Файл: Кні Сынып 7 Мектеп Малімні атыжні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні: Физика Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.2 «Денелердің өзара әрекеттесуі»

Күні:

Сынып: 7


Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.

№5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.6 - тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;

7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: тыныштық, сырғанау, домалау үйкелістерін анықтама береді

Көптеген оқушылар : үйкелісті арттыру және кеміту жолдарын түсіндіреді

Кейбір оқушылар : күнделікті өмірден үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру арқылы зерттеу жүргізеді.

Тілдік дағдылар:

Айтылым - жазылым

Бағалау критерийі

Үйкелістің түрлерін ажыратып анықтама береді, үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына зерттеу жүргізіп мысалдар келтіреді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, талдау.

Тілдік мақсаттар:


Пәнге қатысты лексика жәнке терминология

  • Үйкеліс күші, Тыныштық, домалау, сырғанау үйкелісі, үйкеліс коэффиценті

Диалог/жазылымға қатысты пайдалы сөз тіркестері:

  • Бір дене екінші дененің бетімен козғалған кезде пайда болатын күш.............

  • Үйкеліс түрлері.........

  • Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін ...... күші деп атайды.

  • N –нормаль қысым күші формуласы...........

Құндылықтарды дарыту:

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу «Мәңгілік ел» идеясының еңбек шығармашылық өмір бойы білім алу құндылығыныа баулу практикалық жұмыс орындау барысында дарытылады..

Пәнаралық байланыс:

Информатика, технология

Алдыңғы білім:

Оқушылар нені біледі: Денелердің әрекеттесуі, Күштер, вектор Гук заңы деформациятуралы түсінік.

Сабақ барысы


Жоспарланған сабақ кезеңдері







Ресурс

Сабақтың басы
10 минут



Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушыларға сары, жасыл түсті тәттілер беру арқылы топқа бөлінеді. 1-топ «ауырлық күш», « 2- топ «серпімділік күш».

1- тапсырма

«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылар өтілген тақырыптар бойынша әр топқа 4 сұрақ беріледі. Сұраққа ең жылдам, әрі дұрыс жауап берген топқа сыйлық беріледі (тәттілер)

1-топ

  1. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Деформация қаншаға бөлінеді?

  3. Қатаңдық өлшем бірлігі қандай?

  4. Серпімділік күшінің пайда болу себептерін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

1. Гук заңының тұжырымдамасын айтады.

2. Деформацияның түрлерін біледі.

3. Қатаңдықтың өлшем бірлігін айтады.

4. Серпімділік күшінің пайда болу себептерін айтады.
2-топ

  1. Күшті анықтаған ғалым кім?

  2. Күшті өлшеу үшін қандай құрылғы қолданылады.

  3. Динамометрдің құрылысын түсіндір?

  4. Күш қандай шама?


Дескрипторлар:

1.Күшті анықтаған ғалымды біледі.

2. Күшті өлшеу үшін қандай құрылғы қолданатынын айтады.

3.Диномометрдің құрылысын түсіндіреді.

4. Күштің қандай шама екенін айтады.

Сабақтың мақсатымен бағалау крийтеримен таныстыру.

Суретті болжау әдісі:

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Қайсысы тез түседі деп ойлайсыздар.

Неліктен?

Үйкеліс күші тек қана тегіс беттерде болама?



Демонстрациялық тәжірибе көрсту.


Дескрепторлар: тыныштық, сырғанау, домалау, үйкеліс коэффицентін түсінеді, ажырата алады.


???


Сабақтың ортасы

30мин


«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу» зертханалық жұмыс.
Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз.

Қай жағдайда үйкелісті арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз. a) Бормен тақтаға жазу; b) Қыстыгүні жолдардың тайғанақ болуы; c) Конькимен сырғанау; d) Автокөлік жолының кедір-бұдыр болуы; e) Велосипед тетіктерінің тоттануы;

Үйкеліс күші пайдалы ма,әлде зиянба?

Мақсатын анықтап, алдарына міндет қояды.

Болжам жасайды.

Қорытынды жасайды.

Дескриптор:

Үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әрекеттерін ажыратады;

Үйкелісті қай кезде арттыру не азайту керек екенін түсіндіреді.



Электрондық оқулық.


Сабақтың cоңы

5 мин


«Баспалдақ сатысы»



1.Менің оқуым қандай сатыда?

2.Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін?

3.Білімімді толықтыру үшін не істеуім керек?

Әр оқушы әр баспалдақ бойынша өзінің қай сатыда екенін қорытады.

Сурет

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмаларбересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

Саралау қорытынды тәсілі арқылы жүзеге асады. Саралаудың бұл түрі «ойлан, жұптас,талқыла» әдісінде жүзеге асады.Барлық оқушылар бір тапсырманы орындасада олардың нәтижелері әр түрлі болады.


  • Бағдаршам әдісі




  • Ұсыныс беру арқылы өзара бағалау тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асады.



Компьютермен жұмыс жасаған кезде, Зертханалық жұмыс орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлы оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференция дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды?

Бұл бөлімде сабақ туралыөз пікіріңізді

білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жоқ болғанда

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Пәні: Физика Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.3.А Күні:

Сынып: 8


Мектеп: Ақтоған шағын орталықты орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Омарқұлова Қайшакүл

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:


№7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.2.14-эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау

8.1.3.3-физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

8.4.2.15-кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып,электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

Сабақ мақсаты

-Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтайды

-Амперметр мен волтьметрді пайдаланып қыздыру шамындағы токтың жұмысы мен қуатын есептей алады.

-Күнделікті өмірде пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру арқылы зерттеу жүргізеді.

Бағалау критерийі

Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау үшін тізбек құрастырады.

Амперметр мен вольтметрді,сағатты пайдаланып өлшейді.

Жұмыс пен қуатты формуласы арқылы есептейді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану, талдау.

Тілдік мақсаттар:


Пәнге қатысты лексика жәнке терминологиясы диолгпен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер пайдаланады.


Диалог/жазылымға қатысты пайдалы сөз тіркестері:

  • Электр тогының тізбек бөлігінде істейтін жұмысын анықтау үшін қандай шамаларды................ көбейту керек.

  • Электр тогының жұмысын............. құрылғысымен өлшейді.

  • Істелінген жұмыстың уақытқа қатынасын................. деп атаймыз.

  • Практикада қуаттың мынадай.............бірліктері қолданылады.

Құндылықтарды дарыту:

Еңбек және шығармашылық өмір бойы білім алу топтық жұмыс арқылы дарытылады.

Пәнаралық байланыс:

Математика пәні мен сызу пәнімен байланысты

Алдыңғы білім:

Жұмыс,қуат.Электр энергиясының құны

Сабақ барысы


Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері




Ресурс

Сабақтың басы
8-минут

Сабақтың ортасы.

25-мин


Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа аудару,табыс тілеу. Қолайлы атмосфера орнату үшін «Бүгінгі күн сәтті өтсін!» ойыны ойнатылады:

бүгінгі күн сәтті өтсін деп бір-бірлеріңнің иықта-рыңа алақандарыңды қойып сәттілік тілеңдер.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушылардың үстелдерінің үстіне қызыл, жасыл, сары түсті қағазды қоямыз.Сол қағаздар бойынша бірінші сандар қызыл түсті,екінші сандар жасыл түсті,үшінші сандар сары түсті қағаздарды алу арқылы топқа бөлінеді


Әр топқа бағалау парағын таратамын.
«Ой қозғау» әдісі
Оқушыларға электр тогының жұмысы мен қуаты тақырыбы бойынша теориялық білімді еске түсіруге арналған сұрақтар қойылады.
1. Электр тогының жұмысы деген не?

2. Оны қалай есептеуге болады?

3. Ток жұмысы қандай аспаппен өлшенеді?

4. Ток жұмысы өлшенетін аспаптағы жұмыстың өлшем бірлігі? (кВт*сағ)

5. Ток қуаты деген не?

6. Оны қалай есептеуге болады?

7. Ток қуатын өлшеуге арналған аспап?

8.Электр тізбегіне амперметр мен вольметр қалай жалғанады?

Қалыптастырушы бағалау: «От шашу» әдісі.
1- тапсырма

«Ойлан, жұптас, талқыла.» әдісі

Электр тогымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.
И Н С Т Р У К Ц И Я

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
1.Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдаңдар.

2.Мұғалім рұқсатынсыз жұмысты бастамаңдар.

3.Құралдарды стол үстіне құлап кетпейтіндей етіп мұқият орналастырыңдар.

4.Жұмысты бастамас бұрын жұмыстың жасалу жолымен жақсы танысыңдар.
2- тапсырма
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Экранда тізбектің құрастырылуы бойынша сұлба берілген. Сұлба бойынша тізбектің құрастырылуын сипатта





Дескрипторлар
- Электр тізбегінің сұлбасын сызады.

-Шартты белгілерді айтады.

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке жалғану тәсілдерін ажыратады.

-Құралдардың қызметін айтады.
Әр топтың жауабына кері баланыс 2 жұлдыз, 1 тілек ауызша беріледі.

3- тапсырма

«Артық болмас білгенің» әдісі
-Эксперименттік өлшеулер жасап, ток күші мен кернеудің мәндерін анықта.

-Шамның жану уақытын өлше.

- Электр тогының жұмысы мен қуатын есепте.

-Өлшеулер нәтижелерін кестеге жазып,қорытынды жаса.

Дескрипторлар

-Ток күші мен кернеудің мәндерін жазып алады.

- Шамның жану уақытын өлшейді

- Электр тогының жұмысы мен қуаттын есептейді.

- Өлшеу нәтижелерін жазады,қорытынды жасайды

Тапсырма соңында әр оқушы өзін-өзі бағалау ағашы бойынша бағалайды.


Түрлі-түстті қағаздар

Суреттер

Акт.Физика кабинетінің қауіпсіздігі.

АКТ

8 сынып Электронды оқулық

Кесте


Ток күші

I, A

Ке

рнеу

U, B

Уақы

ты

t, c

Қуат

P, Bт

Жұмыс

A, Дж


















Сабақтың соңы

7-мин



«Плюс-минус, Қызығамын» кестесі


«Плюс» (+)




«Минус» (-)




Қызығамын (?)





-Кесте бойынша «Плюс» бағанын сабақта қызық болған,пайдасы бар мәселелер мен жәйттер жазылады.

-«Минус»бағанында сәтсіз шыққан, түсінбеген мәселелерін жазады.

- Қызығамын бағаны бойынша «не білгім келеді»? деген сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс:

Үйге тапсырма:
«Бес саусақ» кері байланысын оқушыларға ұсынамын.

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылар кері байланыс береді

(Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты болды.

Сұқ саусақ-мен бүгін …..түсіндім.

Ортаңғы саусақ-мен үшін….қиын болды. Төртінші саусақ-менің бағам, өйткені.

Шынашақ мен….білгім келеді)

«Плюс-минус, Қызығамын» кестесі




Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмаларбересіз?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

1.Саралау қорытынды тәсілі арқылы жүзеге асады. Саралаудың бұл түрі «ойлан, жұптас,талқыла» әдісінде жүзеге асады. Барлық оқушылар қауіпсіздік ережесін бірдей жеткізе ала бермейді,әрқайсысы өз ойларын айтады.

2.«Суреттер сөйлейді» тапсырмасында қарқын тәсілі арқылы саралауды қолданамын, өйткені кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам ойлап,өз ойларын тез жеткізе алады.

3.Жұмыстың жасалу жолына да саралау тәсілін қолданамын.Соның ішінде топтық жұмысқа басымдық беремін,өйткені оқушы мен оқушы арасында қарым-қатынас жүргізіледі. Қолдау қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіп өзбетінше ынталандырады.


Қалыптастырушы бағалау түрлері:

«От шашу», 2 жұлдыз, 1 тілек , «Плюс-минус, Қызығамын» кестесі

Компьютермен жұмыс жасаған кезде, Зертханалық жұмыс орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлы оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференция дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды?

Бұл бөлімде сабақ туралыөз пікіріңізді

білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жоқ болғанда

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.