Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Балдыран ббекжай башасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы

«Балдырған» бөбекжай бақшасы

Ересек (1 пта)

Топ: «Айкөркем»

Балалардың жасы: 4 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 16.01 - 20.01.2023 жыл


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: демалыс күндерін қалай өткізгендері жайлы сұрау. Қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру.

«Таза қолдар» Қол жуу.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру.

Үйде балалардың ата-аналарына қалай көмектесетіндері, бала қалай демалды туралы сұрау.

Балалардың дербес әрекеті, (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындар, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен заттық дамытушы орталықтарында еркін ойындар ұйымдастыру.

Балалар өз бетінше сурет салу, боямақтар бояу, құрастыру, кітаптар бұрышындағы ертегі кітаптарды қарау, табиғат бұрышындағы еңбек (бөлме гүлдерін суғару, күту, баптау)

Балалармен жеке жұмыс.

Таңертеңгі жаттығу

Тaңғы жaттығy №1 кешен құралсыз

Картотека №1 Музыкамен әртүрлі қимылдар жасау .

Таңғы ас

Ойын-жаттығу:

Біз гүлдерше өсеміз,

Таңғы асты ішеміз.

Сабақтарды оқимыз ,

Білімді болып өсеміз.

Сиқырлы сөз : Астарың дәмді болсын

Ұйымдастырылған іс – әрекетке дайындық

Балалардың көңілін оқу іс – әрекетіне аудару.


Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка маманының жоспары

Дене шынықтыру маманының жоспары

Қазақ тілі


Музыка маманының жоспары

Дене шынықтыру маманының жоспары

Дене шынықтыру маманының





1.Сөйлеу дамыту Оқу мақсаты:Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейту, қысқы табиғаттағы әсемдікті көре білуге, сезінуге үйрету.

Жұмбақтар жасыру:

1.Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолын тоңады.Қар

2.Тікен,тікен,тік тік біткен.

Қысы,жазы бір түсте Шырша

3.Қыста шыны боп қатады

Жылыды су болып қалады.Мұз
Суретпен жұмыс

Балалар,

-Мына суретке назар аударыңдар. Не көріп тұрсыңдар?               -Дұрыс айтасыңдар, яғни  қыстың суреті. Сурет бойынша өз  ойларыңмен бөлісіңдер (өз ойларын ортаға салады).                               Қыста күн суық болады қар жауады.

Қыс мезгілінде не істейсіңдер?

Тіл дамыту жаттығулары

Ыс-ыс-ыс- далаға келді қыс.

Ар-ар-ар жерге түсті қар.

На-на-на біз тебеміз шаңа.

Ла-ла-ла қардан жасадық аққала.
Дидактикалық   ойын:

«Аққала құрастыр»

 Ойын шарты: балалар пазл бөлшектерін дұрыс құрап, аққала жасау керек.

Ортаға топтың бір мүшесі шығып өз жұмыстары туралы айтып,қорғайды.
Дидактикалық ойын: «Не артық»

Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылатын артық киімдерді табу керек . Табылған артық киімдерді қай мезгілде киеді.
Музыка

Пән жетекшімен өтеді      

Оқу мақсаты: Шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, өзбетінше ретімен қайталап айтуға өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.

Қасқыр мен түлкі ертегісі

Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр:

– Түлкім-ау, неге ішің тартасың? – дейді. Түлкі:

– Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жартастан әкең баяғыда секіріп еді, баласы әкесіндей секіре алады дейсіз бе, – дейді. Қасқыр оған сеніп «мені де сынап көрші, секірейін», – деп жартасқа үш келіп, үш рет қайтады. Түлкі сақылдап күледі. Қасқыр сұрайды:

– Неге күлдің? – деп. Түлкі:

– Атаңа тартқаныңа күлемін, дәл сен сияқты үш келіп, үш кетіп, төртіншіде секіріп еді, – дейді. Түлкіге сеніп, төртіншіде жартастан секіргенде қасқыр байғұстың құлап түсіп, белі сынады. Досының құлағанын көріп, түлкі артынан келіп, көтеншегін суырып алып, мырс етіп күледі. Қасқыр:

– Неге күлдің, түлкім? – дейді. Түлкі:

– О, ақымақ! Баяғыда әкеңді де мақтап-мақтап секіртіп, көтеншегін суырып жепем, – дейді.
-Балалар , сендерге ертегі ұнады ма?

-Түлкі қандай аң екен? (сөйлеу дамыту)
Дидактикалық ойын:

«Ненің құйрығы»

Аңдардың құйрықтарың сәйкестендіру

Музыка

Пән жетекшімен өтеді. Көркем әдебиет

Оқу мақсаты:Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету. бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру

Жұмбақ жасыру

«Мысық»

Кеудесі –тікбұрыш,

Басы- дөңгелек,

Екі құлағы- үшбұрыш,

Құйрығы – төртбұрыш,

Екі көзі – дөңгелек,

Төрт аяғы – тікбұрыш,

Ауызы – үшбұрыш,

Тікіреніп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып,керіліп,

Беті-қолын жуады. Бұл не?
Ерте,ерте ертеде геометрия патшалығын Математика қаласында фигуралар көшесінде сиқырлы геометриялық фигуралар,яғни шаршы,шеңбер,үшбұрыш,тікбұрыш тұрыпты.Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты «Кім күшті?» деп бір-бірімендауласады.Шаршы айтады:- Мен ең күштімін,менің барлық қабырғаларым тең және мен барлық жерде ең мықтымын.Оның сөзін шеңбер бұзып: Бекеерден бекер сөйлеме,кімге керек сенің тік бұрыштарын?Міне, мен ешқандай бұрышсызбын,дөңгелекпін,көңілдімін.Менде не басым,не аяғым жоқ.Сөзге үшбұрыш араласады: дауласпаңдар,барлығы біледі үшбұрыш күшті екенін.Біз орындарымызды ауыстырып әр түрлі бұрыштармен бірге бола аламыз.Дау ұрыс қырылысқа айналды.Барлығы бір-бірін тыңдамай у-шуға айналды. Тек қана тікбұрыш оларға қарап үндемей тұрды.Не болып жатқанын түсінбеген тікбұрыш біраз тұрып сөзге кірісті.-Неге ұрысып жанжалдасасыңдар? Сендер барлықтарын жақсы фигураларсыңдар және адамдарға қажетсіңдер. Адамдар біздерді құрылыста пайдаланады. Әрбір үйде шаршы,шеңбер,үшбұрыш,тікбұрыш тәрізді заттар бар.Біз туралы адамдар зерттейді,балаларда бақшада оқиды. Олар бізсіз еш нәрсе істей алмайды,біз оларға керекпіз.Адамдар бізді жақсы көреді.Фигуралар үндемей тұрып өздерінің қателескендерін түсінді.Өмірде кімнің күшті немесе мықты екені маңызды емес,ал маңыздысы сен біреуге керексің,біреулер сенің көмегіңе мұқтаж депті тікбұрыш

Сиқырлы геометриялық денелер.
Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.
Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.
Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.
Цилиндр екі тілде осылай аталады. «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды қойып итерсең, ол қозғалады. Мысалы: бірнеше қатар қарындаштың үстіне кітап қойсаң кітап орнынан жылжиды.
Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.(метематика негіздері)

Санау. Тура және кері санау.1, 2, 3, 4, 5.5 4, 3, 2, 1.Дидактикалық ойын:«Қайсысы неге ұқсас?» ойынын ойнату.Текшені көрсету,ал балалар айналасынан пішіні оған ұқсайтын заттарды табады. Қағаздан бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша геометриялық денелерді пішіндерді құрастыру (құрастыру)

Көркем әдебиет

Оқу мақсаты:

бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.

Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындауБірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.

 Ертедебір шал мен кемпірболыпты. Оларбалықаулапкүндерінкөредіекен. Біркүні шал шанасынааулағанбалығынтолтырыпалып, сүйрейалмайкележатады. Оны көргентүлкі, жолынаөтірікөлгенболып жата қалады. Түлкінікөрген шал;- оо, мынатүлкіденшапанғажағажасауғаболадығой, - депойлайды. Тегінолжағакенелген шал, түлкінібалықартқаншанасынасалыпалады. Осыныкүткенқутүлкішалғабілдірмейбір-бірлепбалықтардылақтырыпотырады. Балықтартаусылғасынөзідетүсіпқалады. Бұнысезбеген шал үйіне жете сала, айқайлапкемпіріненсүйіншісұрайды.-Әй, шықбері. Мен сағанқырдыңқызылтүлкісінәкелдім. Әдеміжағажасапаласың. Ендітоңбайсың, - дейді де бұрылыпшанасынақарасабалықта, түлкі де жоқекенінкөреді. Шал кемпіріненәбденұялады. Ал қутүлкі, балықтардыбіртөбеқылыпжиыпалып, рахаттанажепотырады. Оны көріп, ашқасқыркеледі.-Айналайын, түлкіжан, ашыққаннанәлімқұрыпәреңкелемін, маған да берсеңші, - дейді. Түлкіқулығынабасып: «балықжегіңкелсе, суатқа бар да құйрығыңдымалыпқойып, тапжылмайотыр. Таңатқандақұйрығыңдытартсаңболды, балыққатоясың!» - дейді. Аңқауқасқырсуатқакеліпқарайды. Жүзіпжүргенбалықтардыкөріп, көполжағакенелетінболдымдепойлайды. Сосын ойланбастанқұйрығынмалыпотырабереді.Біразданкейіноныңқұйрығықатып шымырлайбастайды. Аңқауқасқырбұлтістепжатқанбалықболар, үркітіп алмайындепотырабереді. Ертеңіндетаңатасуатқажылқыларынсуаруға жылқышыкеледі. Жылқышыныкөргенқасқырқашпақболады. Біраққатыпқалған құйрығы оны орнынанжібермейді. Сөйтіпқутүлкібалықшыны да, қасқырды да алдапсоғыпты. Не істесеңдеойланыпісте, ойланбайісқылсаңжазымболасыңдегенсөзосыданқалыпты.

(сөйлеу дамыту,көркем әдебиет) «Қоян»(мүсіндеу)салынған суретті киып жапсыру (жапсыру)

Қоршаған орта:

Оқу мақсаты: Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту
- Қыс түсімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды сақтап тұрады. Ал, балалар қоян, қасқыр, түлкі, қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүні өседі.

- Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып келеді?

- Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді.

Қасқыр- әлі жететін аңдармен, құстармен қоректенеді, үй жануарлар кездесе қалса ұстап жеп қояды.

Қоян- ағаштардың қабығын кеміреді,шөп шараларды жейді.

Түлкі-түрлі құстар,құстар жұмыртқасы,қар астындағы тышқандармен қоректенеді, балық аулап жейді.

Аю- судан балық аулап, жидек теріп,құстармен қоректенеді, қыс бойы ұйықтайды.

«Ненің баласы» ойын.
Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру
Барысы: Балаларға суретттерді көрсете отырып,
сұрақ қою.
Түлкі баласы ­ жәутік
Қасқыр баласы ­ бөлтірік
Аю баласы ­ қонжық
Қоян баласы ­ көжек


(қоршаған орта)
«Коян» (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)

Серуенге дайындық

Аяқ киімін дұрыс оң киіп, бауларын дұрыс байлауды үйрету. Достарына көмектесу. Қатарда жұптасып, қатарды бұзбай жүруге үйрету. Таза ауада балалармен қандай ойындар ойнауды жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзін-өзіне қызмет еті дағдылары, қол моторикасын дамыту.)

Серуен

Қысқы ағаштарды бақылау. Қысқы табиат құбылыстармен таныстыра отырып, қысқы ағаштарға назарларына аудару.

Жұмбақ жасыру:

Аяз кысып, Өрнек сызып,Терезені торлайды.Қарға омбығып, Бет домбығып, Сырғанап балалар ойнайды.(Қыс)
Еңбек:Ауладағы отырғыштарды қардан тазалау-бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.
Қимылды ойын:

«Шымшық доп».
Мақсаты: Топтасып, тату ойнауға шақыру.

Ойынға қызығушылығын арттыру.

Қарды бақылау. Жұмбақ жасыру.

Мамықтай ұлпа,

Қанттай-ақ

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қашады.
Сұрақ-жауап

Қыс мезгілінде айналатын бәрі-ақ мамықтай не жабады?Қар.
Қардың түсі қандай? Ақ
Қимылды ойын:

Аяз

Мақсаты: Балаларды тез жүгіріп ,секіруге, ептілікке жаттықтыру.

Еңбек: Өз өзіне көмек көрсету.


Бақылау: Суық торғайды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгілінде барлық құстардың жылы жаққа ұшып кететінін, ал

суықторғайдың бізде мекендеп қалатынын, ол қандай аяз болса да тоңбайтынын,

сол себепті суықторғай деп атағанын түсіндіріп көрсету.

Еңбек: Қар күреу.

Мақсаты: Қардың жерге қалың түскенін айтып, қарды күрекпен күреу арқылы

жол жасап, күректі калай ұстау керектігін үйрету.

Жеке жұмыс: Торғай,торғай,тоқылдақ

Жерден дәнді шұқып -ап

Бөтекесі бұлтиып,

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

Мақсаты:Балаларға тақпақ үйрете отырып тіл

байлықтарын молайтып,сөздік қорларындамыту.

Ойын: «Жақсы жаман».

Мақсаты:Балаларды жақсы мен жамандыажырата білуге,жаман нәрселерден аулақ болуға,жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.


Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен

көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне берілген тапсырманы

тиянақты орындауларын қадағалау.

Жеке жұмыс:Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл, Жаңа жылда-жаңа нұр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр.

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді

қатесіз дұрыс айтуға үйрету.

Ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім қабылдауға үйрету.

Бақылау: Қар аралас жаңбырды бақылау.

Мақсаты: Қыста қар аралас жаңбыр да жауатыны туралы түсінік беру.

Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Ойын алаңын ата-аналармен бірлесе отырып безендіру,сырғанақ жасау, аққала соғу.

Жеке жұмыс: Ән: «Көрікті шыршамыз». Мақсаты: Өлеңді жаттату. Әнімен айтқызу.

Қимылды ойын: «Егер…»

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің

қажеттілігін білу.

Серуеннен оралу

Сапты бұзбай, саппен топқа оралу.

Қуанамыз күлеміз,

Бар әлемде сүйеміз.

Қол ұстасып, қуанып,

Достарымен бір жүреміз (сөйлеуді дамыту)

Түскі ас

Түскі ас алдында гигиеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалдарынынң орнын білу, қолды дұрыс сүрт, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы: «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға бетіңді жу»

Кезекшілерді жұмысы: асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою.

Тамақтану: өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, алғыс айту. (Мәдени- гигиеналық дағдылар, өзіне – өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Ереже:

Тамақ ішер кезде енді,

Сөйлемейміз, күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз, білмейміз (сөйлеуді дамыту)

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып, көрпелерін ашып жатуды үйрету. (өзін – өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін баяу музыка тыңдау. Қазақ халық ертегілерін оқып беру (көркем әдебиет)

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Жaлпaқ тaбaндылықтың aлдын aлy мaқcaтындa oртoпeдиялық жoл бoйымeн жүрy. Уманская тыныс алу жаттығулары.

Киімдерін реттелікпен өздігінен киіндіру. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (Өзіне – өзі қызмет еті, дағдылары, ірі және ұсақ моторикасын дамыту)

Тазалық шаралары: Қол жуу

Oйын- жaттығy :

Cылдырлaйды мөлдiр cy,

Мөлдiр cyғa қoлыңды жy.
Жyынcaң ceн әрдaйым,

Тaзa бeтiң, мaңдaйың. (мәдени - гигиеналық дағдылар)

Бесін ас

Кезекшілерді жұмысы: асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою.

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(Мәдени- гигиеналық дағдылар, өзіне – өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті, (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындар, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Жануарлардың мүсінін жасау, қиып жапсыру

(мүсіндеу, жапсыру)

Түлкі, қоян, ағаштағы тиін суреттерің қылқаламмен бояту (сурет салу)

Ірі конструктордан аюдың апаның құрастыру (құрастыру)
Балалардың қалауы бойынша ән айту, қимылды би билету

(музыка)

Би маманының жоспары

Ертегі желісі аңдардың түрлері қандай болады, қиялдап мүсінің жасату (мүсіндеу)

Балалармен жеке жұмыс

 Д\О ойын: «Не?Ненің?Ненікі?»

Із(ненікі?)-тулкінікі,қасқырдікі,....

Құлақ(ненің?)-түлкінің,қасқырдың,....

Бас(ненікі?)-.

Дидактикалықойын: «Не қайдатұрады?»

Түлкі інде.Аю апанында қыстайды. Тиінағашқуысында.


Дидактикалықойын:

«Анасынажетугекөмектес»

Баласыменанасынқарындашпенбіріктіру (қосу) керектігінтүсіндіру.


Дидактикалық ойын:  «Көленкесін тап»Суретте бейнеленген аңдардың көлеңкелерін ажырату. Дұрыс екенін тексеріп, беттестіру.

Дидактикалық ойын.

«Дәл осындай пішінді тап»

Түстеріне қарап қандай геометриялық пішіндерден құралған екенін айту.

Серуенге дайындық

Аяқ киімін дұрыс оң киіп, бауларын дұрыс байлауды үйрету. Достарына көмектесу. Қатарда жұптасып, қатарды бұзбай жүруге үйрету. Таза ауада балалармен қандай ойындар ойнауды жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзін-өзіне қызмет еті дағдылары, қол моторикасын дамыту.)

Серуен

Ойын: «Жақсы жаман».

Мақсаты:Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге,жаман нәрселерден аулақ болуға,жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.

«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» ойыны.
Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл-күймізді жаттықтыра алуға арналады 1.    Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.
2.    Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты, ұядан түсіп қалған балапан сияқты, иттен қорыққан баланы бет-әлпеттеріңмен көрсету керек.
3.    Жылаптұрғанадамдыкөрсету
4.    Жәйкүліп  тұрғанадамдыжәнеқаттыкүліптұрғанадамдыкөрсету.

Шапалақтытыңда.
Балаларшеңберменжүреді. Жүргізушіалақанынсоққандабалаларбіраяқпен , екіретшапалақтағандақолдарынекіжаққасозып , үшретшапалақтағандажүруінжалғастырады.
Қаншадыбысестідіңдер?
Жүргізушібірнешеретқарындашпенүстелдісоғады. Ал, балаларестігендыбыстарынсаусақпенкөрсетеді.

 «Құлақ-мұрын» ойыны.
Балаларшеңбер  бойыментұрады. Тәрбиеші: құлақдепмұрнынұстайды. Ал балаларайтылғанмүшенідұрыскөрсетулерітиіс. Тәрбиешібалалардыңзейіні мен қабылдауынтексерумақсатындаолардышатастырыпатайды.

«Кім сені шақырды, тап»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету
Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Танысашеңбергетурады – шақырған бала ортағатурады.

Кешкі ас

Қол жуу. Тағам құрамымен таныстыру. Дастархан басында дұрыс отырып тамақтануды қадағалау.

Ас болсын!

Дұрыс тамақтану майлықты дұрыс қолдана білу дағдыларын қадағалап отыру.

Балалардың дербес әрекеті, (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындар, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Жануарлардың дене бөліктері қандай пішінге ұқсайды атау.

(математика негіздері)

«Маша мен аю» (үстел-үсті театры) Мақсаты: Ертегі мазмұынын түсіндіре отырып, балаларды адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу (көркем әдебиет)

«Мозайка» құрастыру.

«Түлкі», «Қоян», «Аю»(құрастыру)

Кәрі еменнің түбіне

Бір - біріне үңіле Айтысуға жиналды

Жан - жануар біріге. ... Түлкі айтты. Түлкімін Тұнып тұрған күлкімін Бұлаң - бұлаң, құйрығым Текке өтпейді бір күнім. ... Әй, түлкіжан, мақтанба Сиқырланып ақталма Күшіңді сенің көрейін Қасекең келе жатқанда. ... Қорқынышты атағым Қалың қопа жатағым Қой қораға түсетін Бар ғой аздап шатағым. ...

Балпаң - балпаң, басамын Алтын қырдан асамын Аю деген ағаңмын Аңшы көрсем қашамын. ..... Қайшы құлақ қоянмын Ақшыл түске боялдым Сытыр еткен бұтақтан Елең етіп ояндым.
(көркем әдебиет)

«Ойна да, ойлан» Өлшемдер, заттарды салыстыр,айырмашылығын айт:

 -Үшбұрыштың  неше бұрышы бар?

-Бөлмеде неше бұрыш бар?

-Жолбарыс күшті ме, қасқыр күшті ме?

-Қай жануар үлкен?

-Күн жарық па, түн жарық па?

(математика негіздері

Балалардың үйге қайтуы

Ата аналарды жүргізілетін жұмыспен таныстыру

Үйде жабайы аңдар туралы ертегі оқып беруге кеңес беру

Үйде аңдардың суретін салу,мүсіндеу.

Баланың жасаған жұмыстарымен таныстыру

Апта бойы жасалған жұмыстар жайлы балалармен әңгімелесуге кеңес беру