Файл: Ххі асыр кшбасшысы (интеллектуалды ойын).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ХХІ ғасыр көшбасшысы

(интеллектуалдық ойын)


Мақсаты: Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушылардың тарихтан басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін, тарихқа деген қызығушылығын арттыру. Халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, нақыл сөздер, сызбалар, ноутбук.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің  тарих, құқық апталығына арналған мерекемізге қош келдіңіздер! Соған орай біз тарих пәнінен 5-9 сынып оқушыларының арасында «XXI ғасыр - көшбасшысы» интеллектуалдық ойынды өткіземіз.

Енді, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

14-ші қатысушы

2. Кіріспе сөз.

Халықтар мен мемлекеттердің ерте уақыттардан бергі басынан өткендерін белгілі бір жүйе негізінде оқытатын пән – тарих деп аталады.

Жылнамашылыр – патша сарайында жыл сайын елде болып жатқан оқиғаларды жазып отыратын арнаулы қызмет адамдары.

Тарих ғылымы – адамдардың басынан өткізген жағдайларын жүйелі түрде баяндайды.

Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру, өткен тарихты білу ҚР азаматының парызы.

Бүгінгі интеллектуалды ойын алты кезеңнен тұрады:

I кезең - «Бәйге»

II кезең - «Жорға»

III кезең- «Жеті жұрттың тілін біл»

IV кезең - «Жұмбақ сандық»

V кезең - «Ақтық мәре»

VІ кезең - «Көшбасшы»

Ойынның барысы:

Ойынды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық. Таныс болыңыздар:

 

Дұғай сәлем үсті-үстіне айта  берсем ағылар,

Көкіректе  күй  боп жатқан, сұрай  қалсаң  тағы бар.

Әсем  көктем  гүлдеріндей, көз  тұндырып жайнаған.

Армысыздар, оқушылар, тарихты  айтып  жырлаған.

I кезең - «Бәйге»

Әр ойыншының қолында нөмірленген карточка. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауап 5 ұпай.

Сұрақтар:

1. «Бөбек» балалар қорының негізін қалаушы ( Сара Алпысқызы)

2.Қиылыспайтын екі түзу (параллель)

3.Адамның шыққан отаны (Африка)

4.Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан? (сақ)

5.Қазақстанның қай қаланың жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей)

6.Қазақстанның елтаңбасындағы қанатты пырақ бейнесі неден алынған? (Алтын адам бас киімінен)

7. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі?( Ы.Алтынсарин)

8. Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күні. (12 ақпан 1941 жыл)

9.Елім менің әнінің авторы: (Б.Тілеуханов)

10.Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы (Ақмола)

11.Қасиетті рухани тілек. (Бата)

12.Абылай хан жерленген қала (Түркістан)

13. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі ? (5 мемлекетпен шектеседі)

14. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1465ж.)

15. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9)

16. М.Әуезовтың атақты романы. (Абай жолы)

17. Тіл туралы заң қай жылы, қай күні қабылданды ? (1989 жылы 22 қыркүйекте)
18. Қазақ хандығының негізін құрған хандан ? (Керей мен Жәнібек)
19. Қазақстанның ең үлкен облысы? (Қарағанды облысы)

20. 1986 жылғы 16желтоқсандағы жастардың көз жасы жуылған, тағдыры қиылған тарихи қала. (Алматы)

21. Еліміздегі мұз айдыны қалай аталады. (Медеу)

22. «Үш бәйтеректі» ата (Бейімбет, Сәкен, Ілияс)

23. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген бейнесі. (карта)

24. Оян, қазақ! өлеңінің авторы. (Ахмет Байтұрсынов)

25. Егеменді еліміздің елордасы – Астана қандай өзеннің бойында. (Есіл)

26. «Атамекен» әнінің авторы. (Ескендір Хасангалив)

27. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді (1993 жыл қарашаның 15 күні)

28. Биыл Алматы қаласының неше жылдығы тойлануда. (1000 жылдығы)

29. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата.(Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)

30. Жыл атауынан құр қалған жануар ( Түйе )

31. Әрбір адамның ең жақын досы-кітап болуы тиіс. (М. Әуезов)

І кезең бойынша қатысушылардың ұпайын әділ-қазы алқалардан білеміз. Бұл кезең бойынша қатысушылар ойыннан шықпайды.

IІ кезең - «Жорға»

Қырымыздың  тарихы,

Нұрымыздың  тарихы.

Біздің  тарих  түгелдей,

Жырымыздың  тарихы -дей келе ойынымыздың екінші кезеңін бастаймыз.

Ойынның шарты бойынша мақал – мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек. Әр жауапқа 5 ұпайдан қойылады.

  1. Тарта жесең тай қалар... (қоя жесең қой қалар, қоймай жесең, нең қалар)

  2. Ойнап сөйлесең де ... (ойлап сөйле)

  3. Ащы еңбектен (тәтті нан)

  4. Айтылған сөз, ... (атылған оқпен тең)

  5. Бал тамған тілден ... тамар (у)

  6. Бас аманда мал тәтті, ... (бас ауырса, жан тәтті)

  7. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде ... боласың (мылжың)

  8. Қазаныңа не салсаң,... (шөмішіңе сол ілінер)

  9. Достық - ... (алтыннан қымбат)

  10. Туған жерге ... (туыңды тік)

  11. Тіл - ... (қатынас құралы)

  12. Ақылды қария ( ағып жатқан дария)

  13. Төртеу түгел болса, (төбедегі келеді)

  14. Арық еттің сорпасында дәмі болмайды, (ақылсыздың сөзінде мәні болмайды)

  15. Жүз теңгең болғанша ... (жүз досың болсын)

Жорға кезеңінің қорытындысы бойынша ұпайы аз 6 ойыншымен қоштасамыз. Әділ – қазы алқалары айтады. (8 ойыншы қалады )

III кезең- «Жеті жұрттың тілін біл»

Шарты: Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту керек. Шешуіне 5 ұпай, орыс тіліне 5 ұпай, ағылшын тіліне 5 ұпай, үш тілді де тапса 15 ұпай берілежі.

1. Сырт - сырт етіп соғады

Кеудесінде жүрегі.

Өзі тілсіз сөйлейді,

Жансыз оның жүрегі. (Сағат) - часы- Watch (вотч)

2. Жарқылдаған қос қылыш

Қолың тисе, жоқ тыныш. (Қайшы) -Ножницы- Scissors (сизорс)

3. Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар.  (Ай, жұлдыз) - Луна, звезды - Moon, Star( мун ,стар)

4. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.  (кітап,книга, воок) - ( бук)

5. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем, весна, sprinq)

6. Жеті қазынаның бірі, адамның досы (ит, сабака, doq)

7. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп, мяч, ball)

8. Әр адамның шағын отаны (отбасы, семья, family)

9. Ер қанаты (ат, конь, horse)

ІІІ кезең бойынша ұпайы аз 3 ойыншымен қоштасамыз. Ең көп ұпай жинаған 5 катысушы қалады. Сөз әділ қазы алқасына беріледі. (5 ойыншы қалады)

Бұл өткен кезеңіміз «Жеті жұрттың тілін біл» деп аталады. Қазақта 7 саны киелі саналады.«Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел тексіз»-демекші , «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталадаы, жеті қасиетті сан болып есептеледі. Мысалы. Ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептеледі. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран»-да «жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жеті қат аспанды үлестірді»,-деген сөз бар. Яғни, «аспан-жеті қабат» деген ислам дінінде де бар.

Біз келесі кезеңімізге көшпес бұрын, мен сендерге осы киелі 7 саны жайлы бәріңе бір-бір тапсырма беремін. Сол тапсырманы толық нақты орындасаңдар бірден өз қанжығаларыңа 50 ұпайды иеленесіңдер.

1. Жеті қазына

  1. Ер жігіт

  2. Сұлу әйел

  3. Ақыл –білім

  4. Жүйрік ат

  5. Қыран бүркіт

  6. Берен мылтық

  7. Жүйрік тазы

2. Жеті жоқ

  1. Жерде өлшеуіш жоқ

  2. Аспанда тіреуіш жоқ

  3. Таста тамыр жоқ

  4. Тасбақада талақ жоқ

  5. Аллада бауыр жоқ

  6. Аққуда сүт жоқ

  7. Жылқыда өт жоқ

3. Әлемнің жеті кереметі.

  1. Хеопс пирамидасы

  2. Семирамиданың аспалы бағы

  3. Зевс мүсіні

  4. Артемида ғибадатханасы

  5. Родос алыбы

  6. Галикарнас кесенесі

  7. Александрия шамшырағы

4. Қазақстанның жеті кереметі

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

  2. Тайқазан

  3. Айша бибі мазары

  4. Тамғалы жартас суреттері

  5. Алтын адам

  6. Домбыра

  7. Күлтегін ескерткіші

5. Жеті жетім

  1. Тыңдамаған сөз жетім

  2. Киюсіз қалған тон жетім

  3. Иесіз қалған жер жетім

  4. Басшысыз қалған ел жетім

  5. Аққу-қазсыз көл жетім

  6. Елінен айырылған ер жетім

  7. Замандасы қалмаған қарт жетім.

IV кезең - «Жұмбақ сандық»

Мың сан ерлік  жасалды ғасырларда,

Тасып теңіз телегей басылды арна.

Тарих  ана арнады жыр мен дастан,

Елін сүйген  ерлерге-асылдарға.

«Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі» демекші сайысымыздың бұл кезеңінде ойын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар, Ал, ең үлкен сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастайды.

1-40

2-40

3-40

1-30

2-30

3-30

1-20

2-20

3-20

1-20. Арнайы сұрақ

Мұсылманның бес парызын ата. (Зекет беру, қажылыққа бару, намаз оқу, иман келтіру, ораза ұстау)

2-20. Қазақстан тарихы

Алтын киімді адам табылған қорғанды ата. (Есік қорғаны)

3-20. Салт-дәстүр

Балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны не деп атайды. («Енші»)

1-30.Қазақстан тарихы

«Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 жасар Қазыбекті аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;

Біз қазақ деген мал бақан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құрт- береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз, - деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтын алдына жығып беріпті»

2-30. География

Адам ерте кезден-ақ әлем денелерінің жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты. Бұл күн тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Адам баласы алғаш ғарышқа ұшқан күні, жылы. (1961 жылы 12 сәуірде)

3-30.Салт-дәстүр

Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге ас пісіріп, табақ тартады. Бұл – жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұндай дәстүр қалай аталады. «Ерулік»

1-40. Арнайы сұрақ

Екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба қалаай аталады. Қоржын

2-40. Арнайы сұрақ

Үш санындағы ұшқыр ой.

Үш байлық.Брінші байлық –денсаулық. Екінші байлық –ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.

Үш дана 1.Абай 2. Шоқан 3. Ыбырай.

3-40. Арнайы сұрақ

3 жұрт- өз жұрты, нағашы құрты, қайын жұрты. 3 арсыз – тамақ, ұйқы, күлкі арсыз.

Ойынның төртінші кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 3 катысушы қалады, ұпайы аз 2 оқушы шығады. Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

V кезең - «Ақтық мәре»

Сайысымыздың соңғы кезеңі ақтық мәреге келіп жеткен ойыншыларымыздың ұпай сандарын білсек. Сайсымыздың шарты: Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке тапсырма беріледі. Әр жауапқа 5 ұпайдан қойылады. Мұғалім қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап береді. Мысалы: жыланды інінен қалай шығарамыз. Жылы – жылы сөйлесең жылан інінен шығады.

1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

  1. Қар жана ма? (қалауын тапсаң қар жанады)

  2. Тастың жеңілі бола ма? (керек тастың ауырлығы жоқ)

  3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

  4. Киіз қазық жерге кіре ме? (тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді)

  5. Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)

  6. Қой мен қасқыр ойлана ма? (қойдың ойлағаны – амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

  1. Жігітті шал деген жөн бе? (жаман жігіт жасында шал болады)

  2. Ең тәтті не? (ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

  3. Адамның қай мүшесі қорқақ? (көз қорқақ, қол батыр)

  4. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)

  5. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)

  6. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (шашу оңай, жинау қиын)

3-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

  1. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

  2. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)

  3. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (ер бір рет, қорқақ мың рет өледі)

  4. Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)

  5. Отан неден ыстық? (Отан оттан да ыстық)

  6. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (отан үшін отқа түс, күймейсің)

  7. Шошқа үре ма? (ит жоқта шошқа үреді)

Бесінші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай саны жағынан алда болған ойыншы алтыншы кезеңге өтіп бүгінгі ойынның көшбасшысы болады.

VІ кезең - «Көшбасшы». Құрметті әділ-қазы алқалары сіздер сайысымыздың қорытындысы бойынша ұпай саны көп, бүгінгі ойынымыздың көшбасшысын анықтап берсеңіздер.

Тарих менің – өткен шағым, өркенім

Тарих менің – болашағым, ертеңім

Тарих менің – сайын далам, жер көгім

Тарих менің – арман ойым өрнегім

Тарихымды білмесем

Шат-шадыман күлмесем

Жер бетінде сайраңдап

Қазақ болып жүрмесем!
- деп бүгінгі біздің сайысымыз аяқталды, қатысқандарыңыз үшін рахмет. Жеңісті күндерде жолыққанша!

Қорытынды.

Сөз кезегі әділ – қазы алқаларында. Бүгінгі ойынның жеңімпазын анықтап, марапаттау.




1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді?
( 1 - желтоқсан)
2. 22 - қараша 2012жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен ерекшеленді? (ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда.Оның жас елордасы Астанада өтетіндігі)
3. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?( алдында отырған)
4. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО - ң қандай сыйлығымен марапатталды?
( «Әлем қаласы» )
5. Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)
6. Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)
7. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады
8. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)
9. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент)
10. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға қашан келді? (1993ж. 15 - қараша)
12. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды?( 2003 ж)
13. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?( 1989 ж. 22 - қыркүйек)
14. Неге Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемдеріне дейін ( 97м) символдық мәні бар дейді?( Елорда Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді
15. Қазақстан 2010ж. қандай халықаралық ұйымға төрағалық етті?( ЕҚЫҰ)
16. Қазақстанда Президент сайлауы қанша рет болды?( 1991, 1999, 2005, 2011,)
17. Конституцияда не туралы жазылған?( құқық пен міндет)
18. ҚР – ң Премьер Министрі кім? ( Серік Ахметов)
19. Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі ( теннис)
20. «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың президенті? (Олжас Сүлейменов)