Файл: Курс жмысы ПнМемлекет жне ы теориясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мемлекеттің негізі туралы көптеген пікірлер бар . Саяси ойларда акцентті таптыққа, не мемлекеттің жалпы әлеуметтік табиғатына аударған.Қандай оқиғада болмасын ,қоғам дамуының белгілі кезінде мемлекет оны ұйымдастыратын қажетті жол, оның өмір сүруінің және өмірлік әрекетінің бөлінбейтін жағдайы.

Қазіргі кездегі көзқарастарға сәйкес ,мемлекет міндетті түрде билік жүйесі, қоғамды адамның ықыласы үшін ұйымдастырушы ретінде болуы қажет. Және басқа жүйе сияқты,мемлекет тұтас болуы қажет :ұйымдасқан билік және аумақтық бағдарда. Мемлекет <<ұлттық >>тұтастықты сақтайды,яғни басқа әлеуметтік қоғамдастық.

Мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі қиындығы оның түсінігінің көпжақты екендігін қамтамасыз етеді. Кейінгі кездегі ,оқулық әдебиеттерінде мемлекеттің түсіндірілуі;Қоғамдағы саяси биліктің ұйымдасқан нысаны , егемендікпен және құқық негізінде,арнайы тетікердің көмегімен қоғамды басқарушы.Немесе ,Мемлекет көпшілік-құқықтық және егеменді билік ұйымы, барлық тұрғындардың ықыласын қамтамасыз етуші және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі .

«Мемлекет» деген атаудың өзі екі тұрғыдан пайдаланылады.Мемлекет қысқа мағынада , не мемлекеттің өзі ерекше саяси ұйым ретінде және көпщілік биліктің аппараты ретінде түсініледі.Мемлекет кең мағынада белгілі аумақта орналасқан мемлекеттік -ұйымдасқан әлеуметтік бірлестік .Нақты кейінгі түсінікке қатысы бар атау <<ел>> тек осы оқиға бойынша айтуға болатыны -біз<< мемлекетте >>өмір сүреміз.

Дегенмен, мемлекет- көпшілік биліктің аппараты ретінде қоғам қалпындағы нақтылы адамдардың жиынтығы. Мұнда мемлекеттітік аппараттың адамдар ортасы(субстраг ) белгілі талаптарға жауап беруге міндетті,кәсіби және кәсіби этикалық дайындығы болуы қажет. Кейінгі талаптағы сапалық өте маңызды,себебі,нақтылы сол мемлекеттік қызметкерлерді<< мемлекеттік қайраткерлерге >> айналдырады. Мемлекеттік қайраткерлер , ең алдымен , өз мүддесін ойламай ,мемлекеттің және қоғамның мүддесін ойлауы қажет және соған сәйкес өзіне берілген билікті пайдалануы керек . Адамдық орта (субстраг) -бұл мемлекеттің тетігінің құрамы, бірақ мемлекет қандай болмасын жүйе ретінде басқа жағы бар құрылыс (элементтер жүйесінің тиімді байланыс жолы ,яғни мемлекет ұйыммен не істейді ).Мемлекет құрылысы салыстырмалы бостандықта;адам құрамы өзгеруі мүмкін ,ал мемлекет құрлысы өзгерусіз қалады . Мемлекеттік тетіктің<<механизмнің>> тағы бір анықтаушысы , яғни өмір сүру үшін және толыққанды қызмет істеу үшін ол материялдық негізге сүйенуі міндетті,яғни марксизм теориясында оны мемлекеттің <<заттық қосындысы>> деп атайды.Мемлекет механизмі -бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі .
3

3Ағдарбеков .Т.Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері .2009.Б-152

Мемлекет аппаратының ,оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық , ұйымдастырушылық қызмет құрайды .

Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметерін жүзеге асырушы ұйым . Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады , бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады . Мемлекеттік қызметкерлерді материалдық игіліктермен қамтамасыз ету – қоғамның міндеті .

Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады .Олар:

a)атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік – құқықтық , актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер

b) мемлекеттік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып , алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру , оларды орындауды қамтамасыз ет уболып табылады .

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады . Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл – амалдарының бастапқы идеялары , міндетті ережелері , негіздері .

Принцип түрлері :

  1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты- адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы , бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды .

  2. Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік органдарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді .

  3. Билік бөлінісі қағидаты – үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық – зомбылықтарды болдырмаудың механизмдерін құрудың , жасаудың басты шарты мен негізі .

  4. Заңдылық қағидаты – Конституцияны ,заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын , сақталуын қажет екендігін білдіреді .

  5. Жараиялық қағидаты – құқық субьектілерінің белгілі бірнақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.

  6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі .

  7. Істерді атқаруда алқалылық , пен жеке – дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамасыз етудің алғышартының міндеттік негізі ..

  8. Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты – мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру шараларының үйлесімділік дәрежесін белгілейтін негіз .

  9. Иерархиялық қағидаты – мемлекеттік аппаратта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады , осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады .


Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі :

  1. Туынды тәсілдер бойынша

a)Бастапқы органдар , мысалы , мұрагерлік монархия , парламент , президент . Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды ;

b)Туынды . Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік өкілеттерді солар береді;

2.Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша :

a)Ең жоғары ;

b)Жергілікті ;

3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша :

a) Құзырлары жалпылама болып келетіндері ;

b)Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндер ;

4.Билік бөлінісі қағидаттары бойынша :

a) Заң шығару органдары ;

b) Атқарушы ;

5.Шешім қабылдау тәртібі бойынша

a) Алқалы органдар , яғни шешімді алқалы түрде қабылдайтындар ;

b) Жеке дара басшылық органдар ,яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар ;

2 Тарау. Мемлекет құрылымының түсінігі

Мемлекеттік құрлымның нысандары дегеніміз , бұл мемлекеттік билікті аумақтық ұйымдастыру жолдары ,ұлттық – мемлекеттілікте және әкімшілік – аумақтық мемлекеттік құрылымда көрінеді , мемлекеттің бөліктерінің арасындағы ,сонымен қатар орталық және жергілікті органдардың арасындағы қарым –қатынас сипатында .

Биліктік аумақтық ұйымдастыру проблемасы мемлекеттік ұйымдасқан қоғамға тән ,себебі онда адамдар тікелей емес , жанама басқарылады – мемлекеттің әлеуметтік – өндірістік ұйымы арқылы белгілі аумақта :адамдар басқарады , себебі, олар сол аумақта орналасқан . Мемлекеттің бірінші тікелей мақсаты – өз аумағында өмір сүруді жөнге келіту , әлеуметтік процесстерді ұйымдастыру . Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару аумақтық принцип негізінде құрылады .

Мемлекеттің нысанына әртүрлі факторлар ықпал етеді:

-мемлекеттің кейпі (типі) ,қоғмның экономикалық құрылысы , тұрғындардың ұлттық құрамы , тарихи дәстүрлер, мемлекеттің аумақтық мөлшері,т.б.

Мемлекеттік құрылым қарапайым және күрделі.Қарапайымға унитарлы мемлекеттік құрылым жатады .Унитарлы (латын сөзінен <<унус >>- біреу ) мемлекет – бұл біреу , бір мемлекет , тек әкімшілік -аумақтық бөліктерге бөлінеді , өздеріне басқа мемлекеттік құрылымдарды қоспайды.

Унитарлы мемлекеттік құрылымға тән мынадай белгілер бар :

-бір ғана билік орталығы -біреу ғана ,жалпы барлық елге керек жоғарғы және орталық мемлекеттік билік( бір парламент,бір үкімет,бір жоғарғы сот );

- бір Конституция , жалғыз заң шығару жүйесі ,жалғыз сот жүйесі, жалғыз азаматтық;

-унитарлы мемлекеттің аумақтық элементтерінде( обылыстар,департаменттер, округтер, графстволар ,т.с.с.)мемлекеттің егемендігі жоқ ,ешқандай мемлекетік блгісі жоқ .


Унитарлы мемлекеттер өз ішінде ұлттық – аумақтық және заң шығару( әкімшілік аумақтық бөліктерге заң шығаруға құқық беріледі) автономияға рұқсат береді .

Жергілікті органдардың мемлекеттің орталық органдарынан тәуелділігінің деңгейіне байланысты унитарлық мемлекеттік құрылым :орталықтанған , орталықсыздандырылған және аралас болуы мүмкін .Орталықтанған құрылымға тән нәрсе жергілікті өзін -өзі басқару жоқ , ал жергілікті органның басында орталықтан тағайындалған шенеунік отырады . Орталықсыздандырылған унитарлық мемлекетте жергілікті органдар билігі тұрғындармен сайланады және маңызды бостандықты пайдаланады.

Күрделі мемлекеттік құрылымға мемлекеттің құрамында басқа мемлекеттік құрылымның болуы тән. Күрделі мемлекеттік құрылым нысандарына жататындар :федерация, конфедерация , унии, империялар ,т.б.

Көбірек тараған күрделі мемлекеттік құрылымдарға федерация жатады, ол одақтық мемлекет , өзіне бірнеше мемлекетті біріктіреді,не мемлекеттік құрылымдарды (АҚШ-тың құрамында 50штат бар, Ресей Федерациясында -21 республика ,6өлке,49 обылыстар , федералдық маңызы бар 2қала – Мәскеу және Санкт-Петербург ,1 автономды облыс, 10 автономды округ бар ,ФРГ-16жерлер ,Швейцарияда -23 кантондар бар ).

2.1 Федерацияға тән мыналар ;

  • Екі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының жүйесі;

1)федерация субьектілерінің өздерінің заң шығаратын , атқарушы және сот органдары бар, өзінің меншікті Конститутциясын қабылдауға құқығы бар ;

2)жоғарғы заң шығарушы , атқарушы және сот билігі федералды мемлекеттік органдарға қарайды - федерация мен оның субьектілерінің міндеттері одақтың( федеративтік) Конституциясымен , не федералдық келісіммен бөлінеді ;4

- федералдық заңдар жүйесі мен федерация субьектіліерінің заң шығару жүйесі жалпыфедералдық заңдардың үстемдік принципінің бар жағдайында ғана өмір сүреді ;

- парламенттің екі палаталы құрылымындағы бір палатасы( әдеттегідей ,жоғарғысы )федерация субьектіліерінің мүддесін көрсетеді ;

-федерацияның көбісінде екі азаматтық болады ;

- екі каналдағы салық жүйесі ;

- федерация егемендігі оған кіретін мемлекеттік бірліктегі егемендіктен шығады ;

- оның субьектілері федерацияға кіргеннен кейін іс – жүзінде егемендікпен пайдалана алмайды .Әртүрлі федерацияларда егемендік деңгейі (не сол бір федерацияның өзінде ,бірақ әртүрлі субьектілер)ә ртүрлі болуы мүмкін ;

4Ағдарбеков Т.Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері .2009.Б-170


- субьектілердің федерациядан шығуға құқықтары жоқ (ондайды бірде бір федералдық мемлекет конституциясы бекітбейді) . Ондай құқық КСРО Конституциясында да мойындалған ,бірақ тетігінің жоқтығына байланысты іс жүзінде асыруға Кеңес мемлекетінің өмір сүру кезеңінде мүмкіндік жасалмаған .

Федерация түрлерге бөлінеді. Әкімшілік аумақтық федерация болуы мүмкін( аумақтық принцип негізінде қрылған )және ұлттық – мемлекеттік( ұлттық принциптер негізінде құрылған ).

Әкімшілік федерация (мысалы АҚШ,ФРГ) орталықсыздандырудаң жеткілікті тиімді жолы , билікті бөлшектеужәне соның негізінде -қоғамды демократизациялау .Сонымен бірге , симметриялық федерацияны бөліп айтамыз (федерация мүшелерінің статустары бірдей )және асимметриялық , олар үшін субьектілердің құқықтық жағдайының теңзідігі тән нәрсе .

Келісімді федерация болуы мүмкін( федерация негізінде субьектілердің келісімі қойылады) және конституциялық (федерацияның құқықтық негізіне елдің негізгі заңдылығы оның құралу фактісінің бекітілуі жатады) .

Егер федерация – одақтық мемлекет болса ,конфедерация – бұл<< мемлекеттер мен мемлекеттердің одағы>> .Яғни, оның барлық тұрақсыздығына қарамай ,конфедерация дегенмен де ,мемлекеттік құрылым нысаны, халықаралық – құқықтық одақ нысаны емес.

Конфедерацияға мынандай белгілер сай келеді ;

-белгілімақсатқа жету үшін құрылады, ол жағдай конфедерация құрған мемлекеттердің мүддесіне сай (саяси мақсат, әскери, экономикалық);

- конфедерацияның құрылуы әдеттегідей келісіммен бекітіледі ;

- әрбәр конфедерация субьектісі түгелімен өзінің егемендігін сақтайды .Конфедерацияға түгелімен егемендік тән емес ;

- конфедерация мүшелерінің заңды негізделген біржақты еріктеріне сай конфедерациядан шығуға құқықтары бар және нуллификацияға да , яғни өз аумағында конфедерация органдарының актілерінің әрекетін жоққа шығаруға ;

-тұрақсыздық - өтпелі сипат конфедерация өз мақсаттарына жеткенен кейін , бөлініп кетеді , не әрқайсысы егеменді мемлекеттерге айналады – унитарлы не федеративтік.

-конфедерацияның өздерінің басқару органдары бар( біреу не бірнешеу) ,бірақ олардың жалпы Конституциясы жоқ , олардың бірегей заң шығаратын органдары , сот жүйесі, азаматтығы, бір әскері, салық жүйесі ,бюджет,ақша, түрлері жоқ .Ал конфедеративті органдар конфедерация мүшелерінің әрекетін тек реттейді .

Конфедерация – аз кездесетін құрылым . Солтүстік Америкада конфедерация болған ,олар 1787 жылы федеративтік мемлекет құрған -АҚШ.1952жылы конфедерацияға Мысыр мен Сирия бірікті және Біріккен Араб Республикасын құрды,кейіннен тарап кетті.1948 жылдан бастап Швейцария одағы конфедерациясы болды( 1815-1848ж.ж.) одан кейін федерацияға айналды.