Файл: Курс жмысы ПнМемлекет жне ы теориясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі

«Innovative College»мекемесі

Курс жұмысы

Пән:«Мемлекет және құқық теориясы »

Тақырып :«Мемлекет түсінігі, құрылымы »

Орындаған:«Құқық -21 тобының студенті»Сламқанова Ұланай

Ғылыми жетекші : Ғылымбай.А

Семей,2022

ЖОСПАР

Кіріспе

1 Тарау. Мемлекет түсінігі

1.1Мемлекет белгілері

2 Тарау . Мемлекет құрылымының түсінігі

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамның дамуына байланысты қазіргі кезде мемлекет пен құқық туралы тұрақты білімдер ,оған қатысты құбылыстар өзгеріске түсуде. Дегенмен, ол радикальды революциялық өзгеріс емес ,тек эволюциялық құбылысқа жатады және ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың,институттардың ,мекемелердің және олардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнын қозғай алмайды. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның ,өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар,ақсақалдар,әскербасылары және т.б. қызмет етті ,олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.

«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі.Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайдаболуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғниәлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтіктеңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылды ,себебі, этнография және ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен -күнге жаңа мәліметер беруде. Жаңа факторлар мен жағдайлардың ықпалымен өзгерген қатынастардың өзіндік табиғатына байланысты саяси-құқықтық құбылыстарға ,институттарға және мекемелерге ,құқықтық мемлекетке ,биліктің бөліну принципіне ,жекеменшік институтына және көппартиялыққа көңіл аударылды. Бұрынғы кезде олар ,әдеттегідей ,тек сынауға ұшырап ,дәлірек айтқанда,жағымсыз жағдай ретінде қабылданса, қазіргі кезде еліміздің басқа мемлекеттердің тәжерибесі көрсеткендей ,оларды оң бағытта қабылдауымыз қажет. Себебі, бұл жағдайда қандай болмасын не идеологиялық ағымдар мен көпшілік тұрғындардың ,не жеке топтағы адамдардың іс-жүзіне асырылмаған мүдделерін бұзу емес ,керсінше ,заң ғылымдары мен білім берудің заңдылық процестегі тоқтаусыз дамуы мен жетілдірілуі туралы сөз болады,сонымен бірге мемлекет пен құқық теориясының негізгі проблемаларына ,оның ішіндегі кең көлемде жарияланбаған материялдарға көңіл аударылтады .


Бұл жұмыс кіріспеден ,екі тараудан және қорытындыдан тұрады .Бұл жұмыстың мақсаттары мен міндеттері -мемлекет түсінігі және құрылымын зерттеу .

1 Тарау.Мемлекет түсінігі.

Мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізі түсінігі .Жалпы мемлект және құқық теориясының пәні -негізгі заңдылықтардың пайда болу, мемлекет пен құқықтың функцияларымен дамуы. Ол қоғамдық ғылым болып табылады,оның пәнін қоғамдық құбылыстар мемлекет пен құқық құрайды . Мемлекет және құқық теориясы пәні мен обьектісінің ұғымы. Мемлекет -көп қырлы құбылыс.Мемлекет меншік пайда болғанда үстем -тап өкілдерінің өз мемлекттерін қорғау мақсатында құрылған. Дегенмен мемлекеттің пайда болуы туралы көптеген теориялар бар, олар :1

1.теологиялық

2.патриархалды

3.шарттасу

4.күштеу

5.психологиялық

6.нәсілдік

Теологиялық теория -мемлекеттің ,мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, барлық билік құдайдан деген тұжырымдаманы бекітіп ,жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан , бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда,алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын -абыздар, билігін, шіркеудің рөлін діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.

Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады ,ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындайды. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуде бағытталған,ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы әкенің ,патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды .Бұл теория Грецияда пайда болған ,өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе ,өз дамуын ағылшын ғалымы Фильмердің еңбектерінен тапты.

1Булгаков Д.Л.Мемлекет және құқық теориясы .2013.Б-13

Шартты теория –XVII – XVIII ғасырларда кеңінен танылған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Лоок пен Т.Гоббс , Фпанцияда Ж.-Ж-Руссо , Ресейде А.Радишев орын алды.Мысалы, А.Радишевтің ойынша, билік халыққа тиесілі , алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс .Шарттық теорияға сәйкес , мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады , оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының ,өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.


Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін , бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін ,оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады .Күштеу теориясы XIX ғасырда пайда болды, оның өкілдері -Л.Гумплович ,К.Каутский, Е.Дюринг.

Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен бағыну қажеттігімен ,еліктеуімен , алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен , белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады .Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады. Петражицкий ол мемлекеттің пайда болуын адам психологиясымен байланыстырды .Қоғамда болып жатқан психологиялық құбылыстардың барлығын құқық негізері емес, психология негіздері қарау керек деп есептеді

Нәсілдік теория – бір нәсілді өзге нәсілдерден жоғары қойу нәтижесінде пайда болған . Негізін қалаушы француз ғалымы Габньо . Нәсілдік теория -әсіресе оңтүстік Африка республикасы тәжірибе жүзінде жүзеге асырып апортит нәсілдігін жүйеге алып келді .

Мемлекет – белгілі бір аумаққа иелік етіп , сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін , қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі .Мемлекеттің шығу белгісіне өзі жатады:

1)қоғамдық құбылыс

2)саяси құбылыс

3)жүйе ретінде , яғни тұтастығы ,өзінің бөліктері мен белгілі масатты шешуге бағытталған құрамдарының барлығы .

Тұтасымен мемлекеттің түсініктемелі сипатын екі бағытта өткізуге болады :1.жоғарыдан төмен - мемлекеттің қоғамдық-ру құрылымындағы билік органдарынан өзгешелігі ;

2.көлденең - мемлекеттің қоғамдағы басқа саяси ұйымдардан өзгешелігі.

Алғашқы қауымдық қоғамнан билік органдарынан мемлекетті мыналар айырып тұрады :

  • биліктің көпшілік белгісі. Жалпы көпшілік ,яғни қоғамдық, әрбір билік болады , бірақ бұл кезде бұл атауға арнайы мән беріледі ,нақтысында , мемлекет субьект ретінде билікті өз обьектісінен жеке функцияларды алып жүруші ,одан бөлінген (билік) субьект-обьек принциптері негізінде ұйымдастырылған. Бұл кезде өзінің барлығын кәсіби мемлекеттік аппараттың барлығына байланысты көрінеді. Алғашқы қауымдық қоғамның билік органдары өзін -өзі басқару принципінде ұйымдастырылған эәне қоғамның өз ішінде тұрғандай көрінген , яғни субьектілер мен билік обьетілері сәйкес келген .Ф.Энгельс айтқандай ,ру старшинасы қоғамның ішінде тұр ,ал монархтар және басқа мемлекеттік қайраткерлер еріксіз бірдененің сыртында және соның үстінде деп ойлауға тырысқан .Сонымен ,мемлекеттің негізгі бір принциптеріне жататындар көпшілік биліктің аппараты болып табылады .мемлекет осы белгісі жағынан көпшілік биліктің саяси ұйымы ретінде сипатталады.

  • Рулық қоғамда адамдар өздерін өздері басқарған .қандық туысқандық белгілері арқылы біріккен .Мемлекеттік- ұйымдасқан қоғамда тікелей басқарылады және әлеуметтік процестер ұйымдастырылады ,ол белгілі аумақтарда өтеді :адамдар мемлекеттік биліктің ,тұтасымен белгілі аумақтарды басқаратын органдардың қармағына түседі, себебі,олар өз аумақтарында тұрады ,яғни мемлекеттік билік аумақтық принцип негізінде ұйымдастырылады және осы мәнінде мемлекет – ел болып есептелінеді .

  • Мемлекеттік қазына белгісініңболуына байланысты оларға қатысы бар құбылыс салық(көпшілік билікпен белгіленген тұрғындардан жиналатындар ),ішкі сыртқы заемдар ,мемлекеттік несиелер, мемлекеттің қарыздары , яғни мұның барлығы мемлекеттің экономикалық қызметін сипаттайды және оның қызметтерін қамтамасыз етеді .


Мемлекет -бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар ,қоғамның өкілі бола тұра , оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ,бұқаралық биліктің саяси аумақтық ,егеменді ұйымы.2

2Булгаков Д.Л. Мемлекет және құқық теориясы .2013.Б-17

Мемлекеттің рулық құрлымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:



1.Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі,бұқаралық билік-бұл шенеуніктер ,әскер , полиция,түрме мен басқада мекемелер.

2.Аумақтық бөлініс.Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

3. Салықтар жүйесі.Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4.Егемендік.Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

5.Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі,құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет пен құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады .Мемлекеттің мәні- бұл оның мазмұнын ,мақсаттарын,қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті.Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам , құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады .Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік -құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық -биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген ,жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да , қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүәесі ретінде анықтайды.

Мемлекеттің мәнін қарстыруда екі аспекті қолданылады:

1)формальды-кез -келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі ;

2)мазмұнды-осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі ;

Басқа саяси ұйымдардан мемлекетті айыратын ,ең алдымен ,оның егемендігі.Мемлекеттің егемендігі мына екі жақтың бірлігі болып есептеледі:

1)мемлекеттің сыртқы тәуелсіздігі ;

2)мемлекеттің ел ішіндегі үстемдігі;

Мемлекет - басқару мен мәжбүрлеуді жүзеге асыратын арнайы аппараты бар. Жария биліктің саяси - аумақтық ,егеменді ұйымы .Бұл ұйым қоғамды білдіре оырып , заңдардың көмегімен осы қоғамды басқарады және оның интеграциясын қамтамасыз етеді.


Мемлекет белгілері:

1)жария биліктің болуы

2)тұрғындардың аумақтық бөлінуі

3)салық жүйесі

4)егемендік

5)құқық

Мемлекетті түсінудің әртүрлілігі

Аристотель – азаматтардың барлық ой және адамгершілік мүдделерін топтастыру.

Цицерон – ортақ құқық бастамалармен және ортақ пайдамен біріккен адамдар одағы .

Коркунов,Шершеневич ,Трубецкой – белгілі бір аумақ шегінде ерікті адамдарға жеке дара мәжбүрлі билікетуді білдіретін қоғамдық одақ .

Гумплович – белгілі бір тәртіпті қорғауға арналған табиғи жолмен пайда болған билік ету ұймы .

Еллинек – заңды субьект болып табылатын және құқықтарды иеленетін тұлғалардың мақсатты біртұтастығы .

Мемлекеттің сыртқы тәуелсіздігі басқа мемлекеттің егемендігімен тежеледі(бір адамның бостандығы екінші адамның бостандығымен тежелгендей).

Мемлекеттің егемендігінен (мемлекеттік биліктің үстемдігі )мемлекеттің басқа белгілері шығады ,ол оның басқа саяси ұйымдардан бөлек екендігін көрсетеді:

  • Мемлекет өзінің билігін елдің мемлекеттік шекарасына сай барлық аумақтарға таратады;



  • Мемлекеттің тұрғындармен тұрақты заңды байланысы бар (қол астына қарайтындар мен азаматтар түрінде)оларға өзінің билігін жүргізеді және олардың ел ішінде және сырт жер де қорғалуын қамтамасыз етеді;

  • Тек мемлекет қана жалпыға бірдей міндетті билік ұйымдарын (заңды нормаларды)шығара алады .Сонымен қатар ,ол басқа қоғамдық биліктің ,кез келген жұмысын мойындамай жоққа шығара алады ;

  • Тек мемлекеттің ғана легалды күш қолдану монологиясымен тұрғындарға қатысты пайдалана алады (оның ішінде дене күшімен мәжбүрлеуге );

  • Мемлекеттің басқа ешқандай саяси ұйымдарда жоқ мынандай ықпал жасайтын құралдары бар (әскер,полиция,қауіпсіздік сақтау органдары, абақтылар,т.с.с.).

Кей кездерде мемлекеттің белгісіне құқықты жатқызады.Бұл әрине дұрыс емес .Құқық мемлекеттің белгісіне жатпайды, себебі, мемлекет те құқықтың белгісі емес .Құқық және мемлекет -жекелеген құбылыстар және олардың жекелеген белгілері жеткілікті .Құқық мемлекеттің белгісі емес, қоғамдағы мемлекеттің өмір сүру белгісі, бұл бірдейлікке жатпайды.Қоғамның мемлекеттік ұйымы ,соған байланысты ондағы құқықтың барлығы туралы айтуға мүмкіндік алады.Егер мемлекеттің шексіз құқығы туралы әңгіме туса, яғни заң нормаларын шығаруға ,онда да құқықты мемлекеттің белгісі деп білуге негіз жоқ.

Әдебиетте мемлекетке қатысты және басқа құбылыстарға байланысты мынадай сөз тіркестерін кездестіруге болады- <<түсінік және негізділік >>. Дегенмен ,сол ,не басқа құбылыстарды тұтас сипаттағанда оның мәні негізгі белгісі ретінде көрінеді және ол белгі басқадай , сол түсінікке барлық обьектілердің негізгі белгілерінің жиынтығы ретінде кіруге міндетті. Сондықтан, мемлекеттің негізін сипаттау оның түсінігінің бір бөлігі,мемлекеттің негізділік белгісі оның көптеген басқа белгілерінен өзінің философиялық табиғатымен шығады,яғни күрделілігімен және біржақтылық еместігімен.<<Негізділік >> философиялық категория ретінде құбылыстағы маңыздылықты сипаттайды,ол оның табиғатын белгілейді және құбылыс өзімен не істейтіндігін көрсетеді: негізділік өзгергенде обьект бұрынғыдан өзгеріп, басқа құбылысқа айналады .