Файл: Биология пнінен тест сратары 8сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Биология пәнінен тест сұрақтары 8-сынып

1. Ми бағанасынан тарайтын жүйке саны:

A) 6 жұп B) 5 жұп C) 12 жұп D) 8 жұп E) 10 жұп

2. Қаңқа бұлшық етінің құрылысы тұрады:

A) бірыңғай салалы бұлшық ет және жекеленген көлденең жолақты бұлшық еттен

B) жекеленген көлденең жолақты бұлшық еттен

C) бірыңғай салалы бұлшық ет шоғырынан

D) көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары шоғырынан

E) көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары шоғыры мен бірыңғай салалы бұлшық еттен

3. Жүректің кіші қанайналым шеңбері басталатын бөлігі:

A) Сол жақ құлақша. B) Оң жақ қарынша. C) Сол жақ қарынша. D) Оң жақ құлақша. E) Қолқа.

4. Тыныс алуға жатпайтын мүше:

A) бауыр B) аңқа C) кеңірдек D) көмей E) кеңсірік

5. Үш түбірлі тістер:

A) Үстіңгі азу. B) Астыңғы азу. C) Иттіс. D) Күректіс. E) Ауру тістер.

6. Теріні түзетін ұлпа:

A) Жүйке. B) Бұлшықет. C) Шел. D) Дәнекер. E) Эпителий.

7. Есту мүшесінің толтырылған сұйықтық қуысы

A) Сыртқы құлақ қуысы. B) Ортаңғы құлақ қуысы. C) Самай сүйегіндегі қуыс. D) Ішкі құлақ. E) Құлақ қалқаны.

8. Адамның құрсақ қуысында орналасатын мүше:

A) Жүрек. B) Жұтқыншақ. C) Өкпе. D) Өңеш. E) Бүйрек.

9. Бас ми бағанының құрамына кірмейтін:

A) аралық ми B) ми көпіршесі C) сопақша ми D) үлкен ми сыңарлары E) ортаңғы ми

10. Кез келген бұлшық еттердің жиырылуы байланысты:

A) Қозуға. B) Көмірқышқыл газын пайдалануға. C) Энергияны пайдалануға. D) Оттегін пайдалануға. E) Тежелуге.

11. Оң жақ қарыншадан шығатын қантамыр:

A) Көктамыр. B) Өкпе салатамыры. C) Қолқа. D) Өкпе көктамыры. E) Қылтамыр.

12. Адам тыныс алуына қажетті газ:

A) оттегі B) азот (IV) оксиді C) азот D) азот (II) оксиді E) көмірқышқыл газы

13. Ас қорыту жүйесінің ішкі қабырғасы ... тұрады:

A) эпителий ұлпасынан B) көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан C) бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан D) дәнекер ұлпадан E) жүйке ұлпасынан

14. Дәрумендер (витаминдер) ... түзілуіне қатысады.

A) көмірсулардың B) майлардың C) гормондардың D) ферменттердің E) тұздардың

15. Физикалық жұмыс кезінде жылудың теріден сыртқа шығарылу себебі:

A) Бауырдың күшті жұмысынан. B) Қанда қанттың көбеюінен. C) Тердің булануынан. D) Лүпілдің баяулауынан. E) Лүпілдің артуынан.

16. Көздің бұзылуы ағзада мына дәруменнің (витаминнің) жетіспеуінен

A) Д. B) В1. C) А. D) В2. E) С.

17. Қанда глюкозаның үнемі болуын реттейтін без

A) Гипофиз B) Қалқанша без C) Бүйрек үсті безі D) Бауыр E) Ұйқы безі

18. Жұлынның рефлекторлық қызметі

A) Сезгіштікті қамтамасыз ету. B) Бұлшық еттердің жұмысын күшейту. C) Қаңқа жұмысын реттеу. D) Қозғалысты басқару. E) Асқорытуды тездету.


19. Бұлшықет сүйекке ... байланысады.

A) бұлшықет шоғы арқылы B) сіңір арқылы C) шеміршек арқылы D) буын арқылы E) эпителий ұлпасы арқылы

20. Лейкоциттер түзілетін жер:

A) бауырда B) тек жілік кемігінде C) көк бауырда, жілік кемігінде, лимфа түйінінде D) тек лимфа түйінінде E) лимфада

Биология пәнінен тест сұрақтары

9-сынып

1 Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі.

A) Биосфералық. B) Ағзалық. C) Молекулалық. D) Популяциялық. E) Биогеоценоздық

2. Зат алмасу немесе метаболизм тұрады:

A) Катаболизм мен ыдыраудан

B) Катаболизм мен транскрипциядан

C) Катаболизм мен өзгеруіден

D) Катаболизм мен трансляциядан

E) Катаболизм мен анаболизмнен .

3 Жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстар

A) липид, көмірсу, нәруыз B) минералды тұздар C) су

D) бейорганикалық заттар E) калий, натрий, кальций

4.Фотосинтездің нәтижесінде атмосферада жинақталады

A) Көміртек. B) Көмірқышқыл газы. C) Азот. D) Сутек. E) Оттек.

5. Митоздың аяғында хромосомасаны

A) Сол қалпында қалады B) Төрт есе көбейеді C) Екі есе кемиді

D) Үш есе көбейеді E) Екі еселенеді

6. Нәруыздың мономері:

A) Глицерин. B) Моносахарид. C) Нуклеотид. D) Майқышқылдары.

E) Аминқышқылдары.

7. Автотрофты қоректенетін ағзалар:

A) Вирустар. B) Жануарлар. C) Өсімдіктер. D) Адам. E) Саңырауқұлақтар.

8. Алғаш жасушаны ашқан:

A) М. Шлейден B) Т. Шван C) Р. Вирхов D) Р. Гук E) Г. Дарвин

9. «Тіршілік» деген ұғымға алғаш рет анықтама берген ғалым

A) А.Опарин B) Д.Бернал C) В.Вернадский D) Ф.Энгельс E) В.Докучаев

10. Жасушадағы энергия станциясы

A) Лизосомалар. B) Рибосомалар. C) Цитоплазма. D) Ядро. E) Митохондриялар.

11. Митоздың метафаза кезеңінде:

A) хромосомалар экваторға жинақталады, бөліну шүйкесі түзіледі.

B) ДНК синтезделіп молекула екі еселенеді.

C) хромосомалар шүйке жіпшелерінің әсерімен (көмегімен) полюстерге қарай ажырайды.

D) хромосомалар ширатылады, қысқарады, жуандайды.

E) бөліну шүйкесі жойылады, хромосомалар тарқатылып, ядро қабықшасы түзіледі, екі жас жасуша пайда болады.



F) екі жас денешік пайда болады

12. Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағза

A) Газ алмасу B) Тынысалу C) Анаэробты D) Аэробты E) Синтез F) Бөліну

13. Опарин-Холдейн болжамын сынақ тәжірибемен дәлелдеген ғалым.

A) Э.Геккель.

B) Д.Тиндаль.

C) Луи пастер.

D) А.Левенгук.

E) С.Миллер

F) Ч.Дарвин

14. Жасушаның бейорганикалық қосылыстарына жататындар-

A) майлар.

B) белок (ақуыз).

C) көмірсулар.

D) су

E) нуклеин қышқылдары.

F) минералды тұздар

15.Жер бетінде шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдаған ғалым.

A) А.И.Опарин.

B) Д.Тиндаль.

C) Луи Пастер.

D) А.Левенгук.

E) Э.Геккель.

F) Мюллер

16.Жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін реакциялар жиынтығы:

A) аэробты ыдырау

B) анаболизм (пластикалық алмасу)

C) катаболизм (энергетикалық алмасу)

D) анаэробты ыдырау

E) метаболизм (зат алмасу)

F) редукция

17. Тірі материя жаралымының ең төмен деңгейі.

A) Биогеоценоздық.

B) Биосфералық.

C) Молекулалық.

D) Жасушалық.

E) Популяциялық

F) Биогеографиялық

18. Лизосоманың қызметі:

A) эукариотты жасушаларда генетикалық материалды сақтайды.

B) нуклеин қышқылын синтездейді.

C) әртүрлі өнімдердің ыдырайтын орны.

D) жасушаның тыныс алуына қатысады.

E) фотосинтезге қатысады

F) асқорыту ферменті

19. Прокариоттар...................

A) қызыл балдырлар.

B) қалпақшалы саңырауқұлақтар.

C) бактериялар.

D) былқылдақ денелілер.

E) ішекқуыстылар.

F) вирустар

20 Жасушаның бейорганикалық қосылыстарына жататындар-

A) Су

B) Нуклеин қышқылдары

C) Майлар

D) Көмірсулар

E) Ақуыз (нәруыз)


Биология 10-сынып .

Тест сұрақтары


1. Цитология ғылымы нені зерттейді?

а) жасушаларды; в) ұлпаларды; с) өсімдіктерді; д) вирустарды.


2. Өсімдіктерде қандай көмірсулар кездеседі?

а) гликоген; в) липид; с) нәруыз; д) крахмал, жасұнық (клетчатка).


3. Тұңғыш рет 1736 жылы қандай ғалым бидай ұнынан желімгіктелген нәруыз алды?

а) Р.Воклен; в) В.Браконно; с) Ч.Дарвин; д) Я.Беккори.


4. Аминқышқылдарының орын ауыстыруы организмге қалай әсер етеді?

а) организм қызметі артады; в) организмде ауру пайда болады;

с) организмге ешкандай әсері жок;д) организм қызметі баяулайды.



5. ДНК полимерінің мономері қандай заттардан тұрады?

а) нуклеотид ; в) аминқышқылы с) нуклеин қышқылы; д) ферменттер.


6. Ферменттер қандай қызмет атқарады?

а) тасымалдау; в) катализаторлық с) акпараттық д) энергиялык.

7. Аминқышкылының құрамына қандай топтар кіреді? :

а) СООН, NH2; в) СООН, NH4;с) СН2ОН, NH2; д) СО2, NH3


8. Нәруыз молекуласының кұрамына қандай аминқышқылы креді?

а) λ-жағдайдағы аминқышқылы; с) β-жағдайдары аминкышқылы;

в) γ-жағдайдағы аминкышкылы; д) δ-жағдайдағы аминқышқылы.


9. ДНҚ-ның екі еселенуін қандай ғалымдар зерттеді?

а) Дж.Уотсон; в) Р.Франклин

с) Э.Чаргафф; д) М.Месельсон, Ф.Сталь.


10. Нәруыздың бірінші реттік құрылымында қандай байланыс болады?

а) сутектік; в)пептидтік; с) дисульфидтік; д) иондық


11. РНК-ның құрамына қандай көмірсу кіреді?

а) пентоза; в) рибоза; с) полисахарид; д) сахароза.

12. Денатурация кезінде нәруыз:

а) қасиеті өзгереді; в) катализаторға айналады;

с) тасымалдау кызметін атқарады; д) өзгеріске ұшырайды.

13. Полимерлі молекула неғұрлым алып болса, биологиялық маңыздылығы соғұрлым:

а) артады; в) жойылады с) кемиді; д) өзгермейді.


14. Улы қасиеті бар нәруыздар қалай аталады?

а) ферменттер; в)токсиндер;с) гормондар;д) сапалы нәруыздар.


15. РНК кандай мономері бойынша ДНҚ-дан ерекшеленеді?

а) тимин; в) урацил; с) гуанин; д) цитозин.


16. Протоплазма дегеніміз не?

а) жасушанын ішіндегі сұйыктык; в) ядро;

с) жасушанын сұйықтығы мен ядро; д) жасуша органоиді.


17. Мына шағын ДНК тізбегінін қайсысы дұрыс?

а) Т А Г Ц Т в)АТЦ Г с) Т А У Т д) Ц Т У А

│ ││ ││ │ ││ │ │ │ │ │ │ │ │ │

А Т Ц ГА Г Ц Т А У Г Ц А Г Т Ц Г


18. Глюкоза көмірсулардың қай тобына жатады?

а) моносахарид;в) полисахарид;с) дисахарид;д) гликоген.


19. Жасушада 1 г май ыдырағанда канша энергия бөлінеді?


а)17,7кДж; в) 38,9 кДж с) 16,5 кДж; д) 18,2 кДж.


20. ДНҚ-ның редупликациясына қандай фермент катысады?

а) лигаза; в) ДНҚ-полимераза; с) РНҚ-полимераза; д) амилаза