Файл: Малімні атыжні Галимов Рифхат Камилович.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Мұғалімнің аты-жөні:

Галимов Рифхат Камилович

Пән/сынып:

10а,б-сынып. Қазақ тілі мен әдебиеті

Күні:

02.02.23

Тарау немесе бөлім атауы:

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Жанболат Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі

Сабақтың тақырыбы:

9-сабақ. Қазақтың тұңғыш дикторы.

Оқу мақсаттары:

10.1.5.1.-мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау;

10.4.3.1. – шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы: Жазушы Ж. Ауыпбаевтың деректі әңгімесінен қазақтың тұңғыш дикторы туралы мәтінді түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі: Жазушының еңбек жолы туралы жеткізе алады, сұраққа дұрыс жауап бере алады.

Кейбір оқушы: Тақырып бойынша өз пікірін қорғай алады. Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Бағалау критерийлері

  • Жазушының еңбек жолындағы маңызды деректерге сүйеніп, сұрақтарға жауап береді;

  • Деректі әңгімені түсініп, рөлдерге бөліп оқиды;

  • Мәтін бойынша жоспар құрып, тірек сөздерді анықтайды;




Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, құрметті оқушылар!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың тұңғыш дикторы»

Бұл сабақта сендердің білетіндерің:

•жазушы өміріндегі маңызды деректерге сүйене отырып, қазақтың тұңғыш дикторы туралы ақпаратпен танысасыңдар;

• мәтінді түсініп оқып,мәтіннен тірек сөздерді табасыңдар;


1 слайд

8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сөздер

Шиеленіс - Сюжеттегі тартыстың кезеңі, оқиғаның алғаш шиеленісе бастаған кезеңі.

Ізгілендір – дамыту, жетілдіру.

4 слайд


1-3 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Сен қандай ақпарат құралдарын оқисың?

  2. Сенің ең сүйікті бағдарламаң қандай?

  3. Сен үшін қандай байланыс құралы тиімді?

  4. Компьютерді жиі қолданасың ба?

  5. Қандай компьтерлік программаларамен жұмыс істей аласың?


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді;

Сөйлеу этикетін қолданып, өз көзқарасын білдіреді.
Өзіңді тексер:

  1. Мен ғаламтор желісін пайдаланамын, теледидар қараймын, электронды кітап оқимын.




  1. Жастар туралы бағдарламалар

  2. Ғаламтор желісі

  3. Иә , жиі қолданамын

  4. Гугл, Word Excel прораммаларымен жұмыс істей аламын.





5 слайд

8 минут

Тәжірибе

2 –тапсырма.

Аудио мәтінді тыңдап , ат қою.

Дескрипторлар:

Жазушы туралы ақпаратпен танысады;

«Диктор» деректі әңгімесінің кім туралы жазылғанымен танысады.

Өзіңді тексер:

Аудио мәтіндегі ақпарат туралы өздерін келесі тапсырманы орындау арқылы тексереді

3-тапсырма.Мәтіндегі тапсырманың дұрыстығын тексеру



Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Ж.Ауыпбаев - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, сценарист.







Ол ертегі жазумен айналысады







Ол сирек кездесетін мамандық иелері, табиғат құпиялары туралы деректі әңгімелер жазады.








Дескрипторлар:

  • Жазушы туралы ақпараттың дұрыс бұрыстығын ажыратады

Өзіңді тексер:


Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс










Ж.Ауыпбаев - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, сценарист.

+













Ол ертегі жазумен айналысады




-










Ол сирек кездесетін мамандық иелері, табиғат құпиялары туралы деректі әңгімелер жазады.

+















4-тапсырма: Мәтінді оқу. Мәтіннен тірек сөздерді тауып жазу.

-- Кез келген адамның өмірінде өзі ерекше қастерлейтін , жақсы көретін бір күндері болады. Мен үшін сондай күн - 8 наурыз. «Неге?» - дейсің ғой ? Айтайын. Осы күн мен шыр етіп дүниеге келіппін. Бұл - қуаныш па ? - Қуаныш! Осы күн сонау ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында біз сияқты әйелдердің халықаралық мейрамы болып жарияланған екен.
Ол - мереке ме? - Мереке! Бұл - аз десеңіз , міне, сол күні, яғни, 1958 жылдың 8 наурызында мен жаңадан ғана құрылып, жұмыс істей бастаған Алматы телестудиясының дикторы болып тұңғыш рет көгілдір экранға шықтым. Бұл - есте қаларлық оқиға ма? - Оқиға! Міне, осындай үш сәтті жағдайға байланысты өз басым 8 наурызды жақсы көріп, оны әр уақытта асыға күтемін, - деді Лазизи Аймашева.

- Сонда қазіргі қазақ телевизиясының көрермендерге алғаш рет хабар берген күні - 8 наурыз болғаны ғой, дедім мен.

- 6 наурызда Медеу мұзайдыны туралы шағын сюжет көрсетілді. Бірақ 8 наурыздан бастап хабар тұрақты түрде өз жұмысын бастады.

- Телевизияға диктор боп қалай келдіңіз?

- Шынымды айтайын, бұл - мен мүлде көрмеген, білмеген жұмысым еді. «Студия», «камера», «микрофон» деген сөздерді сол уақытқа дейін естімеппін де. Өйткені мамандығым, атқарып жүрген жұмысым басқа салаға қатысты еді. Алматы медицина институтын бітірген мен сол кезде орталық аптекада фармацепт-провизор болатынмын. Ақын Жаппар Өмірбеков пен Қадыр Дәуітов Қазақстандағы тұңғыш ашылғалы жатқан телестудия дикторлавры байқауына қатысуға шақырды. Дикторлар байқауына 100-ден артық адам қатысты. Мен байқауда жеңіп шығып, «қазақтың тұңғыш дикторы» атандым.

Ж.Ауыпбаевтың «Диктор» деректі әңгімесінен.
Дескрипторлар:

- Мәтіннің мазмұнымен танысады

- Тірек сөздерді табады
Өзіңді тексер:

Дүниеге келіппін, халықаралық мейрам, тұңғыш рет, көгілдір экран, қазақ телевизиясы, Медеу мұзайдыны, орталық аптека.

6, 7, 8, 9, 10 - слайдтар

2 минут

Бекіту

Сабақты бекіту :

1.Жазушы шығармашылығының тақырыбын түсіндің.

2. Қазақтың тұңғыш дикторы туралы білдіңдер