Файл: ыса мерзімді (саба) жоспары Блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 59

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

1.1 Кәсіпкерлік негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1.1.1 Кәсіпкерлікке кіріспе

Сабақтың мақсаты

Жоспарлы экономиканы нарықтық.экономикаға

трансформациялаудың жалпы траекториясын түсінеді.

Нарықтық экономика негіздерін біледі.

Экономика саласындағы оқиғалар мен құбылыстарды талдай және сыни бағалай алады.Тақырып аясында зерттелген терминдер мен ұғымдарды қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту

Жас кәсіпкерлердің рөлін түсіну мен олардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу, тілек білдіру.

Оқушыларды топқа бөлу:

1.Бизнес 2.Экономика 3. Кәсіпкер «Қажеттілік», «Игілік», «Жеке кәсіпкер», «Бизнесмен» ұғымдарын қалай түсінуге болады? /пікір алмасу/

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

1. Топтық жұмыс. «INSERT» әдісімен «Кәсіпкерліктің нысаны, мақаттары және міндеттері» тақырыбын ашу:

1.Бизнес

2.Экономика

3. Кәсіпкер

2. Топта «Кәсіпкерлік туралы экономистердің көсқарастары». Р.Кантильон, К.Маркс, Й.Шумпетер www. bibliotekar.ru

3. Карточкамен жұмыс. Кәсіпкер болуға өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден өздеріңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кешшіліктерін белгілеңіздер.

4. Ойланайық, талқылайық , әр топқа сұрақ-жауап.

«Бизнес» тобы: -қауіп-қатер (тәуекел, қиындық) -өз қаражатыңның есебінен қызмет ету;

«Экономика» тобы: -тәуелсіздік; -өнертапқыштық;

«Кәсіпкерлік» тобы: -жауапкершілік -белсенді іздену.

5. А.Маслоу теориясы негізінде қажеттіліктерді толықтырыңыз.

Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады? Түсіндіріңіз.

ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

https://yandex.kz/images/search?pos=9&from=tabbar&img_url=http%3A%2F%2 %D0%B6&rpt=simage&lr=10295

Тірек-сызбалар



Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Бағалау Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Оқушылар өздерінің жауаптарымен сыныптастарының жауаптарының дескрипторлар бойынша бағалайды: «жеке кәсіпкер» ұғымдарына мысалдар келтіреді; «бизнесмен» ұғымдарына мысалдар келтіреді; «жеке кәсіпкер» мен «бизнесмен» ұғымдарының айырмашылығын түсінеді; қажеттіліктер пирамидасын толық толтырады; қажеттіліктер пирамидасы негізінде адамның қажеттіліктері артыуының себебін түсіндіреді; «жеке» және «қоғамдық» игіліктерге кем дегенде 3 мысал келтіреді;

Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?

Үйге тапсырма

Кәсіпкерлікке кіріспе

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



     


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

1.1Кәсіпкерлік негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1.1.2 Нарықтың жұмыс істеу тетіктері

Сабақтың мақсаты

Нарықтың жұмыс істеуінің негізгі тетіктерін түсінеді.

Нарықтық қатынастардың заңдары мен

ережелерін біледі.

Алған білімдерін түсіндіре алады.

Алған білімдерін тәжірибеде қолданады.

Бағалау критерийі

-нарықтың жұмыс істеуінің негізгі тетіктерін анықтайды;

нарықтық қатынастардың заңдары мен

ережелерін біледі;

Құндылықтарды дарыту

Еңбек өнімділігін арттыру, қоғам, мемлекет еңбек арқылы дамитынын түсіндіреді.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Ынтымақтастықатмосферасын қалыптастыру

Топтың атауларымен 4 топқа бөлінеді:

«Кинометафора» әдісі. Нарықтың жұмыс істеу тетіктері туралы бейне материал ұсынылады.

-Бейне материалда нені көре аламыз?

-Бүгінгі сабақтын тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

https://yandex.kz/video/preview/2178264786107094124

сілтемеде

Нарықтың жұмыс істеу тетіктері туралы бейне материал

Сабақтың ортасы

Зерттеу мен талдау

Тапсырма №1

«Ортадағы қаламсап» әдісі- топтық мәтінмен жұмыс

1 топ: Нарықтың жұмыс істеуінің негізгі тетіктері.

2- топ: Нарықтық қатынастардың заңдары

3- топ: Нарықтық қатынстардың ережелері

ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;

Тапсырма №1

Мұғалім ақпаратты жинақтау үшін кесте таратып береді. Тапсырманы орындау алгоритімін таныстырады. Оқу мақсатымен байланыстырады. Нарықтың жұмыс істеуінің негізгі тетіктері анықтайды




Нарық белгісі

Нарықтардың түрі

1







2







3







4







5








Ойлан!

Нарықтың тетіктері немен ерекше?

Тапсырма №2

Нарықтың жұмыс істеуінің негізгі тетіктері.зерттей отырып, төменде сызбаға Нарық артықшылықтары мен теріс жақтарын толтырыңыз.
Нарық артықшылықтары




теріс жақтарын
ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

-Нарықтың жұмыс істеуінің негізгі тетіктерін түсінеді.

-Нарықтық қатынастардың заңдары мен

-ережелерін біледі.

Алған білімдерін түсіндіре алады.

-Алған білімдерін тәжірибеде қолданады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар


Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

«Ашық микрофон» әдісі

Неліктен нарық мәселені шеше алмаған салаларға мемлекеттің араласу қажеттілігі туындайды?

Кері байланыс

  • Нeні білдім,

  • нeні үйрeндім

  • Нeні толық түсінбeдім

Нeні білгім кeлeді?

Үйге тапсырма

Нарық тетіктерінің сақталуы, оның дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасалуы қандай дәрежеде?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



     


Қосымша №1

1.3. Нарық, оның тетіктері мен қызметтері

Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар бір біріне қарсы келуге ықпал ететін «тетік». Алайда, нарықты үлкен алаң деп түсінудің қажеті жоқ. Белгілі бір нарықты алайық, мысалы бала күтушілер қызметінің нарығы. Бұл нарықты нәтижесінде ата-аналары балаларын кіммен қалдыратындағын табатындай барлық шарттары деп ұғынуға болады.

Яғни, нарық – бұл тауарды сату және сатып алу мәмілелерінің жиынтығы.

Нарықтың субъектілері: сатушылар мен сатып алушылар. Сатушылар мен сатып алушылар ретінде үй шаруашылықтары, фирмалар (кәсіпорындар), мемлекет бола алады. Нарық субъектілерінің көбісі бір мезетте сатып алушалар да болып, сатушылар да болып қызмет ете алады. Барлық шаруашылық субъектілері нарықта тығыз өзара әрекеттесіп, өзара байланысқан сату-сатып алу «ағынын» құрады.

Нарық объектісі тауарлар мен ақша болып табылады.

Алғашқыда салыстырмалы түрде күнделікті сұраныстың игіліктері жүзеге асырылатын қарапайым нарық туындайды. Тауарлық айналым саласы кеңейген кезде, тұтынушылық тауарлар мен өндіріс құралдары, адамның еңбек күші мен инвестициялар (құрылыс пен машина, құрылғыларды сатып алу үшін ақша қаражаттары), бағалы қағаздар (акция, облигациялар) мен шетелдік валюта, ғылыми-техникалық әзірлемелер және т.б. сатылатын және сатып алынатын нарықтар жүйесі дами түседі.

Нарық дербес құрылым ретінде үш негізгі элементтен тұрады: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы және капитал нарығы. Үш нарықтың барлығы да тығыз байланысты және бір біріне әсер етеді.

Заманауи нарық бай және күрделі құрылыммен сипатталады. Оларды түрлі сипаттамалар бойынша жіктеуге болады (кесте 1).

Жалпы алғанда, нарықты жіктеудің басқа да белгілері өте көп. Сонымен бірге, бір нарық бірнеше белгілерді қамтитындығын ескеру қажет. Осылайша, жергілікті нарық бір мезгілде көтерме де, бөлшек сауда нарығы болып, ал жетілмеген бәсеке нарығы – мемлекеттік немесе жеке болуы мүмкін. Сондықтан да нарықты түрлерге жіктеу шартты болып келеді.

Қосымша №2

Нарық белгісі

Нарықтардың түрі


Қоғамдық еңбек бөлінісі немесе аумақтық шекара мен осы құбылыстың ауқымы бойынша


Жергілікті (қала, ауыл, аймақ шегінде), ұлттық (ішкі) және әлемдік нарықтар, соның ішінде ел аралық бірлестіктер нарықтары (ЕО, ТМД және т.б.), ұлттық және халықаралық.


Меншік нысанына байланысты


Жеке, кооперативті, мемлекеттік нарық


Нарықтық айырбас объектісі бойынша


Тауарлық (өндіріс, еңбек, тауарлар мен қызметтер, ноу-хау құралдары,) және ақша нарығы (ақша, бағалы қағаздар және валюталық)


Нарықтық айырбасты ұйымдастыру бойынша


Көтерме (биржа, мемлекеттік сатып алу), бөлшек сауда, экспорттық, импорттық


Бәсеке түрі бойынша


Жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы



Қосымша №3

Нарықтың тетіктері немен ерекше?

Бұл сұраққа жауап беру үшін оның қандай қызметтерді атқаратындығын анықтау қажет. Қысқаша айтқанда, нарық тетіктері экономиканы адамға қарай бұрып, бәсекелестік үдеріске қатысушылардың барлығын сұраныс арқылы бейнеленетін қажеттіліктерін қанағаттандыруға материалдық тұрғыдан мүдделі еткізеді. Сондай-ақ, тәжірибе көрсеткендей, ол ғылыми-техникалық үдерістің жетістіктерін меңгеруді, шығындарды азайтуды, сапаны арттыруды, тауарлар мен қызметтердің ассортиментінің кеңеюін ынталандыру арқылы капитал салу үшін белгі бере тұрып (бағалар арқылы) тиімді жұмыс жасайды.
Қосымша №4

Нарық артықшылықтары келесідей:

  1. Ресурстарды тиімді үлестіру.

  2. Икемділік, ауыспалы жағдайларға бейімділігі.

  3. Өндірушілер мен тұтынушылардың таңдау мен іс-әрекет еркіндігі.

  4. ҒТП жетістіктерін жоғары деңгейде пайдалану.

  5. Түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға қабілетті болу.

Нарықтың теріс жақтары:

  1. Ұдайы қалпына келмейтін ресурстардың сақталуына мүмкіндік бермейді.

  2. Қабылданатын шешімдердің ықтымал теріс нәтижелерін елемейді.

  3. Ұжымдық пайдалану тауарлары мен қызметтерін өндіру үшін түрткі болмайды.

  4. Толық жұмысбастылық пен тұрақты баға деңгейін қамтамасыз ете алмайды.

  5. Ғылымда іргермелі зерттеулерді ынталандыруға жағдай жасамайды.

  6. Рецессиялық және инфляциялық үдерістерге байланысты тұрақсыз дамиды.



Жоғарыда аталған нарықтың жағымсыз жақтарынан нарық тетіктерінің мүмкіндектерінің шектеусіз еместігін көруге болады. Ол қазіргі қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне кеплдік бере алмайды. Біздің айтып отырғанымыз нарықтың кемшілігі емес, оның шектеулі екендігі. Әрине, нарық мәселені шеше алмаған салаларға мемлекеттің араласу қажеттілігі туындайды.

Мемлекеттің экономикалық қызметінің негізгі бағыттары қандай?

Мемлекеттің экономикалық қызметінің негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады:

  1. Шаруашылық заңнаманы әзірлеу, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру. Яғни, бұл нарықтың экономикаға сәйкес кәсіпкерліктің, салық салудың, банк қызметінің және т.б. құқықтық негіздері.

  2. Нарық тетіктерінің сақталуы, оның дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасауын қамтамасыз ету.

  3. Бұл бағытқа нарықтан бос шаруашылық аймақтарды толтыру, нарықтық механизм әлсіз немесе тиімсіз болатын экономикалық мәселелерді шешуге арналған мемлекеттің қызметтерін жатқызуға болады.


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

1.1Кәсіпкерлік негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1.1.3 Нарықтық тепе-теңдік

Сабақтың мақсаты

Нарықтық тепе-теңдікке қол жеткізу шарттарын түсінеді.

Нарықтық тепе-теңдік шарттары туралы біледі.

Олар нарықтық тепе-теңдік жағдайларына қатысты өз ұстанымдарын білдіре алады.

Тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру барысында пәндік терминологияны қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

  1. Сұрақтарға жауап бер?

1.      Нарықтық тепе-теңдік дегеніміз не?

2.      Экономикалық теорияда нарықтық тепе-теңдікті қарастыратын қандай тәсілдер бар?

3.      Икемділік дегеніміз не?

4.      Икемділік коэффициенті дегніміз не?

5.      Икемділіктің қандай түрлері бар?

6.      Ұсыныс икемділігінің қандай негізгі түрлері бар?

7.      Пайда бойынша сұраныс икемділігінің негізгі түрлері қандай?

8.      Дефицит деген не?

9.      Профицит деген не?

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Нарықтық тепе- теңдік

  • өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы;

  • сұраныс пен ұсыныстың экономикалық заңға баламалы ара салмағы;

  • тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымының және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы.



1.Неліктен икемділікті түрлерге бөлу айтарлықтай шартты болып табылады?

2. Неліктен бұрынғы экономистер нарықтық тепе-теңдікті өздігінен теңдік нүктесіне келе алатын жағдай ретінде қарастырған?

3. Неліктен Леон Вальрас нарықтық тепе-теңдікті сандық бағалаумен байланыстыра қарастырды?

4. Неліктен Маршалл бойынша баға сұраныс және ұсыныс көлемінің қызметі болып табылады?

5. Неліктен профицит өнімнің бағасын төмендетуге себеп болады?

6.      Вальрас және Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдікті орнату тәсілдерінің айырмашылығы неде?

7.      Вальрас және Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдікті орнату тәсілдерінің ұқсастығы неде?

8.      Дефицит пен профицит арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтаңыздар

ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F% %82%D0%B5%D0%BF%D0%B5

Тірек-сызбалар




Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Нарықтық тепе- теңдік

Тауардың ұсынысы сұранысымен сәйкес болғанда және нарықтық бағаны өзгерту тенденциясы жоқ болғанда байқалады.

Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?

Үйге тапсырма

Нарықтық тепе- теңдік

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект