Файл: Сабаты таырыбы Халы даналыы рухани байлы Сабаты масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы –рухани байлық

Сабақтың мақсаты: Ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Сабақтың әдістері: Баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, ой дамыту, топпен жұмыс Көрнекілігі: Қанатты сөздер жазылған слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

  2. Қанатты сөз-қазына

  3. Зерделі сөзге зер сал

  4. «Түйін сөз»

  5. Сабақты қорытындылау:

Ән «Атамекен»

  1. Ұйымдастыру бөлімі :

а)Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың тақырыбы , мақсаты туралы айтып түсіндіру.

ә)Сыныпты үш топқа бөлу

1.“Бірлік” тобы

2.“Ынтымақ ” тобы

3. “Жігер ” тобы

б)Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесіне сүйене отырып,

*жаны таза,

*рухани ойлау қабілеті жоғары ,

*адамгершілігі мол,

*халқына пайдасын тигізетін жеке тұлға тәрбиелеу

Ғұлама Абай :

Баланың бойына үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген

1.Елімен туған-туыс,жұрағат , жекжат,дос-жолдасқа адал болу.

2.Өте әділетті болу

3. Ақыл парасатты, адамгершілігі мол , рухани бай болу .


  1. «Қанатты сөз -қазына »

(оқушылар қиықшада жазылған қанатты сөздердің мазмұнын түсіндіреді)
Сабыр деген-әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық,

Қолы жетпей талай жан назданады,

Осыдан көп шығады адамшылық.

Ш.Құдайбердіұлы

Ақылсыздықты екі белгісінен білуге болады:

Ол өзіне пайдасы жоқ сөзді айтады,

Не біреудің ісіне жөнсіз араласады.

Платон

Күншілдік –өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс.

Бауыржан Момышұлы

Жалқаудың жанына барсаң ,

Сылтаудың астында қаласың.

Қайып Айнабеков

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.

Содан қашпақ керек:

*әуелі-надандық,

*екіншісі-еріншектік,

*үшіншісі-зұлымдық.

Абай Құнанбаев

Рухани жағынан алғанда , қазақ ,бойына үлкен қабілет дарыған халықтардың қатарына жатады.

Олардың әдебиеті байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі.


Д.Клеменц.
«Қанатты сөз-қазына» бөлімін М.Әуезов пен Е.Букетов сөздерімен қорытындылау.

Әдебиет оқушының ақыл-сезімін тәрбиелеп жетілдіруден басқа, сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек. Мұхтар Әуезов

Адамның мәдениеттілігінің , ой-өрісінің кеңдігінің , жан дүниесінің ләззатшыл, нәзіктігінің бірден-бір белгісі- көркем әдебиетті қол үзбей оқи білуі. Евней Букетов

2.Зерделі сөзге зер сал

Тапсырма :

а)үш топқа үш түрлі мәтін беріледі , оқып , мәтін мазмұнынан түйгендерінен көрініс көрсету

Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.

Бірде Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келген Әнет баба ынтымақ , ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ»,-дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. -Балам, мынаны сындырып көрші ?

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

  • Енді сол шыбықты шешіп , біртіндеп оп-оңай сындырып береді. Әнет баба :

  • Бұдан не түсіндің , балам ?-дейді.

  • Сонда Төле бала :

  • Түсіндім , баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: Ынтымағы , бірлігі мықты елді жау да , дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді»-демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да , дау да оп-оңай алады»-дегеніңіз ғой.

  • Бәрекелді , балам, дұрыс таптың . Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,-депті.


Ашкөздік кімге абырой әперген

Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі сапар шегіп келе жатып , бір қап алтын тауып алыпты . Бөліп алмақ болып , базарға келіпті . Бір шетке жайғасыпты да, екі ағасы інісін қымыз әкелуге жұмсапты.

-Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық,- десіпті інісі кетісімен.

Інісі қымыз алып , қайтып оралғанда , екеуі тап береді де, әп- сәтте шаруасын тындырады. Сөйтіп қымызға бас қояды.

Бір уақытта екі ағасы іштері ауырып, сол жерде жан тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен. Үшеуі де сол жерде жан тапсырып, бірқап алтын далада қалыпты. «Ашкөздік кімге абырой әперген »

Бірінші байлық-денсаулық

Ертеде тамақ таба алмай ашынған , суық үйде жатып күнелткен бір кедей болыпты.

Өзінің кедейлігіне күйінген ол бар даусымен жылап отырады.


Оның аянышты , ащы даусын естіп , көпті көрген көреген қария қасына келеді.

  • Неге жылап отырсың? – деп сұрайды . Кедей өзінің жылауының себебін айтады. Сонда қарт:

  • Адамдар өздеріндегі байлықты аңдамайды, мәселен, сенде еш байлықпен теңдесі жоқ байлық бар, - дейді. Қарттың сөзіне таңданған жігіт:

  • Менде қайдағы байлық, байлығым болса , осылай отырар ма едім?-деп , қарияға жауап тіл қатады .

  • Сенің екі көзің бар, біреуін маған сат, қартайғандықтан жанарымның оты азайып барады .

  • Жоқ , көзімді ешқандай ақшаға сата алмаймын.

  • Ендеше, екі қолыңның біреуін сатшы, - дейді қарт.

Есі шығып, дегбірі қашқан кедей:

Жо,жоқ мен қолымды да сата алмаймын !-деп айқайлап жіберді.

Сонда қария орнынан тұрып:

Бағанағы кедейлікке айғайлағаның қазіргі денсаулығың үшін айғайлағаныңа жеткен жоқ.

Демек, бағана байлықтың не екенін ұқпай отырғаның. Дүниедегі бірінші байлық –денсаулық. Осыны ұмытпағайсың,- деп бір ауыз даналық сөзін айтады да, көзден ғайып болады

ә) Топ мүшелері мәтінннен түйгендерін өз ойларымен тиянақтап шығу.

Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын

Өзара ынтымақты , тату, сыйластығы жарасқан отбасының береке-бірлігі де мызғымайды, ырысы молайып, бақ-дәулеті артады, деген мағынаны береді.

Ашкөздік кімге абырой әперген

Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң, түбіне жетпейсің. Сол дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан шығып, тұнғиыққа батып кеткеніңді білмей қаласың. Абырой таппайсың, деген ойды білдіреді.

Бірінші байлық-денсаулық

Денсаулық болмаса, көңіл-күйің болмайды. Көңіл-күйің бомаса, ешқандай байлық

дәулетті де қажет етпейсің. Ол дәулетке денсаулықты да сатып ала алмайсың.

Демек, денсаулық- бірінші байлық. Бұл мақалды бабаларымыз

«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық- он саулық, үшінші байлық- ақ жаулық»

деп те айтады.

Қашаған би сөздерінен

Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан:

-Елдің бірлігі неден бұзылады? – деп сұрайды.

-Өсек пен көреалмаушылықтан, - деп жауап беріпті би .

**************

Орманбек батыр бірде Қашағаннан :

-Қарадан хан туа ма? – деп сұрайды.

-Ешкім анадан хан болып тумайды . Хан болу- адамның даналығында,-деп жауап беріпті Қашаған би.

************

Бірде атақты бір бай :

-Қашекем, армандамайтын адам бола ма ? – дегенде:

-Армандамайтын адам жоқ, қол жетпейтінді армандағанша, еңбегімен жететінді армандап,зейнетін көрген жақсы.


4. “Түйін сөз” жазу Жоғарыда айтылған қанатты сөздерден , мағыналы мазмұнды мәтіндерден түйгендерін қорытындылай келе “Мәдениетті адам ” -деген тақырыпта түйін сөз жазу.

5. Сабақты қорытындылау:

Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты , өнеге аларлықтай , тамаша тәлім- тәрбие берерліктей өсиет сөздері бар.

Біздің мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінгі жарқын өмірді бағалайтын, ертеңгі өмірге сеніммен қарайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.

Үдеудің сыры – бірлікте,

Жүдеудің сыры – алауыздықта.

Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген.

Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген.

Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар.

Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін.

Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған.

Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек.

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.

Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз.

Ән «Атамекен» (сынып оқушылары ортаға шығып орындайды )
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, плакаттар.

Кіріспе сөзі:

Бүгінгі тәрбиешілер апталығының ашылу салтанатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.


  1. Бөлім.21-ші ғасырдағы ұлттық сана туралы.

  2. Бөлім. Таяу жылдардағы міндеттер

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.