ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 30.01.2023 | Мектеп: О.Молдағожин атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты жөні: Т.Т.Калиев | |||||||
Тақырып | Дыбыс әсерлері | |||||||
Сынып | Қатысқандар: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу. | |||||||
Сабақ мақсаттары | 1.Дыбыстың түрлерін білу. 2. Дыбыс көздерін тану және ажырату. 3.Табиғи және жасанды дыбыс көздерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, салыстыра алу. | |||||||
Бағалау критерийлері | Дыбыс көзін анықтайды, табиғи немесе жасанды екенін айта алады. Табиғи дыбыстар мен жасанды дыбыстардың айырмашылықтарын біледі, берілген тапсырма бойынша сәйкес топтастырады. Табиғи дыбыс көздерін қоршаған ортамен байланыстырады. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||||||
Ұйымдастыру кезеңі Топтастыру 4 минут | Психологиялық ахуал Мақсаты: Зейіндерін сабаққа аудару Тамаша ғой, Бүгін сен Табиғатқа жүгінсең. Құлақ түріп, көз тігіп, Төңірекке үңілсең. Үстел үстінде суреттер жатады. Ұнаған суреттерін алып, бірдей суреттері бойынша топтасып отырады. | Бұлақ, тиын, микрафон, домбыра | ||||||
Негізгі бөлім: Ой қозғау 7 минут 10 минут Сергіту сәті: 3 минут 6 минут 6 минут Рефлексия 2 минут Кері байланыс: 2минут | Бірлескен оқу әдісі ҰЖ. «Бұл қандай дыбыс?» Мақсаты: Дыбыс түрлерін ажырату 1-тапсырма Жаңбырдың, құстардың сайрағанын теңіз толқынының дыбыстарын, баланың жылағанын, сиырдың мөңіреген дыбыстарын тыңдайды. Аудиожазбаны тыңдау арқылы ненің дыбысы екенін анықтап айтады. Дескриптор:_*Дыбыстың_түрлерін_сипаттайды.*Дыбыстың_түрлерін_салыстырады.ҚБ_Әр_топ_бірін_бірі_бағалайды._«Екі_жұлдыз,_бір_тілек»'>Дескриптор:_*Дыбыс_түрлерін_таниды.*Дыбыс_көздерін_анықтайды.ҚБ._Мұғалімнің_қолпаштауы_«Жарайсыңдар!»,_«Бәрекелді!»_Дағды'>Дескриптор: *Дыбыс түрлерін таниды. *Дыбыс көздерін анықтайды. ҚБ. Мұғалімнің қолпаштауы «Жарайсыңдар!», «Бәрекелді!» Дағды: Тыңдалым, айтылым дағдысы қалыптасады. Белсенді оқыту әдісі ТЖ. «Сен білесің бе?» Мақсаты: Дыбыс көзін анықтау, сипаттау, салыстыра алу. 2- тапсырма:Оқушылардың алдына қоңырау, сылдырмақ, қасықтар, кесе, тиындар беріледі. Берілген заттармен оқушылар музыкалық дыбыстар шығару керек. Қорытынды: Дыбыстар шығуына қарай бәсең және қатты болады. Дескриптор: *Дыбыстың түрлерін сипаттайды. *Дыбыстың түрлерін салыстырады. ҚБ Әр топ бірін бірі бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» Әр топ жұлдызға ұнаған нәрсесін айтады, тілекке жақсы лебізін білдіреді. Дағды: Тақырыпты түсіну, ой бөлісу, пікірлесу дағдысы қалыптасады «Дыбыстарды сал» ойыны Шарты: Берілген сурет бойынша қандай дыбыс шығаратынын салу және ажыратып айту. ЖЖ. Белсенді оқу әдісі Мақсаты: Жасанды және табиғи дыбыстарды ажырату. 3 - тапсырма: Оқушыға ысқырық, ұялы телефон беріледі. Оқушы дыбыстың қалай шығатынын зерттеп, қорытынды шығару керек.
Қорытынды:Дыбыс жасалу жолына қарай жасанды және табиғи дыбыс болады. Дескриптор: *Жасанды дыбысты ажыратады. *Табиғи дыбысты ажыратады. ҚБ «Бас бармақ» тәсілі арқылы жұпта бірін бірі бағалайды. Бас бармақ жоғары – күтілетін нәтижеге қол жеткізсе. Бас бармақ көлденең - біршама дәрежеге қол жеткізді, бірақ одан да көп нәтижеге қол жеткізуге болар еді. Дағды: Бірлесе жұмыс істеу, сыни ойлау қарым - қатынас дағдысы қалыптасады. Ж. Саралау әдісі «Дыбыстарды зерттейік» Мақсаты: Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату. 4 - тапсырма: Есік , терезелер ашық тұрады. *Айналаға құлақ түреді. *Естілген барлық дыбыстарды жазып алады. *Оларды берілген кестеге ажыратып жазады.
Дескриптор: *Естілген дыбыстарды түртіп алады. *Кестеге ажыратып жазады Кейбір оқушылар табиғи, жасанды дыбыс екенін дәлелдейді. ҚБ. «Мерекелік отшашу» Жауабы дұрыс болған жағдайда төменнен жоғары қарай қол шапалақтап отшашу жасайды. Дағды: Сыни ойлау және жазылым дағдысы қалыптасады «Блогбастер» әдісі Доп лақтыру арқылы сұрақ- жауап алынады. 1.Дыбыс дегеніміз не? 2. Дыбыс көздерінің қандай түрлерін білеміз? 3.Табиғи дыбыс көздеріне нелер жатады? 4.жасанды дыбыс көздеріне нелер жатады? Дыбыс көздерін білемін, ажыратамын. (қол шапалақтайды) Толық түсінбедім. (аяқпен тарсылдатады) Дыбыс көздерін білмеймін, ажырата алмаймын. (партаны тарсылдатады. | Құстардың сайрағаны, жаңбырдың, теңіз толқыны, баланың жылағаны, сиырдың мөңіреген дыбыстарының аудиожазбасы Қоңырау, сылдырмақ, қасықтар, тиындар Жылқы, қозы,сағат, тауық, қасқыр Ысқырық, ұялы телефон Доп |