Файл: Таырыбы Кернеулер резонансы. (2 саат) Жмысты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Зертханалық жұмыс № 8

Топ 21 – ЭМ – 2

Оқушының аты – жөні _________________________________________

Тақырыбы: Кернеулер резонансы. (2 сағат)

Жұмыстың мақсаты : Тізбектеп жалғанған орауыш пен конденсаторы бар тізбектің кернеулер резеонансын алу, жиіліктің ω = ωр, ω < ωр, ω > ωр мәндерінде тізбектегі әсер етуші ток I пен кернеулердің U, UL, UС мәндерін өлшеу.

Зертханалық жұмысты жүргізуге керекті құралдар: зертханалық стенд, конденсатор С = 1 мкФ, орауыш, мултиметрлер, реттелетін синусоидалы кернеу көзі, жалғау сымдары және макеттік тақта.

Зертханалық жұмысты жүргізу:

  1. Шамасы төмен актив кедергілі индуктивтілік есебінде орам саны 300 - дік трансформатор орамының екі бөлек өзекшелерінің арасына қағаз қойып, кондесаторлар жиынтығынан сыйымдылығы С = 1 мкФ конденсатор алынып берілген тізбекті стендте жинаңдар.



  1. Реттелетін синусоидалы кернеу көзіндегі, тізбекке берілетін кернеу мәнін 2 В және жиілігін 500 Гц – ке қойыңдар.

  2. Тізбекті реттелетін синусоидалы кернеу көзіне қосып жиілікті өзгерте отырып кернеулер резонансын жасаңдар.

  3. Кернеулер резонансы кезіндегі f = f0 және f ≈ 0,75f0, f ≈ 1,25f0 мәндерінде өлшеулер жүргізіп берілген кестені толтырыңдар.



  1. Бір координаттар жүйесінде масштабпен кернеулер резонансы кезіндегі U = ƒ(I), UL = ƒ(I), UС = ƒ(I) тәуелдіктерінің графиктерін тұрғызыңдар, зертханалық жұмыстың қорытындысын жазыңдар.