Файл: Кні Сынып 8 атысандар саны атыспаандар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі

Күні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы

Оқу мақсаты

8.Б/С1. Ақтамберді    жыраудың –өмір   жолы мен  еңбектеріне   тоқтала отырып,    шығармаларының  идеялық  мазмұнынын ашу, талдау


Сабақ мақсаты

Оқушылар:

ХҮІІІ ғасырдағы аса көрнекті жырауы Ақтамберді Сарыұлы туралы білім беру, толғауларын талдау,

Бағалау критерийі

  • Жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қолдана алады:

Толғаудың тақырыбы мен идеясын осы тектес шығармалармен салыстырады;

Ауызша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: Тарихи және көркемдік құндылық

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Шығарманың басқа шығармалармен үнестігін салыстыра қарайтын болсақ:

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы мынада деп білемін:

Пәнаралық байланыс

Ақтамберді жырау толғауларының идеясы мен маңызын анықтағанда тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім


«Имандылық - асыл қасиет» эссе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы



«Мозайка» әдісі арқылы үш топқа бөлемін

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.

«Имандылық – адам бойындағы ең асыл қасиет» тақырыбында эссе жазу.
Сабақтың кіріспесі ретінде Ақтамберді жыраудың бір шумақ өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.

Жапанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел соқса да теңселмен,

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,

Балталасаң да айырылман,

Сыртым — құрыш,

жүзім — болат

Тасқа да салсаң, майырылман!

Ақтамберді жырау 1675 - 1768 жылдары өмір сүрген атақты жырау. Ол кісі Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратау баурайында дүниеге келген. Әкесі Сары ауқатты кісі болған. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақтамберді атақты жырау болумен қатар туғалы ат үстінен түспеген батыр, қолбасшы, қоғам қайраткері, дипломат, қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері болған.

Ақтамбердінің өмір жолы, айқастары,(кесте бойынша) түсіндіріледі.

Ақтамберді жыраудың мавзолейінің суреті көрсетіледі.





Сабақтың ортасы




Ақтамберді жыраудың толғаулары:

1.“Күлдір - күлдір кісінетіп”,

2.“Уа, қарт Бөгембай”,

3.“Менімен ханым ойнаспа”,

4.“Жауға шаптым ту байлап”,

5.“Заманым менің тар болды”

6. “Балаларыма өсиет”

7. «Түйе мойнын тұз кесер»

8. “Жылқыдан асқан мал бар ма?”

9. “Балпаң - балпаң кім баспас”

10. “Жауға шаптым”

11. “От басар орны отаудай”
Осы толғауларының ішінде бүгін біз «Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауына тоқталамыз. «Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауы ақын арманын танытатын, тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр бейнесін тудырған туынды.

Оқушыларға белгілі термеші Бекболат Тілеуханның орындауындағы Ақтамбердінің «Күлдір - күлдір кісінетіп» термесі тыңдатылады.



  1. тапсырма бойынша үш топтан үш оқушы «Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауын нақышына келтіре мәнерлеп оқиды және толғаудың маңызын мағынасын түсіндіреді.(5 мин)

2- тапсырма

1. Жыраулар өмірі, соның ішінде Ақтамберді жырау туралы үш топ «Топтық эссе» жазады. Жазған эсселерін әр топтың басшылары оқып береді. (4мин)

Үш топ өз топтарына берілген «Семантикалық карталармен» жұмыс жасайды.
І топ «Әдебиеттің кезеңдерін білесің бе?»

ІІ топ «Жырауларды білесің бе?»

ІІІ топ «Толғаулары қаншалықты білесің?»

(Әр топ топта семантикалық картаны толтырады.)
Постер қорғау

І топ

Ақтамберді Сарыұлын топтастыру

ІІ топ

«Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауын талдау
ІІІ топ

«5 жолды өлең» қүрастыру

Ақтамберді Сарыұлына



Кеспе қағаздар


Сабақтың соңы


Қорытынды


Ақтамберді

кім?

Туған

жері

Қай

ғасырда

өмір

сүрген?

Толғаулары

оның тақырып

тары

«Күмбір

күмбір

кісінетіп» толғауының тақырыбы, идеясы

Тілі, көркемдік өрнектер

























Үй тапсырмасы

Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауынан үзінді жаттау




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Хронология», «Шығармашылық ізденіс» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, зерттеушілік қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Әдеби шеңбер» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Хронология»,«Шығармашылық ізденіс», «Әдеби шеңбер», «Дөңгелек үстел» әдісін жүзеге асыру кезеңінде қимыл-қозғалықа ерекше мән беріледі.

Сыныптағы үстелдер қабырғаға жылжытылады, орындықтар екі қатарға қарама-қарсы, оқушылардың дауыстары анық естілетіндей етіп қойылады. Сараптама жасайтын оқушыға жеке орын дайындалады.