ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саяси көшбасшылық табиғаты
Саяси қызметтің ажырамас бөлігі-саяси көшбасшы, өйткені кез-келген саяси белсенді топ өз ортасынан көшбасшылар тобын алға шығарады.
Саяси көшбасшылық - бұл нақты күшке ие, беделді адамдар өздерінің саяси-билік өкілеттіктері мен құқықтарының бір бөлігін қоғамға беретін немесе бір бөлігіне беретін заңды ықпал ететін адамдар арасындағы өзара әрекеттесу процесі.
“Көшбасшы” сөзінің этимологиясы “жетекші” дегенді білдіреді, яғни көшбаcшы дегеніміз қоғамның қызығуышылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, ортақ əрекетті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам.
Саяси ғылымда көшбасшы бір мезгілде саяси процестің субъектісі жəне объектісі ретінде түсіндіріледі. Субъекті ретінде ол саяси оқиғалардың барысын анықтайды, объект ретінде өзіне тəн ерекшеліктердің иесі ретінде нақты қызметтерді орындауы арқылы көрінеді.
Ғылымда саяси көшбасшылық феномені үш негізгі тұжырымдама арқылы қарастырылады: ерекшеліктер теориясы, жағдайлық тұжырымдама, конституенттер теориясы.
Ерекшеліктер теориясына көшбасшылық феноменін адамның керемет ерекше сапаларымен түсіндіру тəн. Осы теорияның негізін салушылардың бірі Э.Богардус болды, ол көшбасшылыққа əкелетін тұлғаның интеллектуалдық жағына баса назар аударды.
Саяси көшбасшыға тəн ерекшеліктерге, дəстүрлі түрде, мыналарды жатқызады: ұйымдастырушылық қабілеті, мықты, табанды ерік, өткір ақыл-ой, адамдарды тани білуі, сезімталдығы, өткірлігі. Жаңа ерекшеліктер ретінде суретте жəне теледидарда жақсы көріну, сүйкімділік, сенімге кіре алу қабілеті болуы керек.
Жағдайлық тұжырымдама көшбасшыны таңдауда əлеуметтік жағдайлардың басым рөлін мойындауға негізделеді. Жалпыға мəлім Р.Стогдилдің (осы тұжырымдаманың негізін қалаушылардың бірі) пікірінше, көшбасшылықты қандай да бір əлеуметтік жағдайдағы адамдардың арасында болатын байланыс ретінде қарастыруға болады. Одан ары қарай адамдардың бір жағдайда көшбасшы болса, басқа жағдайларда да көшбасшы болуының міндетті еместігі туралы түсінгені дұрыс. Осылайша, дəл нақты жағдайлар саяси көшбасшыларды сұрыптауға ықпал етеді жəне оның мінез-құлқын бөледі. Қазіргі кездегі қоғамда саяси көшбасшылық феномен ретінде түрліше түсіндіріледі:
а) саяси көшбасшылық ортақ саяси қызығушылықтары бар шағын топ дəрежесінде;
б) көшбасшылық бірінші жағдайдағыдай тар топтық қызығушылықтарға емес, бірдей əлеуметтік мəртебеге негізделген саяси мүдделерлің ортақтығымен байланысты нақты əлеуметтік қабаттардың билікке талаптанулар контекстіндегі саяси қозғалыстар деңгейінде;
в) саяси көшбасшылық экономикалық жағдай мен оған сəйкес өзіндік сана негізінде əлеуметтік қабаттардың дифференциациясының, билік бөлінісінің, азаматтық қоғамның болуының жағдайларындағы билікті ұйымдастыру əдісі ретінде.
Көшбасшылықтың типологиясы түрлі негіздер мен көрсеткіштерге ие. Классикалық типология – М.Веберге сəйкес, саяси көшбасшылықтың үш түрін көрсетеді: дəстүрлі, рационалды-легальді, харизматикалық.
Дəстүрлі көшбасшылық дəстүрдің қасиеттілігіне сенімге негізделген. Мұндай көшбасшылықтың беделі көпжылдық салтқа сүйенеді, билік көбінесе, мұрагерлік жолмен беріледі. Бұл түрі «индустрияға дейінгі» қоғамға тəн, бірақ заманауи тəжірибеде өз орны бар.
Рационалды-легальді көшбасшылық тəртіптің заңдылығына, көшбасшыны заңды бюрократиялық процедуралар көмегімен таңдаудың ақылға сыйымдылығына сүйенеді. Көшбасшылықтың мұндай түрі демократиялық тəртіпке тəн, немесе «мінсіз» бюрократияда көшбасшылық заңның құралы ретінде əрекет етеді.
Харизматикалық көшбасшылық тұлғаның тылсым қабілетіне сенімге негізделген. Ол критикалық жағдайларда пайда болады, əлеуметтік жəне саяси жүйелердің тұрақтылығымен ол дəстүрлі немесе бюрократиялыққа айналады, «харизманың рутинизациясы» жүреді. Дүниежүзілік саясат көрсетіп отырғандай, харизманың қалыптасуында жекелеген сапалар екінші рөлді атқарады. Мұндай көшбасшылықтың көрнекті өкілдері Ленин, Сталин, Кастро болған.
Сонымен көшбасшылық дегеніміз – әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барып қоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын көшбасшыға деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Көшбасшылық саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Көщбасшы саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Көшбасшылық ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.