Файл: Блім 5блім. Тарихи тлалар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

Бөлім:

5-бөлім. Тарихи тұлғалар. Лексика. Көнерген сөздер. Эвфемизм.

Дисфемизм. Табу.

Педагогтің аты-жөні:

Бітімбай А.С

Күні: 02.12.2022ж




Сыныбы: 6 «ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тарих қойнауында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушы мәтін бойынша көтерілген мәселені болжай алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушы амандасу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушының сабаққа белсенділігі артады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.


Қандай тарихи тұлғаларды білесің?
Олардың ел тарихындағы рөлі қандай?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


2-тапсырма.

Тыңдалған мәтіннен ең қажетті ақпараттарды анықтап, сұрақтарға жауап бер.

• Елбасының «Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген сөзін қалай түсіндірер едің? • Кімдерді ұлы тұлғалар дейміз? • Ата-баба мұралары туралы не айтар едің?

• Біз үшін ең маңызды мұра деп нені бағалайсың?

Дескриптор: Жалпы -3 балл.

- Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқулық,

жұмыс дәптерлері.





3-тапсырма. Бірінші бағандағы сөйлемді өз сөзіңмен алмастырып жазып, көтерілген мәселені болжап айт.

Айтылым-жазылым:

Мәтін мазмұны

Өз ойы

Демек, жас өскінді ұланбайтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшы, ақылдың амалымен сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан атабабаларымыздың өміршең үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең абыройлы міндетіміз болып қала бермек.




Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының айтылым-жазылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы -4 балл.

- Бірінші бағандағы сөйлемді өз сөзіңмен алмастырып жазады.

-көтерілген мәселені болжап айтады.

Оқулық, жқмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушының сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Оқушы бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыны мадақтау арқылы, смайлик арқылы бағалайды