Файл: Зертханалы Жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



№7 зертханалық жұмыс

Денешынықтыру жаттығуларының жүрек

жұмысына әсерін зерттеу

Жұмыс мақсаты:жүрек жиырылуының жиілігі мен дене жүктемесінің арасындағы өзара байланысты анықтау.

Құрал-жабдықтар:оқулық,секундомер немесе секундтық тілі бар сағат.
Жұмыс барысы

1.Тамыр соғуының теориялық негіздемесі және оны өлшеу әдістемесімен танысу.

Пульс (лат.пульсус-соғу,соққы)-жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуына байланысты артерия қабырғасының ырғақтық тербелісі.Жүрек жиырылғанда қан жоғары қысыммен,күшпен ұлғаятын қолқаға айдалады.Қолқа қабырғасы тербеле бастайды.Сосын тербеліс артерия қабырғасы бойынша тез таралады.Бұл тербеліс тамырдың соғуы деп аталады.Білезіктің іш жағына,мойынды екі жағынан,самайды саусақпен басып,тамырдың соғуын анықтауға болады.Тамырдың соғуы арқылы 1 минуттағы жүректің жиырылу санын анықтауға болады.

2.Отырып,өздеріңнен тамырдың соғуын табыңдар.1 минуттағы жүректің жиырылу санын санаңдар.

3.Тұрыңдар және 1-2 миунттан кейін тұрған кездегі тамырдың соғуын есептеңдер.

4.20 рет отырып,тұрыңдар.Сосын тамырдың соғуын санаңдар.Кестені дәптерге сызып алып,барлық алған деректеріңді жазыңдар.


1 минуттағы тамырдың соғу саны


Тыныш күйде

20 рет отырып,тұрғаннан кейін

Отырған кезде

Тұрған кезде








Қорытынды жасаңдар.Жүректің жиырылу санының неліктен өзгергенін түсіндіріңдер._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№8 зертханалық жұмыс

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу
Жұмыс мақсаты:өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.

Құрал-жабдықтар:сұйық,ауа немесе электрондық спирометр.

Жұмыс барысы

1.Спирометр жұмысымен танысыңдар

2.Отырып,барынша терең тыныс алыңдар.Спирометрге бүкіл деміңді шығарыңдар


3.Өз ӨТС көрсеткіштеріңді дәптерге жазыңдар.

4.Өз ӨТС көрсеткіштеріңді анықталған нормамен салыстырыңдар.Өз өкпелеріңнің функциялық даму деңгейі туралы қорытынды жасаңдар.

Қорытынды:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№9 зертханалық жұмыс

Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы.

«Сүйектің химиялық құрамы» деген көрнекі көрсетілетін тәжірибе

Жұмыс мақсаты:табиғи және өзгертілген сүйектің микроскопиялық және макроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымының әртүрлі құрамбөліктерінің рөлдерін анықтау.

Құрал-жабдықтар:сүйек ұлпасының микропрепараттары,сүтқоректі жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері,жануарлардың күйдірілген және кальцийсіздендірілген сүйектері,препараттық ванна немесе табақ.


Жұмыс барысы

1.Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар.Мынадай элементтерді анықтаңдар:

-тығыз сүйек заты;-кемікті зат-оның пластиналары қай бағытта орналасқанына назар аударыңдар;-сүйекқапты табыңдар.Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма?-сүйек басынан гиалинді табыңдар;-қуысты-сары сүйек кемігін табыңдар;-зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар.

2.Сүйектің микроскопиялық құрылысын қараңдар.Мынадай элементтерді анықтаңдар:-сүйек цилиндрлерінің пластиналары;-остеоциттер және олардың өсінділері;-остеондардың орталық қуысы.

3.Сүйектің үш:күйдірілген,кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген типтерінің қасиеттерін көрнекі түрде зерттеңдер.

-Барлық үш сүйекті созып көріңдер.Кальцийсіздендірілген сүйек қандай қасиетке ие?

-Барлық үш сүйекті иіп көріңдер.Күйдірілген сүйекті игенде не болады?Ол қандай қасиетке ие?

Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырыңдар.Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.


Сүйек типтері

Созу

Ию

Құрамының

өзгеруі

Алынған нәтиже себептері

Қалыпты












Кальцийсіздендірілген












Күйдірілген














Сүйек элементтері мен сүйек ұлпасының,оның химиялық құрамбөліктері мен қасиеттерінің өзара байланысы туралы қорытынды жасаңдар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Зертханалық жұмыс

Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу
Жұмыс мақсаты:дайын микропрепараттар арқылы бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар:микроскоп,бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтарының дайын микропрепараттары.
Жұмыс барысы

1.Бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысын қараңдар.Олардың пішіндерін анықтаңдар.

2.Олардан ядроны табыңдар.Ядро цитоплазмада мембранаға қатысты қалай орналасқан?

3.Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының тип тармақтарында цитоплазмасының боялуы қалай ерекшеленеді?

4.Жүрек және қаңқа ұлпасы жасушаларының негізгі айырмашылықтарын табыңдар.Олардың жасушалары бір-біріне қалай бірігіп жатады?

5.Өздерің көрген жасушалардың суретін салыңдар.Оның негізгі бөліктерін көрсетіңдер.

6.Олардың құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?Қорытынды жасаңдар.


Кестені толтырыңдар.



Белгілері,ерекшеліктері

Бірыңғай салалы

Көлденең жолақты

Қаңқа

Жүрек

Ядро саны









Ядроның орналасуы









Жасушалардың пішіні









Цитоплазманың боялуы









Жасушалардың өзара байланысуы









Ағзада орналасуы









Қызметінің ерекшеліктері









Қорытынды: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Зертханалық жұмыс

Көру қабілетін зерттеу

Жұмыс мақсаты:көру өткірлігі мен көру өрісін анықтауды үйрену

Құрал-жабдықтар:көру өткірлігін анықтауға арналған кесте,ұзындығы 5 метрлік рулетка,нұсқар,сантиметрлік таспа.

Жұмыс барысы

1.Кестені жарық жақсы түсетін жерге іліп қою керек.Егер жарық жеткіліксіз болса,оған қосымша электр шамымен жарық түсіріңдер.

2.Зерттелетін оқушыны кестеден 5 м қашықтықта орындыққа отырғызу керек.Оған бір көзін алақанымен немесе қалқанмен жабуды сұраңыз.

3.Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп,атауды сұраңыз.Жоғары қатардан бастап ең төменгі қатарға түсіңіз.

4.Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса,демек,көру қабілеті қалыпты деп есептеледі.

5.Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м қашықтықтан ажырата алмаса,оған окулистке қаралу керек.

6.Көру өрісін анықтау үшін қолдарыңа картина алыңдар.
Жазбаша қорытынды жасаңдар.

-Көру өрісі қалыпты ма?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Зертханалық жұмыс

Есту ерекшеліктерін зерттеу(есту қабілетін анықтау)

Жұмыс мақсаты:есту қабілетін анықтау

Құрал-жабдықтар:сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте,7 м-ден кем емес рулетка

Жұмыс барысы

Жұппен жұмыс істеу керек:алдымен бір оқушы зерттелуші,екіншісі зерттеуші рөлін атқарады.Сосын рөлдерін ауыстырады.

1.Толық тыныштықта 6,5-7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөзді сыбырлап айтады.

2.Зерттелуші кезек-кезек біресе оң,біресе сол құлағын жауып,зерттеушінің сөзін қайталайды.Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алады.

3.Егер айтушының сөзі қате болса,арақашықтық біртіндеп 5 м-ге дейін қысқартылады.

Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:


Жиілігі төмен сөздер Жиілігі жоғары сөздер

Бала Рига Вагон Саша Шұжық Басқа

Дәм Бөбек Мәре Жас Шұлық Босқа

Олжа Дін Өрік Шаш Тас Тіс

Үкі Қайрат Қалам Шай Құлық Шу

Мәре Ұн Өгіз Сіріңке Зат Шайға


Есту қабілетің туралы қорытынды жаса.Қалыпты есту 6 м-ден алыс қашықтықта,ал нашар есту 5 м-ден аз қашықтықта сыбырлап сөйлеуді анықтауға байланысты екенін ескеріңдер.


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Зертханалық жұмыс

Соқыр дақты анықтау.Түстерді алмастыра отырып,сүйек және ауа

өткізгіштігін анықтау

Жұмыс мақсаты:торлы қабықтағы соқыр дақты табу.Түстерді алмастыра отырып,сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау.

Құрал-жабдықтар:соқыр дақты анықтауға арналған суреттер,түрлі түсті

бояулар:қызғылт,қызғылт сары,сары,жасыл,көк және т.б., қылқалам,суы бар ыдыс.Тербеліс жиілігі 128 Гц және 2048 Гц болатын екі камертон.

Жұмыс барысы

1.Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақаныңмен жауып тұрып,қолдарыңа картина алыңдар.Қолсозым арақашықтықтан оң жақ көзіңмен қара түсті дөңгелекке қараңдар.

2.Ақырын суретті көзіңе жақындата отырып,екі геометриялық пішінді бір мезгілде көруге бола ма?Соны анықтаңдар.

3.Көзден қандай арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді?Бұл арақашықтықтың шамамен 15-25 см болуы мүмкін бе?

4.Оң жақ көзіңді жауып тұрып,сол көзіңмен де осы тәжірибені қайталап көріңдер.Бір бейненің жоғалып кететін арақашықтығы сәйкес келе ме?

5.Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кететінін анықтайтын нақты білім саласы бола ма?

6.Шыны сынауықтың 2/3 бөлігін сумен толтырыңдар.Қылқаламмен,бояудың мөлшері бірдей болатындай етіп,сынауыққа азғана бояу салыңдар.

7.Таза сынауықтарға мынадай түсті бояуларды араластырыңдар:жасыл/көк;сары/қызыл;қызыл/көк;қызғылт сары/жасыл.

Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған 3/1 бөлігіне дейін құйыңдар.

8.Оларды бастапқы түсімен салыстырыңдар.Нәтижесін сипаттап жазыңдар.

9.Камертон браншты алақанға (С128)немесе тізеге(С2048) бірдей күшпен соғу арқылы дірілдетеді.Камертон аяғын саусақпен жайлап ұстау керек екенін есте сақтау қажет.(оның дірілдеуін тоқтатпау үшін).

10.Ауа өткізгіштігін анықтау үшін камертонды сыртқы есту түтігіне құлаққа тигізбейтіндей етіп жақындатады.Камертонның екі браншы да,сыртқы есту түтігінің тесігі де жалпы бір жазықтықта болуы керек.*Есту мүшесінің бейімделмеуі және шаршамауы үшін әрбір 4-5 с сайын камертонды алыстатып,қайтадан құлаққа жақындату қажет.

11.Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады.Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.

12.Сүйек өткізгіштігін зерттеу үшін камертон аяғын емізікше тәрізді өсіндіге тақап қояды.

13. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады.Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.