Файл: Тексерілді доіжо.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді: ДОІЖО

Білім беру ұйымының атауы

Б.Садықов атындағы ЖОМ

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Алимкулова М

Күні:

26-27.01.2023ж

Сыныбы: 1

Қатысушылардың саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Желідегі қажетсіз байланыстар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсінеді.

Желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну.

Желідегі ақпараттың түрлерімен жұмыс жасайды.

Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

Оқушылар мұғалімнің сөзін мұқият тыңдайды

  • Сурет бойынша оқушылар өз ойларын айтады.




Бағалау критериі оқушылар интернеттегі қауіпсіздікті біледі





Сабақтың ортасы


Мұғалімнің сөзі. Жаңа сабаққа кіріспе. «Білетініңіздің барлығы» әдісі.

Интернетте қызықты ақпарат көп. Оны қолданғанда сақ болу керек. Интернеттің өз қарақшысы, вирусы және ұрысы бар. Интернетке өзің жайлы жеке ақпарат қойма (3-сурет). Бұл ақпаратты теріс пиғылды адамдар пайдаланып саған зиян жасайды. Өз қауіпсіздігің үшін интернетті пайдалану ережесін сақта.Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орында. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді. Суреттің қайсысы саған таныс? Қарандашпен бояу Оқушылар бейне баянға қарап билейді.Көңілді күн әні

Оқушылар топтық жұмыста бір-бірімен ақылдасады, ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығарады. Өз көзқарастарын топ арасында айтады.Тапсырманы орындап бір біріне сәйкестендіреді. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау

Оқушылар тақырыпты оқуға кірісудің басында жаңа білім туралы не білетінінің барлығын айтады.

  • Берілген тапсырмамен танысады.

  • Жеке-жеке орындайды.

  • Берілген жауап парағымен танысып тапсырманы орындайды

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Интерактивті тақта

Жұмыс дәптері.


Сабақтың соңы
Рефлексия.


«Тілек ағашы» әдісі.

Оқушылар сабақта қандай білім алғанын және не түсінгенін айтады.
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойлану. Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Сабақтағы қорытынды бағалауын шығарады.