Файл: 4 ауіпсіздік саясаты жне негізгі элементтері Апаратты рдістерде апаратты енгізу, шыару, беру, деу жне сатауды жзеге асыру кезінде апаратты орау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-6.Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері
Ақпараттық үрдістерде ақпаратты енгізу, шығару, беру, өңдеу және
сақтауды жүзеге асыру кезінде ақпаратты қорғау
Қатынас құруды ерікті басқару. Қатынас құруды ерікті басқару - жеке
субъект немесе құрамына осы субъект кіретін топтың тұлғасын ескеру
негізінде жасалған объектілерге қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару -
белгілі бір тұлға (әдетте, объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа
субъектілерге өзінің шешімі бойынша объектігі қатынас құру құқығын бере
алады.
Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица
түрінде көрсетіледі. Қатарларында - субектілер, бағандарында - объектілер,
ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының (оқу, жазу, орындау
және т. б. ) кодасы көрсетіледі.
Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі
осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы -
икемділігі, ал негізгі кемшіліктері - басқарудың бытырыңқылығы және
орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру
құқығының деректерден бөлек қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана
отырып құпия ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы
мүмкін).
Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі
Бұл элемент құпия ақпаратты «қоқтықтан» кездейсоқ немесе әдейі
шығарып алудан сақтайтын қатынас құруды басқаратын құралдардың
маңызды қосымшасы болып табылады.
Объектілерді қайтадан пайдаланудың мүмкін болатын 3 қаупі бар:
жедел жадыны қолдану;
сыртқы сақтау құрылғыларын қайтадан пайдалану;
ақпарат еңгізу/шығару құрылғыларын қайтадан пайдалану.
Қорғаныш тәсілдерінің бірі - құпия ақпаратпен жұмыс істегеннен кейін
жедел жадыда немесе аралық жадыны тазалау. Жақсы әдіс деп тегерішті
нығыздау программаларын қолдануды да санауға болады.
Шифрлеуге кейбір аналитикалық түрлендіруді қолдану ақпараттық сенімді, яғни жеткілікті түрде жабылуын қамтамасыз етеді. Бұл үшін алгебраның матрицалық əдісін мысалы, ереже бойынша матрицаны векторға көбейтсе жеткілікті:
Алфавиттік реттік нөмерге сай алфавит əріптерін санға ауыстырайық. Сонда ВАТАЛА мəтінінің үзіндісі 3,0,19,0,12,0 сандарының нөмірлік ретіне сай келеді. Шифрлеудің қабылданған алгоритмі бойынша қажетті мəнді орындайық.
Бұл жағдайда шифрленген мəтін мына түрде болады: 99,62,28,60,24. Кері шифрлеу матрицаны векторға көбейту ережесін пайдаланумен жүреді жабуды жүзеге асырушы кері матрицаға негізге алынады, ал дербес-вектор – яғни жабық мəтін символына сəйкес санды вектор түрінде беріледі, бұл кезде нəтиже – векторының мəні ашық мəтін белгінің сандық эквиваленті болады. Деректерге кері матрица дегеніміз қосылған матрицаның берілген анықтағыш матрицаның барлық элементтеріне ыдырауы. Өз кезегінде алгебралық А қосымшасынан құралып берілген матрица мына формула бойынша Aij=(-1)^i+j Dij, есептеп шығарылады.
Dij-кезінде матрица анықтағышы i-мен оның жолдары j-бағанасы сызылуымен алынды.
Анықтағыш дегеніміз өздеріңізге белгілі келесі əдіспен: n-матрица элемент туындысының барлық мүмкіндіктері мүше қызметін атқарады, əр жолдан бір матрица элементі, əр бағаннан бір матрица алынғанда, қосындының мүшесі “+” белгісімен белгіленеді. Егер оның индексі орын алмастыруды құраса жəне “-” белгісімен алынады. Бұл қарама-қарсы жағдайда “-” осы белгімен алынады. Үшінші қатардың матрицалары үшін, мысалы, анықтағыш келесі формула бойынша есептеледі.
D=a11a22a33+a12a23a31+a13a21a32-a11a23a32-a12a21a33-a13a22a31
Нəтижесінде алғашқы мəтінге сəйкес келетін ашық мəтіннің келесі тізбегі шығады: 3,0,19,12,0 . Бұл шифрлеу əдісі бағдарламалық құралдармен оңай өңделетін болғандықтан формальды болып саналады.
ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС:
-
Теориялық мағлұматпен танысу. -
Теориялық мағлұматқа талдау жасау. -
Бақылау сұрақтарына жауап беру. -
Жеке тапсырмаға талдау жасап, мысалдарды қарастырып әр білім алушы өз нұсқасының тапсырмасын орындап,өзі меңгерген прогрммалау тілінде бағдарламасын жазу
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтерін атаңыз
2. Қорғаныш тәсілдерін көрсетіңіз
3. Қатынас құруды ерікті басқару дегеніміз не?
Практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1. матрицасы берілген кілт сөзі сіздің атыныңыздың бастапқы 6 әрпі болсын,егер әрпіңіз одан аз болған жағдайда бастапқы әріппен толықтырыңыз,жоғары мысалда көрсетілгендей тапсырманызды орындаңыз?
2. 3. 4. 5.
6. 7. 8. 9.
10.