Файл: Мейіргер ісі кафедрасы 0447222( ).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Мейіргер ісі» кафедрасы

044-72/22-(_)

5 беттің беті

Өндірістік тәжірибенің есебі





2021-2022 оқу жылында жүргізілген – өндірістік

тәжірибенің есебі
Өндірістік тәжірибенің атауы: «Қарт науқастарға мейіргерлік күтім»

Мамандық:09130100 - «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»

Курс:1

Сағат көлемі: 144 сағат

Семестр: 2

Шымкент, 2022 ж

2021– 2022 оқу жылы жүргізілген өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру, өткізу және нәтижелері есебі.

«Қарт науқастарға мейіргерлік күтім» өндірістік тәжірибесі 1 курс 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығының 5АВ09130101- «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі студенттеріне арналған оқу бағдарламасының құрамды бөлігі, ол оқу процесін ұйымдастырудың бір түрі болып табылады. С-МІҚБ-01-21, С – МІҚБ -02.21, С – МІҚБ -03.21, С – МІҚБ -04.21, С – МІҚБ -05.21, С – МІҚБ -06.21, С – МІОБ -07.21 топтарының студенттері бекітілген кестеге сәйкес, 30.05.-24.06.2022ж. аралығында «Қарт науқастарға мейіргерлік күтім» деп аталатын өндірістік тәжірибесі өтті.
Тәжірибе мақсаты:

  • Егде және кәрілік жастағы пациенттердің денсаулық жағдайын бағалау бойынша терең жүйелі білім қалыптастыру;

  • Егде және кәрілік жастағы пациенттерге күтім көрсетудің теориялық және практикалық негіздерін үйрету;

  • Стационарда және үйде қарт пациенттерге медициналық көмек көрсету принциптерін оқыту;

  • Гериатрияның кәсіби этикасы мен деонтология принциптерін үйрету.


Тәжірибенің шаралары:

  • Науқастарды сұрастыру.

  • Науқасты субъективті және объективті зерттеу әдістерін жүргізу.

  • Лабораториялық анализге науқасты дайындау.

  • Науқастан қан алу, зәр жинау.

  • Науқастан лабораториялық зерттеуге нәжіс алу, қақырық жинау.

  • Науқасты эндоскопиялық зерттеулерге дайындау.

  • Науқасты рентгенологиялық зерттеулерге дайындау.

  • Науқасты ультрадыбыстық зерттеуге дайындау.

  • Тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдыққан науқастарды зерттеу әдістері.

  • Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына шалдыққан науқастарды зерттеу әдістері.

  • Науқасты асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеулерге дайындау.

  • Несеп шығару жүйесінің ауруларына шалдыққан науқастарды лабораторлы-аспапты зерттеу әдістері.

  • Эндокринді жүйелер аурулары кезіндегі науқастарды лабораторлы-аспапты зерттеу әдістері.

  • Қан жүйесінің ауруларына шалдыққан науқастарды лабораторлы-аспапты зерттеу әдістері.

  • Сүйек – бұлшық ет жүйесінің ауруларына шалдыққан науқастарды лабораторлы-аспапты зерттеу әдістері.

  • Артериалды қан қысымын өлшеу.

  • Тыныс алу жиілігін және тамыр соғуын анықтау.

  • Оксигенотерапия.

  • Асқазанды шаю.

  • Клизмалар.

  • Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.


Мейірбикенің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды сақтау және ұжымда қатынастарды реттеу. Тәжірибенің алдында кафедраның тәжірибе жетекшісі ретінде белгіленген оқытушылар керекті дайындық жұмысын өткізеді. Тәжірибенің бағдарламасына сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, сонымен бірге күнделікті толтыру және есепті құрастыру бойынша кеңес береді.
Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі:

Өндірістік тәжірибесін өткеннен кейін, керекті міндетті оқу дәрежесіне ие болуы керек:

  • түрлі міндеттер мен проблемаларды жеке және топпен шығармашылықпен шешуге қабілетті, қызметінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану және енгізу.

  • мейіргерлік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.

  • мейіргерлік істе түрлі емделушілер мен топтарды оқыту үшін әдістер мен материалдардың кең ауқымын меңгерген.

Өндірістік тәжірибенің базалары

ОҚМА және келісім шартқа отырған өндірістік тәжірибенің базалары болып төменде аталған мекемелер тағайындалды:

1. №1 Қалалық клиникалық аурухана.

2. «Қарт науқастарға мейіргерлік күтім» өндірістік тәжірибеде аурухана туралы толық танысу сонымен қатар санитариялық режиімін сақтау. Нұсқаулықтың нәтижелері техника қауіпсіздігі жөнінен арналған арнайы журналға енгізілді.
Өндірістік тәжірибе өтуі

«Қарт науқастарға мейіргерлік күтім» өндірістік тәжірибесінің жүргізілу ұзақтығы – 15 күнді құрады.

Жұмыс күнінің ұзақтығы – 7,20 академиялық сағат болып есептелді.

Кафедра жетекшілері мен базадағы жетекшілердің қолында 1 – курс 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығының 5АВ09130101-«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі өндірістік тәжірибенің жұмыс жоспарында тәжірибенің мақсаты, міндеті, бағдарламаның құрылымы, әртүрлі қызметтегі жүргізілген жұмыстардың жоспары мен қызметі, сонымен қатар дифференциалды сынаққа қойылатын негізгі талаптар көрсетілді.

Әр студенттің қолында тәжірибеге арналған күнделіктері болды, ол күнделікте студенттер тәжірибе уақытында атқарған жұмыстары жөнінде жазып отырды.


Күн сайын аталған күнделікті базадағы жетекшілер мен кафедрадағы жетекшілер қол қойып отырды.

Тәжірибенің соңында студенттер күнделікке өз есептерін жазып, әр студентке мінездеме берілді.

Күнделіктің соңына тәжірибенің жетекшісі және аға мейіргер қол қойды.

Күнделік-есепті бақылаудың түрлері:

Кафедра оқытушысы өндірістік тәжірибе жетекшісі болып табылады және тәжірибенің өту тәртібін бақылайды:

  • студенттердің қатысуын;

  • күнделік-есептің өз уақытында толтырылуын және дұрыстығын;

  • студенттердің өндірістік тәжірибесін өту барысында жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуін;

  • студент-тәжірибеші жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы, жайлы білімдерін тексеру.

Тәжірибенің сонында кафедраның оқу тәжірибесінің жетекшісі өндіріс орнындағы жетекшімен бірлесіп студенттерге мінездеме құрастырады.
Өндірістік тәжірибесінде студенттердің тәжірибелік қызметтерінің түрлері:

Орындалатын жұмыс түрлерінің кезектілігі өндіріс орнындағы жетекші кафедрадағы тәжірибе жетекшісімен бірге бағдарламаға сәйкес құрастырған график бойынша орындалады.

Қорытынды бақылау-есеп

Өндірістік тәжірибесі бойынша қорытынды бақылауда өту үшін студент кафедраға мынандай құжаттарды ұсыну қажет:

Толық толтырылған тексерілген және тәжірибе жетекшісінің қолы қойылған оқу тәжірибесінің күнделігі, куәландырылған адамның қолымен өндірістік сипаттамасы, оқу тәжірибесін ұйымдастыру және өткізуді жақсарту үшін ұсыныстары бар оқу тәжірибесінің есебі.

Студент өндірістік тәжірибе соңында дифференциеленген сынақ тапсырады.
«Қарт науқастарға мейіргерлік күтім» өндірістік тәжірибесінің нәтижелері








Топ

Студ саны

Тапсырды

өте жақсы

жақсы

қан-лық

қан-сыз

жібері-меген

келмеді

Орта балы

Сапа көрс.

1

С-МІҚБ 01-21

20

-

20

-

-

-

-

4

100%

2

С-МІҚБ 02-21

25

-

25

-

-

-

-

4

100%

3

С-МІҚБ 03-21

24

-

24

-

-

-

-

4

100%

4

С-МІҚБ 04-21

22

-

22

-

-

-

-

4

100%

5

С-МІҚБ 05-21

27

-

27

-

-

-

-

4

100%

6

С-МІОҚБ 06-21

30

-

30

-

-

-

-

4

100%

7

С-МОҚБ 07-21

5

-

5

-

-

-

-

4

100%

Барлығы:

153




-




-




-

4

100%



Сонымен, «Қарт науқастарға мейіргерлік күтім» өндірістік тәжірибесінің нәтижелері бойынша 153 студент жіберілді.

Дифференциеленген сынақтың нәтижесі бойынша оқу тәжірибе бағдарламасы толық көлемде орындалғаны, жақсы деңгейде өткені дәлелденді –100% құрады.

Дифференциалды сынақтың нәтижесі бойынша өндірістік тәжірибеге 153 студент қатысты.

Сонымен, 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығының 5АВ09130101- «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша «Қарт науқастарға мейіргерлік күтім» өндірістік тәжірибені студенттер толығымен меңгеріп, дифференциалды сынақты өз уақытында тапсырды – орта балы курс бойынша 4 құрады.
Өндірістік тәжірибе бойынша есебі кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
Хаттама ____ «____» _______ 2022 жыл.

Кафедра меңгерушісі Б.Д.Серикова

Оқу тәжірибеге жауапты,

оқытушы Н.Ж. Шоланбаева