Файл: Оу сауаттылыыны жетістік дегейлеріне сйкес тапсырма трлері.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Акшаева Бибигуль Кошербаевна
Оқу сауаттылығының жетістік деңгейлеріне
сәйкес тапсырма түрлері
- Оқу сауаттылығы дегеніміз не?
- «Оқу» мен «Оқу сауаттылығының» қандай айырмашылығы бар?
Оқу сауаттылғы
«Оқу» мен « оқу сауаттылығының » қандай айырмашылығы бар?
- Оқу- бұл жазбаша мәтінмен жұмыс істеу тәжірибесі мен рәсімдерінің жиынтығы және мәтінмен жұмыс істеу процесі, мәтіннен ақпарат алуға, оны қабылдауға және түсінуге бағытталған. Кең мағынада-кез келген символдық жүйеден ақарат алу процесі. (Оксфорт сөздігі)
- Оқу сауаттылығы- адамның ақпараттың мазмұнын бағалау түсіну және интерпретациялау қабілеті, яғни, білім алушының жазба мәтіндерді түсіну, пайдалану, ойлау және өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, өз білімі мен әлеуетін дамыту, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білім мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеті. (PISA/ӘҰ НЗМ)
Сауаттылық -"оқу, жазу, санау сияқты қарапайым дағдылар (skills=навыки)".
Минималды сауаттылық -"қарапайым мәтіндерді оқу, жазу, түсіну қабілеті".
Функционалды сауаттылық -адамның қоршаған ортада қиналмай өмір сүре алатындай білімі мен дағдыларын қолдана алуы.
Жалпы функционалды сауаттылыққа бағытталған (PISA) тест оқырмандық құзіреттіліктің 6 деңгейін қамтиды.
Ойлау қабілеті
Пайдалану қабілеті
Түсіну қабілеті
PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҮШ БАСТЫ АСПЕКТІСІ
Табу және алу
Түсіндіру және ықпал ету
Зерделеу және бағалау
- мәтінді көзбен жүгірту;
- басты элементтерін анықтау;
- ізденіс аймағын тарылту;
- қажет ақпаратты айыру.
- мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;
- мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;
- автор ой түйінінен қорытынды шығару;
- мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау.
- басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру;
- әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;
- автормен ішкі диалог жүргізу:
- өз көзқарастары мен автор көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу.
Оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігі
PISA форматындағы мәтін түрлері мен ерекшеліктері
Тұтас мәтін
Құрамдас мәтін
Аралас мәтін
Дискретті мәтін
Мәтін түрлері мен ерекшеліктері
Оқиға, құбылыс не зат сипатталады, мазмұндалады, түсiндiріледі немесе нұсқау беріледі.
Кестелер мен сызбалар, графиктер, журналдың не кітаптың мұқабалары, карталар, диаграммалармен беріледі.
Сөз және сөзсіз көрсетілген элементтерден тұрады. (веб-парағы, толтыруға арналған түрлі кестелер, жарнамалар, мәзірлер, ақпараттық парақшалар, журналдар)
Мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз әртүрлі, яғни бірнеше мәтіндерден құрастырылады
PISA халықаралық зерттеуіндегі оқу сауаттылығында берілетін тест тапсырмаларындағы мәтіндер келесідей форматтарда құрастырылады: тұтас мәтіндер – 39%, дискретті мәтіндер (жадағай) – 30%, аралас мәтіндер – 23%, құрамдас мәтіндер – 8%.
Бірінші – әртүрлі тәсілдермен (нысандармен берілген мәтін.
1-деңгей тапсырмалары
Мәтін түрлері:
- көлемі шағын, жеңіл, оқушының тұрмыс-тіршілігімен үндесетін мәтіндер;
- қосымша ақпарат беретін суреттер
- суретпен байланысты тапсырмалар;
- нақты сұрақтар;
- мәтіннен қажетті ақпаратты табу;
- перифраз жасау .
Тапсырма түрлері:
Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін алдыңғы бетте келтірілген «Жол» мәтінін қолданыңыздар.
1-тапсырма
Бұл мәтін адамдардың қандай тобына арналған?_____________________________
МӘТІН. ЖОЛ
ЖОЛДА ТӘУЕКЕЛ ЕТПЕҢДЕР! БАСЫП ОЗУ ҚАУІПТІ!
Асығуға, сапарларыңызды қауіпті ойынға айналдыруға мүмкіндік бермеңдер, басып озуға барған сайын, сендер өмірлеріңді тәуекелге тігесіңдер. Егер жолдағы жағдай қауіпсіз болмаса да, басып озбаңдар. Өйткені өмір ойыншық емес екенін естен шығармаңдар. Сендер сапарға шығуға дайын болғанда, біздің кеңестерімізді қолданыңдар
Алыс жерге саяхат жасау үшін:
- Автомобильдің негізгі жүйелерін тексеріңдер
- Жылдамдық режимін сақтаңдар
- Алда келе жатқан көліктен қауіпсіз қашықтықта жүріңдер
- Нашар көрінетін жағдайда басып озбаңдар
- Аз ғана шаршағандық белгісі болса да жолдың шетіне тоқтаңдар
Жақын жерге саяхат жасау кезінде де, осы кеңестерді қолданыңдар.
Өмір – ең тамаша саяхат.
Сұрақ | Дұрыс жауап |
1.Бұл мәтін адамдардың қандай тобына арналған? | Бұл мәтін негізінен жас жүргізуші адамдарға арналған. |
МӘТІН. ЖОЛ
ЖОЛДА ТӘУЕКЕЛ ЕТПЕҢДЕР! БАСЫП ОЗУ ҚАУІПТІ!
Асығуға, сапарларыңызды қауіпті ойынға айналдыруға мүмкіндік бермеңдер, басып озуға барған сайын, сендер өмірлеріңді тәуекелге тігесіңдер. Егер жолдағы жағдай қауіпсіз болмаса да, басып озбаңдар. Өйткені өмір ойыншық емес екенін естен шығармаңдар. Сендер сапарға шығуға дайын болғанда, біздің кеңестерімізді қолданыңдар
Оқу дағдысы | Мәтін форматы |
Ақпаратты табу және іріктеу | Тұтас мәтін |
Донор
Кім донор бола алады?
Жасы 18-ге толған, донорлыққа қарсы белгілері жоқ, салмағы 50 кг-ден артық кез келген дені сау адам донор бола алады. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.
Дәрігердің тексеруінен өту
Қанды тапсырар алдында адам терапевтің қабылдауы мен алдын ала медициналық зерттеуді қамтитын тексеруден өтеді. Қан тапсырушы адамның дене температурасы 37 °C-тен жоғары болмағаны дұрыс.
Егер сізде төменде келтірілген тізімге кірмеген аурулар болса немесе қандай да бір дәрілерді қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы дәрігерге айтыңыз. Өзіңізді жайсыз сезін- сеңіз, дәрігерден жасырмаңыз, сауалнама сұрақтарына шынайы жауап беріңіз.
Дәрігердің тексеруі, қан тапсырушы адам мен дәрігердің әңгімесі – қан тапсыру ал- дындағы міндетті шаралар.
Сұрақ | Дұрыс жауап |
1.Кімдер қан доноры бола алмайды? | а) жасы 18-ге толған ә) салмағы 50 кг-ден артық б) соңғы бір аптада тіс жұлмаған в) бір жыл бұрын татуировка жасатқан |
2. Донорлықтан уақытша немесе мүлдем шеттету үшін қандай негіз бар? | а) тұрғылықты жерінен басқа қалаға ауысу ә) үш ай бұрын тұмаумен ауыру б) онкологиялық ауру белгілері жоқ в) шет елдерге бару |
3.Әр адам қанша көлемде қан тапсыра алады? | а) 350 мл ә) 50-100 мл б) 500 мл в) 450 мл |
Қан тапсырушы бесінші рет донор боламын десе, оған қандай жауап берілуі мүмкін? | |
Оқу мақсаттары:
- мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялау;
- шағын көлемді мәтіндер;
- түрлі стильді мәтіндер;
- мәтін ішінде графиктік ақпарат
- интерпретациялауға;
- интеграциялауға
- салыстыруға
Мәтін түрлері:
Тапсырма түрлері:
2-деңгей тапсырмалары
Донор
Кім донар бола алады?
Жасы 18-ге толған, донорлыққа қарсы белгілері жоқ, салмағы 50 кг-ден артық кез келген дені сау адам донор бола алады. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.
Дәрігердің тексеруінен өту
Қанды тапсырар алдында адам терапевтің қабылдауы мен алдын ала медициналық зерттеуді қамтитын тексеруден өтеді. Қан тапсырушы адамның дене температурасы 37 °C-тен жоғары болмағаны дұрыс.
Егер сізде төменде келтірілген тізімге кірмеген аурулар болса немесе қандай да бір дәрілерді қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы дәрігерге айтыңыз. Өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерден жасырмаңыз, сауалнама сұрақтарына шынайы жауап беріңіз.
Дәрігердің тексеруі, қан тапсырушы адам мен дәрігердің әңгімесі – қан тапсыру алдындағы міндетті шаралар.
Сұрақ | Дұрыс жауап |
1.Кімдер қан доноры бола алмайды? | а) жасы 18-ге толған ә) салмағы 50 кг-ден артық б) соңғы бір аптада тіс жұлмаған в) бір жыл бұрын татуировка жасатқан |
2. Донорлықтан уақытша немесе мүлдем шеттету үшін қандай негіз бар? | а) тұрғылықты жерінен басқа қалаға ауысу ә) үш ай бұрын тұмаумен ауыру б) онкологиялық ауру белгілері жоқ в) шет елдерге бару |
3.Әр адам қанша көлемде қан тапсыра алады? | а) 350 мл ә) 50-100 мл б) 500 мл в) 450 мл |
Қан тапсырушы бесінші рет донор боламын десе, оған қандай жауап берілуі мүмкін? | Дәрігердің толық тексеруінен өткен, міндетті шараларға сәйкес болса , ерлер жылына 5 рет, әйелдер жылына 4 рет тапсыра алады. |
Оқу дағдысы | Мәтін форматы |
Ақпаратты табу және іріктеу | Аралас мәтін |
- Сіз дүкенге жақын тоқтайтын автобустың жүру жолы бойында дүкеннен 2 км жерде тұрасыз.
- Сіз сенбі мен жексенбіден басқа кез келген күндері, аптасына 2 күн немесе көбірек жұмыс істегіңіз келеді.
- Жұмыс туралы сіздің досыңыз айтты.
- Сіз 16:00-ден бастап, 15 сағат жұмыс істегіңіз келеді.
- Кестеде келтірілген мәліметті пайдаланып, алдыңғы бетте келтірілген сауалнама бланкісіндегі «ұсыныстар мен мүмкіндіктер» бөлімін толтырыңыз.
3-деңгей тапсырмалары
Жұмысқа кірушінің сауалнамасы
Оқу мақсаттары
Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
Мәтін түрлері:
- графиктік мәтін түрлері;
- әртүрлі стильдегі мәтіндер
Тапсырма түрлері:
интерпретациялауға, интеграциялауға;
салыстыруға ;
болжам жасауға құрылған тапсырмалар.
Сұрақ | Дұрыс жауап |
Сіз дүкеннен қаншалықты алыс тұрасыз? Сіз жұмысқа қандай көлікпен келесіз? Қалай ойлайсыз, дүкен неге бұл мәліметтерге көңіл қояды? | |
Оқу дағдысы | Мәтін форматы |
|
Оқу дағдысы | Мәтін форматы |
Біріктіру және иртерпретация жасау | Аралас мәтін |
Дұрыс жауап
Сұрақ | Дұрыс жауап |
Сіз дүкеннен қаншалықты алыс тұрасыз? Сіз жұмысқа қандай көлікпен келесіз? Қалай ойлайсыз, дүкен неге бұл мәліметтерге көңіл қояды | Дүкен көпшілікке қызмет көрсету жұмыс орны болғандықтан, үзіліссіз жұмыс істейді. Сіздің дүкенге келу уақтыңыз, қандай көлікпен келетіндігіңіз туралы ақпарат арқылы сізге нақты жұмыс уақыты жоспарлануы тиіс. |
4-деңгей тапсырмасы
Оқу мақсаты:
- ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.
Мәтін түрлері:
- мәселенің артықшылығы мен кемшілігі берілген мәтіндер;
- графиктік мәтіндер;
- оқушының өмір сүру жағдайына қатысты мәтіндер
Шайдың пайдасы мен зияны | ||
Тірек сөздер: шайдың тұнбасы қара шай көк шай емдеу зақымдану ас қорыту ішу тұтыну шайдың зияны шайдың пайдасы | Шайдың пайдасы | Шайдың зияны |
*Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. *Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданылады. *Кешегі шаймен көзді сүртсе, қызарғаны басылады. *Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол–сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. *Шай қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. *Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды. *Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. *Ал С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды | *Шайды аш қарынға ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін. *Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді. *Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін. *Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түнде ішсеңіз, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін. *Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай дәрінің күшін жояды. *Шайды тамақтан алдында немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы керек. Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. *Шайды көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. |