Файл: Lesson Studyді тжірибені жасарту мен жетілдірудегі тиімділігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Л.Ділдабай
Коучинг-сессияны өткізуші: Утеев Нуржан Шериязданович
Коучинг-сессияның тақырыбы: «Lesson Study-дің тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі тиімділігі»
| Апта - | Күні: 22.11.2014 ж. Сабақ №11 |
№ | Сабақтың тізбегі | Оқу үдерісін бағалау |
1 | Мақсаты | Қатысушыларға Lesson Study-дің пайда болуы, таралу аймағы, тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі маңызы туралы тиянақты түсінік беру. Бұл әдістің тиімділігін түсіндіріп, қолданысқа енгізуге алғашқы қадам жасау. |
2 | Күтілетін нәтиже | Қатысушы мұғалімдер Lesson Studyдің шығу көзі, оның таралу аймағы, мақсаты, өткізу ерекшелігі, тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі маңызы туралы ақпарат алады. |
3 | Түйінді идеялар | Lesson Study -тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы |
4 | Материалдар мен ресурстар | Нұсқаулықтар мен үлестірмелі материалдар, компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, бейнежазбалар, бағалауға арналған бағдаршам |
Коучинг-сессияның барысы
Коучинг-сессия кезеңдері | Уақыты | Коучинг-сессияны өткізушінің іс - әрекеттері | Қатысушылардың іс - әрекеттері |
Сәлемдесу | 7 мин | Қатысушыларға коучинг-сессияға қатысуға ынта білдіргендері үшін алғысын айтады. «Мандарин» бейнеролигін көрсету арқылы жағымды ахуал орнату Тәлімгер коучинг сессияға қатысушыларды тақырып және мақсатымен таныстырады | Қатысушылар коучермен сәлемдеседі |
Топқа бөлу «Мозайка» әдісі | 3 мин | Қатысушыларды «Мозайка» әдісі бойынша топқа бөледі. | Қатысушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді |
Миға шабуыл | 5 мин | «Көрген түсті оқыңыз» Экранда көрсетілген түстерді оқу ұсынылады. | Топ мүшелері экранда көрсетілген түстерді дауыстап оқиды |
Таныстырылым | 10 мин | Коучер Lesson Study-дің шығу тарихы туралы таныстырылым жасайды | |
Бейнежазба | 3 мин | «Lesson Study-дің тиімділігі» | Топ мүшелері бейнежазбаны тамашалап, ой түйіндейді |
«Басбармақ» әдісі | 2 мин | «Басбармақ» әдісі арқылы коучинг- сессияда берілген білімді қалай түсінгендерін көрсету тапсырылады. | Басбармақ арқылы өзінің қаншалықты түсінгенін көрсетеді |
Топпен жұмыс (Постер қорғау) | 20 мин | Топтарға МАН-нан талдауға мәтін беріледі. (46-47- бет). Коуч қатысушылары алдымен берілген тапсырмалар бойынша жеке, жұпта, топта серіктестік орта құра отырып сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, зерттеушілікпен айналысу барысында, мәтінді топпен талдап, постермен қорғау ұсынылады І топ: Lesson Study тәсілін іске асыру барысы ІІ топ: Жұмыс құралдары. Тәлімгерлік циклі | Топ мүшелері мәтінмен танысып болған соң, ойларын жинақтап постерге түсіреді. |
«Бағдаршам» арқылы бағалау | 2 мин | Қатысушыларға коучинг материалын қалай түсінгендерін «Бағдаршам» арқылы көрсету тапсырылады | Қатысушылар коучинг материалын өте жақсы түсінсе, жасыл, әлі де біршама сұрағы бар болса, сары, түсінбеген сұрақтары басым болса, қызыл түсті көрсетеді |
Сергіту сәті | 3 мин | Топ туралы мультикті тамашалауға ұсынады | |
Топпен жұмыс | 20 мин | Кешкі көйлек үлгісін жасауды ұсынады | Топ мүшелері түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, кешкі көйлек үлгісін жасайды. |
Өзара бағалау | 5 мин | «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және кемшілігіне ұсыныс айту. | Қатысушылар бір -бірінің жұмыстарын тыңдап, бағалайды. |
«Бағалау ағашы» Жеке жұмыс | 5 мин | «Бағалау ағашы» арқылы өздерінің бағдарлама материалдары жөнінде білім деңгейлерін анықтау | Қатысушылар «Бағалау ағашындағы» өз орнын белгілейді (өзін-өзі бағалау) |
Кері байланыс | 5 мин | Топ мүшелеріне кері байланыс жасау үшін стикерлер тапсырылады Стикерлер арқылы әріптестерден кері байланыс алу | Топ мүшелері кері байланыс жазады |
Барлығы: | 90 мин | | |