Файл: Болша жоары колледжі Электронды техника кафедрасыны ткізген апталыыны есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Болшақ» жоғары колледжі

«Электрондық техника» кафедрасының өткізген апталығының

ЕСЕБІ

«Электронлық техника» кафедрасының апталығы 01.03.2021-05.03.2021 аралығында өткізілді. Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты ашық сабақтар онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жүргізілді.

01.03.2021ж. Кенжаев А. ШТББ 9г-20 тобына «Операциялық жүйелер» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйелер бойынша білім, білік дағдысын қалыптастыру, Windows oперациялық жүйесімен жұмыс істей білуі, білім алушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

Сабақ барысында «Операциялық жүйелер» тақырыбын толық қамтып өтіп, қосымша тапсырмалар беріп, сұрақтар қою арқылы бағалады.





02.03.2021ж. Сеитова Г. ЕТ-9г-19РБ тобына «Архивтеу бағдарламасы» тақырыбында онлайн форматта Zoom платформасында жүргізді. Сабақтың мақсаты: Ақпаратты архивтеу және архиваторлар жайлы түсінікті қалыптастырып, файлдарды архивтеу мүмкіндіктерін үйрету. Жоспарланған іс-әркеттер бойынша сабақ барысында білім алушыларға сұрақтар қойып, кері байланыс орнатылды. Тақырып кең ауқымды түрде түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар беріп жауаптар алынды.





03.03.2021ж. Түймебек Б.М. ЕТ-9г-18 тобына «Word Press бағдарламасында сайт жасау» тақырыбында онлайн ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Word Press бағдарламасында сайт жасап үйрету.






04.03.2021ж. Колледждің акт залында «Саналы ұрпақ - болашақтың кепілі» сайыс өткізілді. Сайыстың өзектілігі сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін, сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін білім алушы үшін түсіндіріп өту.

Сайысқа 4 команда қатысты. Олар өз кезегінде «Парасат», «Адал», «Болашақ», «Жемқорлықсыз –жарқын болашақ» топтары.





Сайыс 4 турдан тұрды: 1-тур. Командалар өз топтарын таныстырып өтті. 2-тур. Өз ойларын плакат бетіне түсіріп, сурет салу арқылы сайысты. 3-тур. Сұрақ-жауап сайысы. Әр топқа екі сұрақтан тұратын карточканы алып, ондағы сұрақтарға жауап берді. 4-тур. Топтар тақырыпқа байланысты көріністер көрсетті.

Сайыстың соңында әділ қазылар әділ бағасын беріп, үздік деген үш орынды белгіледі.

І-орынды АС-9-20, А-9-20 тобының студенттері «Жемқорлықсыз –жарқын болашақ» тобы.

ІІ-орынды МДТ-9г-20 тобының студенттері «Парасат» тобы.

ІІІ-орынды МДҚБ-11г20 және ББ-9г-20 тобының «Адал» және «Болашақ» топтары иеленді.


Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күш болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.

05.03.2021ж. Акт залда «Көрікті көктем аруы» тақырыбында қыз сыны байқауы өткізілді. Байқауға 7 ару қатысты.



Қыз сыны байқауы 5 кезеңнен тұрды.

1. Таныстыру – арулардың өздерін таныстыруы.



2.Сұрақ-жауап – сайыскерлер салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтарға жауап береді.

3. Өз өнері – аруларымыз бойларындағы өз өнерлерін көрсетеді (ән-би)

4.Үй тапсырмасы – қыздарымыздың аспаздық өнерлері сынға түседі.

5. Шаш сәндеу





5 кезеңнің қорытындысы бойынша :

Бас жүлде: «Көрікті көктем аруы» титулын ТК-11г-20 тобының студенті Балтабай Динара

1-орын ШТБ-9г-20 тобының студенті Өтебай Индира

2-орын АС-9-20 тобының студенті Кенжебекова Баян

3-орын ББ-9-20 тобының студенті Даумбет Жансая иеленді.
Қалған қыздар «Көрікті ару», «Өнерлі ару», «Көрермендер көзайымы» номинацияларына ие болды.