Файл: ызылорда облысыны білім басармасыны армашы ауданды білім бліміні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы аудандық білім бөлімінің

«№ 277 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітілді»

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары _____________Г.Амантаева

Қысқа мерзімді жоспар

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Мұғалімнің аты-жөні:

Абдикалиева Гулхан Самалбековна

Күні:

09.02.2023 жыл

Сынып: 9 «А»

Қатысқаны: 15 Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романының композициясы мен сюжеті

Оқу мақсаттары:

9.1.1. 1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдайды.

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар?! Қызығушылықтарын ояту.

Психологиялық ахуал туғызу. Бүгін менің оқушыларым қандай әдемі! Бәрі де сабаққа тыңғылықты дайындалып келді деген ойдамын. Өтілген тақырыпқа шолу жасайды.

Тақырыпты жариялау.Төмендегі суретке қараңдар.Бұл не?Ол туралы не білесіңдер?Сабақтың тақырыбын болжап айтыңдар.

"Сен білесің бе?" әдісі.

-Ұлпан қандай жағдайда "Тұра тұр ,бәлем" деп ойлайды?

-Есеней Артықбайға қалай көмектеседі?

-Артықбай Мүсірептен қандай жақсылықтар көрген?

-Есеней Артықбайдың алдында қандай қарызы бар?

Амандасады. Психологиялық ахуал туғызады. Өтілген тақырыпқа шолу жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.
Үй тапсырмасын талдайды.



Жарайсың!

Керемет!

Тамаша!

Слайд

Суреттер

10 минут

Жаңа сабақ

Ғабит Мүсіреповтың суреті көрсетіледі. Олар Ғ. Мүсірепов туралы білетіндерін айтады. ІІ Мағынаны тану. 1-тапсырма

«Конверттегі сұрақ» әдісі. Конвертте жасырылатын сұрақтар:

1. Жазушының ана тақырыбындағы әңгімелерін ата (Ананың арашасы, Өлімді жеңген ана, Ақлима, Ашынған ана,Ер Ана, т.б.).

2. «Ұлпан» романы қашан жарыққа шықты? (1980 ж.)

3. Артықбай батырдың қыстаған мекені («Қаршығалы» шұбары)

4. Ұлпан Есенейге қосылуға не себепті келісім берді?

(әкесіне қорған әрі баладан құтылу үшін).

5.Есенейдің 4 жолдасы (ең сенімді серігі-жамағайын түрікмен Мүсіреп, Алдай елінен- аңшы Мүсіреп, руы басқа болса да Есенейдің қоныстасы Бекентай батыр, Есенейдің қосалқы атын жетелеп жүретін жас жігіт, түрікмен Мүсірептің туған інісі Кенжетай).6. Нұралы елін қайда айдап тастады? (далаңқы жайлауға)7.Есенейдің қайғысы (2 ұлы бір күнде шешектен өлген,20 жыл әйелі бала көтермеген).8. Есенейге екі нәрсе өтпейді. Ол (оқ, сөз).9. Ұлпанды айттырған ( саудагер Түлен)

10. Ұлпанның Мүсірепке айтқан соңғы сөзі (Ұлпан – арзанға түспейтін қыз).

Олар Ғ. Мүсірепов туралы білетіндерін айтады.
- сұрақтарға жауап береді;

- алған білімін саралайды.


Бас бармақ

От шашу




25 минут

5 минут

Тапсырмалар

Бекіту

2-тапсырма. Романдағы кейіпкерлер сөзін сәйкестендір

Есеней

... малым бар десе әкең өзі келсін маған. Болмаса қыс ортасы ауған кезде бір қос жылқыны сол маңайға аударғалы отырмын. Сонда кездесер... Кенжетай, қолдарын шешіп босатып жібер!

Түрікпен Мүсіреп

Ұлпан, сен мен қазір не айтсам да түгел тыңда, ойлана тыңда. Құлағыңа жақсын, жақпасын, түгел тыңдап ал! Бір ауыз сөз қоспай тыңда!..

Артықбай

Баласы таз ба, мерез бе, білмеймін, әйтеуір Ұлпанжан құлан-таза безініп кетті. Шойнақ шалды басынып алып қашуға келгендерін көрмейсің бе!

3-тапсырма. Роман мазмұнына қатысты ақиқат немесе жалған ақпаратты анықта.

Аңшы Мүсіреп сызыбғы да тартады.

Жалған

Арыз айтып келген Ұлпанды Есенейдің алғаш көруі

Жалған

Ұлпанды Төлегеннің баласына айттырған болатын.

Ақиқат

4-тапсырма. Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жаса.

Оқиғаның басталуы

Есенейдің көші

2.Оқиғаның дамуы

Құдалық. Ел ісіне араласқан Ұлпан. Есенейдің қазасы

3.Оқиғаның шиеленісуі

Ұлпанның шешімі

4. Оқиғаның шарықтау шегі

Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі

5. Оқиғаның шешімі

Жалғыз қалған Ұлпан. Әр түрлі ойлар бунай берді. Бастан кешкен қайғысыз-қайғылы күндер тізбектеліп өтіп жатыр...

Пролог (сөз соңы) – жазушы естелігі

4-тапсырма.Оқиғаларды шығармадағы ретімен орналастыр.

  1. Артықбайды шанаға отырғызып алып, Есенейдің аңға шығуы.

  2. Есенейдің Артықбайдың халін сұрап келуі.

  3. Кенесары мен Есеней қолының шайқасы.

  4. Есенейдің «Қаршығалы» шұбарына келіп ірге тебуі.

Бекіту сұрақтары: - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасауды;

- тапсырмалар орындау барысында шығармадан дәлел келтіре отырып талдауды үйрендіңіздер. Үйге тапсырма. «Есімі аңыз болған Ұлпан ана» тақырыбында эссе жазыңыз.

-романдағы кейіпкерлер сөзін анықтайды;

-сәйкестікті табады.


роман мазмұнына қатысты ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды.


1.сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

2.ойларын дәлелдейді.
-оқиғаларды шығармадағы ретімен орналастырады;

-шығармадан дәлел келтіреді.

1.Есенейдің «Қаршығалы» шұбарына келіп ірге тебуі.

2.Кенесары мен Есеней қолының шайқасы.

3.Есенейдің Артықбайдың халін сұрап келуі.

4.Артықбайды шанаға отырғызып алып, Есенейдің аңға шығуы.

Қолпаштау

Марапаттау

Бас бармақ


Жағымды пікір (Не ұнады?)

Сындарлы сын: (Не нәрсені жақсарту керек?)

Келешекке арналған пікір: (Маған ұнады, бірақ...)

Кесте

Кесте

Оқулық






Шығарманың авторы - Ғабит Мүсірепов

Шығарманың тақырыбы - ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.

Идеясы - қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.

Жанры - проза /роман

Кейіпкерлері - Есеней, Ұлпан, Артықбай, Несібелі, Торсан, Біжікен, Мүсіреп, Шынар, Әсіреп, Науша, Жаниша, Кенжетай, Шоқан т.б.

Негізгі оқиға желісі: Ұлпанның ақылдылығы арқасында бүкіл Сибан елінің ел қатарына қосылуы. Ұлпанның ерен еңбегі, ақылды жомарттығының арқасында ел анасы атанып, дүниеден бақытсыз болып өтуі.

Оқиға орны: «Қаршығалы» шұбары

Оқиға кезеңі: ХІХ ғасыр қазақ даласы

Шығармадағы жер-су атаулары:

Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау

1.Басталуы - Есенейдің көші

2.Байланысуы - Ескі доспен кездесу

3.Дамуы –а)құдалық. Б).ел ісіне араласқан – Ұлпан. в.)Ұлпан көлі. г.)Есенейдің қазасы

4.Шиеленісуі - Ұлпанның шешімі

5.Шарықтау шегі - Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі

Пролог (сөз соңы) – жазушы естелігі

Шешімі:

Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер: «Сорлының зары арлыға кездескей», «Малым,, жаным садағасы, жаным арым садағасы», «Байлық,,,бір жұттық, батыр,,бір оқтық», «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», «Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар», «Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын», «Баласыз әйел панасыз әйел»

Сюжеттік жоспар:

1. Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы, Есенейдің Артықбайдың үйіне келуі.

2. Ұлпанды құтқаруы.

3. Ұлпанды айттыруы.

4. Той қамы, Есенейдің билік құруы.

5. Ел қарызын өтеуі.

6. Орыс үйіне келуі, тіршілік бейнесі.

7. Есенейдің құлауы, Ұлпанның Ақнар атануы, айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады.

8. Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан.

9. Ұлпанның қарғысына ұшыраған – Торсан