың реттелген қозғалысы

  4. Өткізгіштегі иондардың реттелген қозғалысы

2. Өткізгіштің кедергісін қандай формуламен анықтауға болады?







  1. Дұрыс жауап жоқ

3. Өткізгіштің кедергісін қандай құрал арқылы анықтауға болады?

  1. Амперметр

  2. Вольтметр

  3. Омметр

  4. Дұрыс жауап жоқ

4. Кедергіні сипаттау үшін қандай негізгі өлшем бірлікті қолданады?

  1. Вольт

  2. Ампер

  3. Ом

  4. Джоуль

5. Электр шамының қыл сымы арқылы 0,5 А ток өтеді, ал кернеуі 2 В. Шамның қыл сымының кедергісін көрсет.

А) 4 Ом

В) 5 Ом

С) 1 Ом

D) 1,5 Ом

2. Ой қозғау.Слайдтағы суретке қараймыз, не байқадық ?



Оқушылар: Амперметрдің көрсеткіштері сымды қыздырғанда әр түрлі болды деп жауап береді.

3. Мақсатты болжау.

  • Электр кедергісінің температураға тәуелділігін түсіндіру;

  • Асқын өткізгіштік ұғымымен таныстыру.


Таратпа материал

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3,4

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-20 мин


20-30 мин

30-35 мин

4.Тәжірибелік жұмыс. Демонстрация.

Мұғалім: спираль сияқты иілген темір сымды ток көзі және амперметрге қосылған тізбекке тізбектей жалғайды. Амперметрдің көрсетуін анықтап алып, спиральді шамның жалынына ұстап қыздырады.


Оқушылар: Амперметрдің көрсеткіші өзгергенін байқайды және спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетті деп тұжырымдайды.
Мұғалім: Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады деп қорытындылайды.
Мұғалім: Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады деп жаңа ақпаратпен таныстырады.
Проблемалық сұрақ:

Қыздырғанда кедергінің өсу себебі не болуы мүмкін?
Оқушылар: Сыныппен бірге талқылай отырып, сымды қыздырғанда өткізгіштің температурасы артады және молекулалардың қозғалыс, соқтығысуы жиі болады деп жауап беруі мүмкін.
Мұғалім: иә, дұрыс бастадыңдар, өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдықтордың түйінділеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиіріек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді деп толықтырады.

Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады: бұдан  .

Тәжірибелік жұмыс.Демонстрация.

Мұғалім: Ал сұйықтарда басқаша құбылысты байқауға болады. Егер тізбекке темір сымның орнына қандайда бір электролитті (мысалы, тұздың судағы ерітіндісін) қоссақ, онда электролит қызған сайын, токтың артатынын амперметрден байқаймыз.



Оқушылар: сонымен, температура артқанда заряд тасымалдаушылардың қозғалысы артады да электролиттердің кедергісі кемиді деп қорытындылайды.

Мұғалім: Асқын өткізгіштің ұғымын, түсінігін енгізеді.
5. Сабақты бекіту

Бекіту тапсырмалары:

1.оқулықтағы 87-суретте көрсетілген график бойынша өткізгіш кедергісінің температуралық коэффициентін анықтау.

2.Электр пешіндегі никелин орамы қыздырылмаған күйіндегі кедергісі 10 Ом. Егер орамды 700°С дейін қыздырса, онда орамның кедергісі қандай болады? (0,30*10-3 К-1)

Бағалау критерийлері:

  1. Өткізгіш кедергісінің температурағы тәуелділік теңдеуін біледі, есептер шығаруда қолдана алады.

Штатив, спираль темір сым, ток көзі, амперметр, жалғағш сымдар.

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Ток көзі, амперметр, электролит, жалғағыш сымдар.

Слайд 10

Слайд 11

Таратпа материал

Слайд 12

Сабақтың соңы

35-40 мин

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін

7. Үйге тапсырма:

Электр кедергісінің температурағы тәуелділігі және асқын

өткізгіштікткізгіштіқ тақырыбын қайталау.

Слайд 13

8 сынып оқулығы 142 бет, параграф 40

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілеті жоғары оқушылар топтық немесе жеке жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау.Тәжірибеге қорытынды жасай алу дағдыларын бақылау. Өздік жұмыс нәтижесін қолдану.

Тәжірибе жасағанда жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақбағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.










Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?