Файл: Нурстем Даулет Серіклы ШО білім басармасы Катонараай ауданы бойынша білім бліміні кмм Асу орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Нурстем Даулет Серікұлы

ШҚО білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің КММ «Ақсу орта мектебі»

Тапсырма 1

Мен 2 сыныпқа дене шынықтыру сабағынан берем

2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезеңінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды.

Сабақтың басында жалпы дамыту жаттығулары жасалады: спорт залды айналып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме алдымен жүгіру, артпен жүгіру, алмен жүгіру.

Бір орыннан және қозғалып жасалатын жаттығулар:

Б.қ аяғымыз иық көлемінде қолымыз белде басымызды айналдырамыз

Б.қ екі қолды алға және артқа айналдыру

Негізгі жаттығуларды орындау үшін алдымен денені қыздыру керек сол себепті сабақ барысында осы жаттығуларды жасатам.

Сабақтың ортасы: «Құлатпай жеткіз» жаттығуын орындатам . Ойын ағзаның жалпы сау болуына және дұрыс жүру дағдысын тәрбиелеуге себеп болатын табанның бұлшықет – сіңір аппаратын қайталауға және ептілікті дамытуға берілген.

Сабақ соңында: «Қапшық жарысы» жаттығуы осы жаттығу арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, топпен жұмыс жасауға тәрбиелейді, денсаулықты нығайтуға ат салысады.

Тапсырма2.

Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады, мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру, сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.

Күтілетін нәтиже – дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында сергіту сәтін алатын болсақ, өз тәжірибемде 7-8 сыныптардағы «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында 9-10 сыныптар арасында
«Көңілді мәре» сайысы оқушылардың ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ көрермендердің көңілінен шықты,