ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім: Қысым Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Қатты денелердегі қысым. Қысым. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Қысымның физикалық мағынасын білу. Барлық оқушылар: Қысымның белгіленуін, өлшем бірлігін және формуласын біледі. Басым бөлігі: Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат бере алады, формуласын есеп шығаруда қолдана алады . Кейбір оқушылар: Қысымның артуы мен кемуін түсіндіре алады , өмірдегі қолданысын біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Терминдер мен ұғымдарды дұрыс айта біледі. Пәндік терминдер бойынша сөздік:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу: | 2.Қоғамдағы ұлттық бірлік 4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу 6.Тілдің біртұтастығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | математика, технология, ағылшын. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім: | Күш, күштің түрлері, формулалары және бағыты. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу. ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді. Сөздердің қиындылары арқылы анықтама құрап екі топқа бөлінеді. Күш – денелердің өзара әрекеттесуінің өлшемі. Аудан – геометриялық пішіннің екі өлшемді кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама ІІІ. Үй жұмысын тексеру. (жеке жұмыс) Бос ұяшықты толықтыр.
Оқушылар «ашық тест» әдісі бойынша – бос ұяшықты толтыру. ҚБ: Бірін –бірі жұлдызша арқылы бағалау, қателерін түзету. Кімде үш жауаптан жоғары дұрыс болса бір жұлдызша алады. | «күш» «аудан» терминдері жазылған парақшалар. Кесте | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин | «Миға шабуыл» 1 тапсырма: (барлық сыныпқа) Берілген сурет бойынша не байқадыңдар? Мұның себебі не? 2 тапсырма: (тәжірибелік жұмыс) Тәжірибені жасайық - ағаш тақтайшаға қағылған көлденең қималары бірдей екі шеге, массасы 500 г болатын гіртасы және құмы бар ыдыс. Құмы бар ыдыстың үстіне тақтайшаны алдымен шегелерінің бас жағын төмен қаратып, одан кейін жоғары қаратып орналастырамын. Тақтайша үстіне гіртасын қоямын. Сұрақ: Нені байқадыңдар? (Тәжірибе нәтижесінен бір ғана күштің әртүрлі әрекет ететінін байқаймыз. Шегенің беттік ауданы неғұрлым кіші болса , оның бату тереңдігі соғұрлым көп болады.) Сонымен оқушылар бүгінгі тақырыбымыз – «Қысым» деп аталады . ҚБ: мадақтау арқылы бағалау. | Слайд №1 Шеге қағылған тақтайша, құмы бар ыдыс, гіртасы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
7 мин | «Джигсо» әдісі. Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. 1 – топ: Қысым деп нені айтады? Қысым қатты денелерге қалай беріледі? 2 - топ: Қысымды қалай анықтайды? Қысымның өлшем бірлігі? ҚБ: «Бас бармақ». | Оқулық, жұмыс дәптері | ||||||||||||||||||||||||||||||||
1 мин | Сергіту сәті: «Көз жаттығуы»
| Слайд №2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
20 мин | 3- тапсырма . Топтық жұмыс.
ҚБ: Әр тапсырманың дұрыс жауабына бір жұлдызша. (топтар жауап кестесімен алмасады, бағалайды) | Таратпа қағаз (кесте). Ағаш білеуше, таразы, сызғыш. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: § 21 Есеп шығару. 109 бет. №1,2 есеп. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||
2 мин | Кері байланыс: Бүгін сабақтан алған білімімізді жинақтап көрейік. «Мен білемін» кестесі (оқушылар өздерін бағалап, шаршыларды түрлі түске бояйды)
Бояулар нені білдіреді?
ҚБ: Өзін –өзі бағалайды. | Кесте | ||||||||||||||||||||||||||||||||
2 мин | Рефлексия
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? | Бағалау –оқушылардың білімін қалай тексересіз | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Тақырып бойынша керекті мәліметтер мен формулаларды дәптерге түсіреді Кейбір оқушылар Өмірмен байланыстыра өзге де мысалдар келтіреді | 1.Өзін-өзі бағалау 2.Бірін-бірі бағалау 3.Бас бармақ 4.Жұлдызша 5.Мадақтау | Математика, технология және ағылшын тілі пәнінең алған білімдерін қолданады, күнделікті өмірмен байланыстыра диалогке түсті. Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау берілді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жетуде қолданған әдістер оқушылардың белсенділігін артыруға жұмыс жасады. Өмірден мысалдар келтіру қызықты болды. | | |
Қосымша
Физика 7 сынып
Бөлім Тақырып | Қысым Қатты денелердегі қысым. | ||||||||||||
Оқу мақсаты | 7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау. | ||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Білу, түсіну, қолдану | ||||||||||||
Бағалау критерийі: |
| ||||||||||||
Тапсырма
ҚБ : Өзара тексеру, дұрыс жауаппен түзету жасайды |
Критерийлері | Дескрипторлар |
Қатты дене қысымының физикалық мағынасын түсінеді және өзгерту әдістерін сипаттай алады. | 1.Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін түсінеді. 2.Қысымның формуласын біледі, есептер шығарғанда қолдана алады. 3.Өмірдегі қолданысына мысалдар келтіре алады. |