Файл: Оушыларды бтге психологиялы дайындау тренингтері Жумагалиева Жания Куангалиевна Талдысай жалпы білім беретін орта мектебіні психологы Масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау» тренингтері


Жумагалиева Жания Куангалиевна

Талдысай жалпы білім беретін орта мектебінің психологы

Мақсаты: Бітіруші сыныптарды ҰБТ-ге байланысты сенімділік пен ұстамдыққа даярлау.

Психолог: Мен үшін бүгін – жаңа күн. Сіздер үшін де жаңа күн. Бұл деген бақыт! Осы бір сәтте қаншалықты бағалай білеміз?! Бір сәт ойланайық балалар. Айналамыз толған адамдар. Бірі көңілді болса, бірінің көңіл күйі түсіңкі. Осы бір қуанышты сәтті елемейтін де сияқты. Өмір болғаннан кейін әр түрлі сынақтар көп. Осының бірі алдымыздағы ҰБТ.

1.Релаксация: Құрметті оқушылар, әуелі орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын. Енді денелеріңізді еркін бос ұстап, тұла бойларыңызды бос тастап, миларыңызды тынықтырып терең демалып, ішкі дүниедегі жағымсыз нәрселерді сыртқа шығарып тастаңыздар!

Мен сіздерге бірнеше сөз айтамын, соны қайталаңыздар!

Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін!

Әлемде мені бәрі жақсы көреді!

Мен бақытты оқушымын!

Менің денсаулығым мықты!

Мен білімді оқушымын!

Мен жаңа ғасырдың оқушысымын!

Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын!

Рахмет орындарыңызға жайғасып отырыңыздар!

2.Медиатация: Ал, енді көздеріңізді жұмыңыздар, көз алдарыңызға елестетіңіздер!

Әсем бір шебер бағбанның баптап өсірген алма бағында қыдырып жүрсіздер. Осы сәтте әркім өзінің ең бақытты шақтарын елестетсін. Жүрек түбіндегі арман мақсаттарыңызды қиялдаңыздар. Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын, менде бәрі жақсы болады, менің өзіме деген сенімділігім мол, мен үшін бәрі оңай және түсінікті болады.

Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып-қызыл алманы көресіздер. Ал сол жақтарыңызға қарасаңыздар сары, қызыл алмалар тұр.

Па, шіркін қайран алмалардың иісін-ай, танауларыңызды керіп, демдеріңізді ашып, рахат бір дүние ішінде жүрсіздер, терең демалыңыздар!

Ал енді жайлап көздеріңізді ашыңыздар.

Құрметті оқушылар, ендігі мақсат мынау! Шебер бағбанның бағында өскен алманы сіздерге таратамын. Осы алмаға әркім өзінің жүрек түбіндегі жатқан арман мүдделерін тілектерін жазсын. Минут уақыт беріледі.

Алмаларды жинаймыз. Мына алдарыңызда тұрған «Ғажайып арман алма талы» сіздердің алмаларыңыз ғажайып талға ілінді. Мінеки, сіздердің жүрек түбінде жатқан арман тілектеріңіз орындалды деп есептеңіздер.


3.«Қар қиыршықтары» тренингі.

Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағыда бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз.Тағыда ортасынан бүктеп, оң жақ бұршын жыртамыз.Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау: - Кімде бірдей, бір – бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма?

Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?

Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі болып шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.

Біз әрқайсымыз бөлек тұлға ойлауымыз, дүниетанымымыз, көз қарасымыз бәрі әр түрлі.

Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

4.«Сәлем хат» тренингі.

«Мен сендерге өздеріңнің сәлемдемелеріңді бір қағазға жазып, мына қорапшаға салуларыңды ұсынамын. Қорапшадағы сәлемхаттарыңды ауыстырамын, сендер кезекпен біртіндеп сәлемхатты алып топқа дауыстап оқисыңдар. Сәлемхат өздеріңде бүгінгі күннен естелік болып қалады.

5.Түрлі – түсті карточкалар.

«Аяқталмаған сөйлемдер» тренингі.

Егер де сіздер бір айдың ішінде қуантқан нәрселер көбірек болса жасыл карточкаға

1.Мені соңғы кезде қуантқан.........

Ал егер де ренжіген сәттеріңіз басым болса сары карточкаға

2.Мені соңғы кезде ренжіткен........

6. «Әрқашан күн сөнбесін» тренингі.

1.ҰБТ – сенің біліміңді нақты анықтай ма?

2.ҰБТ – де жоғары балл алуға сенімдісің бе?

3.Таңдау пәніңді таңдауыңа кім себепті болды?

4.Егер ҰБТ-ден төмен балл алған оқушыны көрсең, қандай ақыл-кеңес берер едің?

5.ҰБТ-д е ұстамды, сенімді болу үшін не істеуіміз керек?

7. Қорытынды: Ән: «Армандастар құрдастар!»