Файл: Сыныбы 8б Кні 12. 02. 2018ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Физика

Сабақ 43

Сыныбы: 8б

Күні:12.02.2018ж

Пән мұғалімі: Хамзина Айым Есболқызы

Сабақтың тақырыбы

§45 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы

Жалпы мақсаты

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы жайлы мағлұмат беру

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы жайлы мағлұмат алады

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді




Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Топқа бөлу

Парталарда бағдаршамның үш көзінің түстері тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан түстерді таңдап, сол түс орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 3 топ құрамыз.

Сол түстерге байланысты үш топқа бөлініп отырады

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады

Үй тапсырмасын пысықтау

Қызығушылығын ояту


Өткен тақырыпты қайталау:

Тірек-сызбамен жұмыс. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың формулаларын қайталау.

(слайд арқылы)

                  

Тізбектей жалғау

U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…

Параллель

жалғау

I=I1+I2+I3+…

U1=U2=U3=…

1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…

  2.    Сәйкестікті тап! Оқушылар мұнда шамалардың өлшем бірліктерінің сәйкесін табу керек.

 

 

Ток күші

м

Кернеу

Кл

Заряд

Вт

Кедергі

А

Жұмыс

Ом*м

Қуат

В

Уақыт

Дж

Ұзындық

Ом

Меншікті кедергі

с

 

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ бойынша bilim.land сайтынан видеоматериал көрсетіледі.

Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне

айналуының өлшемі ток жұмысының, яғни зарядтар орын ауыстырғандағы

өрістің электрлік күштерінің атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады.

А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс,q – заряд; U –кернеу.

Электр тогының жұмысы –ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен

уақыттың көбейтіндісіне тең.

ХБЖ-де электр тогының жұмысы 1Дж=1Аּּ1с.



Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.



ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт.

1Вт=1Аּ1В.

Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің

кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.

Джоуль-Ленц заңы:

Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток

күшінің квадартына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына

тура пропорционал болады:



1кВт×сағ электр энергиясының құны тариф деп аталады. Мысалы өзіміздің Казталовка ауданының тұрғындары үшін тариф

1кВт×сағ =10,46тг

Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс»
Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте топтарға төмендегі сұрақтар таратылады. 
1. Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қандай? 
2. Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер? 
3. Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата? 
4. Джоуль - Ленц заңы қалай жазылады, түсіндір? 
Берілген сұрақты топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.) 


Кітаппен жұмыс. 21-жаттығу (5 мин)

№1. 220В кернеуі бар желіге әрқайсысы 110В-қа есептелінген қуаты бірдей екі шамдв тізбектей жалғауға бола ма?

№2. Әрқайсысы 6В кернеуге, 0,6 А ток күшіне есептелінген екі шам 2 мин жанды. Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.

№3 Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

1.     Деңгейлік тапсырмалар. (5 мин)

№1. Ток күші 3А, кернеуі 220 В желіге қосылған электршәйнегінің қуатын

анықта. (660 Вт)

№2. Кернеу 220 В, ток күші 5А желіге жалғанған электрқыздырғыш 30 мин жұмыс

істегенде, қанша жылу мөлшері бөлінеді? (1980 кДж)

№3. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В

кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай? Ол 1 сағ ішінде қанша жұмыс

атқарады? Жауапты Дж және кВт*сағ түрінде беріңдер.

(2160МДж және 600кВт*сағ)


Шығармашылыққа тапсырма

Практикалық есептер шығару

Тұрмыстық электр приборларын пайдаланады

1-топ Үтікті бес минут қыздырып, оның техникалық көрсеткіштерін пайдаланып, үтіктен бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығар

2-топ Плойка шаш бұйралағышты 7 минут қыздырып барып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығар

3-топ Қалта фонарын 5мин қыздырып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығар.


Үй тапсырмасы

§45 № 6 эксперименттік тапсырма

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Оқушыларды бағалау

Кері байланыс:«3-2-1»




Кеі байланыс